ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 21
Isai | Kaz | 21:1 | Бұл — «теңізге жақын құла түз» туралы ауыр хабар:Оңтүстіктің иен даласындағы құйындар соққандай, сол қорқынышты шөл жақтан апат келеді. | |
Isai | Kaz | 21:2 | Маған кәрлі көрініс көрсетілді: сатқын сатқындығын, құртушы құртуын жалғастыра береді. «Ей, Елам жасағы, шабуылға шық! Ей, Мидия әскері, қамап ал! Мен Бабылдың халықтарды езіп-жаншып зарлатуын түгелдей тоқтатамын!» (— дейді Жаратқан Ие.) | |
Isai | Kaz | 21:3 | Осыдан тұла бойым қалтырап, қатты ауырып жатырмын. Толғақ қысқан әйелдей азапқа баттым. Көріністе көріп-естігендерім мені абыржытып, әбден түңілдірді. | |
Isai | Kaz | 21:4 | Басым айналып, қорыққаннан қалшылдадым. Кештің түсуін аңсаған едім, бірақ ол маған қатты қорқыныш әкелді. | |
Isai | Kaz | 21:5 | Көрпелер төселіп, дастарқан жайылып, біреулер ішіп-жеп жатыр екен. Кенеттен: «Уа, қолбасшылар, тұрыңыздар! Қалқандарыңызды майлап дайындаңыздар!» — деген дауыс шығады. | |
Isai | Kaz | 21:6 | Осы екі арада Жасаған Ие маған тіл қатып мынаны айтты: «Бар да, күзетші қой, көргендерін айтып тұрсын. | |
Isai | Kaz | 21:7 | Егер де ол қос-қостан келе жатқан салт аттыларды және есекке, түйеге мінгендерді көрсе, соларға мұқият ден қойсын!» | |
Isai | Kaz | 21:8 | Күзетші кейін былай деп айқайлады: «Мырзам, мен күндіз мұнарада тұрып, әрбір түні де сол орнымда қалып келемін!» | |
Isai | Kaz | 21:9 | Міне, салт аттылар қос-қостан келе жатыр! Келіп жеткен шабарман мына жаңалықты хабарлады: «Бабыл құлады! Оның халқы табынған жалған тәңірлердің барлық мүсіндері де жерге құлатылып, күл-талқан болды!» | |
Isai | Kaz | 21:10 | Уа, сорлы халқым, қырмандағы астықтай тапталып басылдыңдар. Ал мен Исраил сиынған Құдайдан, яғни Әлемнің Иесінен, естігендерімді сендерге айтып бердім. | |
Isai | Kaz | 21:11 | Бұл — жым-жырт ел туралы ауыр хабар:Біреу маған Сейірден айқайлап: «Ей, күзетші, түннің қай кезі болды? Күзетші, түн қашан бітеді?» — деп сұрайды. | |
Isai | Kaz | 21:12 | Күзетші былай деп жауап береді: «Қазір таң атады, кейін жер түн жамылады. Егер тағы да сұрағыларың келсе, қайтып келіп, сұрай беріңдер». | |
Isai | Kaz | 21:13 | Бұл — Арабия туралы ауыр хабар:Ей, дедандық керуендер, Арабияның ну тоғайларында жасырынып түнеңдер! | |
Isai | Kaz | 21:14 | Уа, Тема шұратының халқы, шөлдеп келгендерге су ішкізіңдер, бұл босқындарға тамақ әперіңдер! | |
Isai | Kaz | 21:15 | Олар жаудың семсерінен, атуға дайын тұрған садақтарынан, сұрапыл шайқастан құтылу үшін қашып келеді. | |
Isai | Kaz | 21:16 | Сонда Жасаған Ие маған былай деді: «Дәл бір жылдан кейін Қидар халқының сән-салтанаты ғайып болады. | |