Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ISAIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 26
Isai Kaz 26:1  Сол кезде Яһуда еліндегі халық мына жырды әндететін болады:«Біздің қала мықты, Құдайдың ӨзіҚабырғалар мен бекіністер іспеттіОны құтқарып, қауіпсіз етеді!
Isai Kaz 26:2  Айқара ашыңдар қала қақпаларын!Қалаға әділ халық ене алсын,Шынымен адал халық кіре алсын!
Isai Kaz 26:3  Әрдайым ойын Саған бағыттағанӘрі сенімін бір Өзіңе артқанЖанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
Isai Kaz 26:4  Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан,Құдай жартастай берік, мәңгі қорған.
Isai Kaz 26:5  Ол өркөкіректерді төмендетеді,Солар тұрған зәулім қаланы күйретеді,Оны түгелдей жерге құлатады,Әрі оның күл-талқанын шығарады.
Isai Kaz 26:6  Бұрын езілгендер қаланы таптар,Иә, кедейлер үстінде аяқ басар.
Isai Kaz 26:7  Тегіс те түзу — жолы әділдердің,Уа, Хақ Тағала, жолды тегістейсіңОй-ниеті адал адамдар үшін.
Isai Kaz 26:8  Сенің шешімдеріңе бағынамыз,Сені күтіп Саған сенім артамыз.Уа, Тәңір, есіміңді қатты ұнатамыз,Есімізге Сені алып тұрамыз.
Isai Kaz 26:9  Жан дүнием аңсайды Сені түнде,Рухым да сағынады таң сәріде.Сен дүниеге сот жүргізген кезіңдеЖердің халқы үйренеді әділдікке.
Isai Kaz 26:10  Зұлымға рақым көрсетілсе де,Бәрібір үйренбейді әділдікке,Тіпті турашыл халықтың еліндеОл әлі де әділетсіздік істеуде,Жаратқанның ұлылығын менсінбеуде.
Isai Kaz 26:11  О, Тәңір, қолың соғуға көтерілген,Бірақ зұлымдар соған қоймайды ден,Өз халқыңды қорғайтыныңды зор ынтаменКөрсетіп оларды ұялтасың Сен.Жауларыңа дайын тұрған от расындаОларды жалмайтын болады да.
Isai Kaz 26:12  Ал бізге, уа, Жаратқан, тыныштық бересің.Себебі өзіміздің қол жеткеніміздіңБәрі — нәтижесі Сенің істегендеріңнің.
Isai Kaz 26:13  О, Жаратқан Ие, өз Құдайымыз,Бізді билеп келді бөгде иелеріміз.Бірақ Сенің атыңды ғана құрметтейміз!
Isai Kaz 26:14  Сол иелеріміз енді дүниеден өткен,Әрі аруақтары тірілмес өлімнен,Өйткені ден қойып, оларды қырдың Сен,Содан олар шықты бәрінің естерінен.
Isai Kaz 26:15  Уа, Иеміз, халқымыздың санын көбейттің,Жерімізді де Сен жан-жаққа кеңейттің.Осылайша ұлтымызды үлкейттің,Содан зор құрмет пен даңққа бөлендің».
Isai Kaz 26:16  Уа, Жаратқан Ие, Сен бізді жазалағанда, Саған сыбырлап қана мінажат еттік.
Isai Kaz 26:17  Толғақ қысқан әйелдің аурудан бүрісіп айқайлағанындай, біз де көз алдыңда қиналдық, уа, Жаратқан Ие.
Isai Kaz 26:18  Содан толғақ қысқандай бүрісіп келеміз, алайда көрген азабымыздан еш нәтиже болмады: не осы жерге құтқарылу әкелмедік, не жаңа тұрғындар дүниеге келмеді.
Isai Kaz 26:19  Сендердің өлген адамдарың қайтадан өмір сүреді, олардың тәндері өлімнен қайта тірілмек. Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! Сендер таңғы шықпен суартылған өсімдіктей өсіп-өнесіңдер. Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ.
Isai Kaz 26:20  Уа, халқым, үйлеріңе барып, есіктеріңді бекітіп алыңдар. Жаратқан Иенің ашу-ызасы басылғанша біраз уақыт жасырына тұрыңдар.
Isai Kaz 26:21  Біліп алыңдар, Жаратқан Ие Өзінің көктегі тұрағынан шығып, жер бетін мекендеген адамдарға олардың әділетсіз істеріне бола назарын аударады. Жер бетіндегі қантөгіс атаулы әшкереленіп, жер ондағы өлтірілгендерді бұдан былай жасырмайтын болады.