ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 57
Isai | Kaz | 57:1 | Әділ жандар жойылады, бірақ ешкім бұған көңіл бөлмейді, мәнін де түсінбейді: мейірімді, шыншыл адамдар бұ дүниеден әкетілгенде жамандық атаулыдан құтылып, | |
Isai | Kaz | 57:3 | «Ей, сиқыршылардың балалары, мұнда келіңдер! Жүгенсіз еркектер мен жезөкшелерден тараған сендер, қасыма жақындаңдар! | |
Isai | Kaz | 57:4 | Кімді келеке етіп, тілдеріңді шығарып мазақтап тұрсыңдар? Сендер Өзіме қарсы шыққан өтірікшілердің тұқымысыңдар! | |
Isai | Kaz | 57:5 | Әрбір саялы ағаш түбінде жалған тәңірлерге табынып, құштарлық отына өртенесіңдер. Сайлардағы жартастардың қуыстарында өз балаларыңды құрбандыққа қиясыңдар! | |
Isai | Kaz | 57:6 | Сол сайлардағы тегіс те жұмыр тастарды өздеріңе тәңір етіп таңдап алдыңдар. Сондықтан да сендерге қалатын үлес сол тастар болады. Оларға арнап сұйық тарту құйып, астықтан да сый-тарту ұсынасыңдар. Қалайша Мен осындай қылықтарыңа қарап қаһарымды басамын?! | |
Isai | Kaz | 57:7 | Сендер биік те салтанатты тау бастарына көтеріліп, сол жерлерге азғындық үшін төсектеріңді жайып, құрбандықтарыңды шалып та келесіңдер. | |
Isai | Kaz | 57:8 | Сондай-ақ есік пен жақтауларыңның арт жағына Менің сөздерімді емес, жалған тәңірлеріңнің белгілерін салып қойдыңдар. Ей, опасыз халық, Менен алыстап кетіп, тәңірсымақтарға қосылдың! Көрпеңді ашып, кең төсегіңе жатып, сол ашыналарыңмен келістің. Олармен бірге болуды ұнатып, мүсіндеріне қадала қарайсың. | |
Isai | Kaz | 57:9 | Сен қымбат май мен мол етіп жұпар майыңды алып, шетелдік патшаға барып тұрдың. Хабаршыларыңды алыс елдерге жіберіп, азғындыққа әбден баттың. | |
Isai | Kaz | 57:10 | Бұл жолмен ұзақ жүріп, шаршап, қажыдың. Алайда одан күдеріңді үзбей келесің. Қайтадан күш жинап, әлсіздік көрсетпейсің. | |
Isai | Kaz | 57:11 | Мені осылай алдайтындай кімнен соншама қорқып, зәрең ұшты? Мені есіңе алмай, Маған көңіл де бөлмедің. Ұзақ уақыт бойы үндемедім. Сол үшін де Менен қорықпайсың ба? | |
Isai | Kaz | 57:13 | Сен айқайлап көмек сұрағанда, жинап алған тәңірсымақтарың сені құтқарып көрсін! Бірақ олардың барлығын жел айдап әкетіп, аузымның лебі жоқ қылады. Ал Мені паналағандар елді иеленіп, Өзіме бағышталған Сион тауында мәңгі тұратын болады». | |
Isai | Kaz | 57:14 | Сол кезде: «Тегістеп, биік етіп даңғыл жол салыңдар! Халқымның жүретін жолындағы бөгеттерді алып тастаңдар!» деп бұйырады. | |
Isai | Kaz | 57:15 | Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын. | |
Isai | Kaz | 57:16 | Мен сондайларға мәңгі бақи ашуланбаймын, айып та тақпаймын. Әйтпесе адамның жаны алдымда әлсіреп, Өзім өмір лебін үрлеп жаратқан пенде құрып, жоқ болар еді. | |
Isai | Kaz | 57:17 | Яһуда халқының дүниеқұмарлық күнәсі үшін Мен оған қатты ашуланып, жазасын тартқызып, одан бетімді жасырдым. Алайда халқым Менен бас тартуын доғармай, өз жүрек қалауымен жүре берді. | |
Isai | Kaz | 57:18 | Мен жүрген жолдарын анық көрсем де, халқымды сауықтырып, жетелемекпін. Араларындағы өкініп қайғырғандарын жұбатып, | |
Isai | Kaz | 57:19 | ауыздарына мадақтау сөздерін саламын. Алыстағылар мен жақындағыларға амандық пен тыныштық молынан болсын! Мен оларды сауықтырамын!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады. | |
Isai | Kaz | 57:20 | «Бірақ әділетсіздер буырқанып, тынши алмайтын теңізге ұқсайды. Толқындары лай мен балшықты жоғары көтере береді. | |