ISAIAH
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
Chapter 54
Isai | Kaz | 54:1 | «Қуан, уа, құрсақ көтермейтін, бала сүймеген әйел, шаттана ән шырқа! Иә, толғатып көрмеген сен, масаттанып дауыста! Өйткені күйеуі бардан гөрі жалғыз басты әйелдің балалары енді көбірек болады! — дейді Жаратқан Ие. — | |
Isai | Kaz | 54:2 | Халқым, шатырыңның орнын кеңейтіп ал! Оның жапқыштарын аямай созып, жіптерін ұзын етіп, қазықтарын мықтап қақ! | |
Isai | Kaz | 54:3 | Бұдан былай сен жан-жаққа тарайтын боласың. Ұрпақтарың басқа халықтарға да билік жүргізіп, қаңырап бос қалған қалаларды жаңадан мекендейтін болады. | |
Isai | Kaz | 54:4 | Халқым, қорықпа, енді қайтып ұятқа қалмайсың, қысылма, сен масқара болмайсың. Жас кезіңдегі ұятқа қалған жайтты ұмытып, жесірлік қасіретіңді де есіңе алмайсың. | |
Isai | Kaz | 54:5 | Өйткені өзіңді жаратқан Тәңір саған жар! Ол сені құтқарып алған Қамқоршың, Әлемнің Иесі және Исраилдің Киелі Құдайы деп те аталады. Бүкіл жер бетінің Құдайы деген атағы да бар. | |
Isai | Kaz | 54:6 | Сен қуылған, мұңды әйел секілдісің. Біреу жас кезінде үйленіп, тастап кеткен әйелге ұқсайсың. Жаратқан Ие сені қайтадан қасына шақырады!» — Құдайыңның Өзі мұны айтады. | |
Isai | Kaz | 54:7 | «Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. | |
Isai | Kaz | 54:8 | Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие. | |
Isai | Kaz | 54:9 | «Нұхтың заманында топан су жер бетін басып кеткеннен кейін Мен енді қайтып жерге топан су жібермеймін деп ант еткен едім. Сол сияқты саған да былай деп ант беремін: бұдан былай саған ашуланып, сөгіс бермеймін. | |
Isai | Kaz | 54:10 | Таулар қозғалып, төбелер шайқалар, бірақ Менің сүйіспеншілігім сенен айнымас, сенімен амандық пен тыныштық жайлы жасаған Келісімім де шайқалмас!» — дейді саған рақымын төккен Жаратқан Ие. | |
Isai | Kaz | 54:11 | «Азап шегіп, дауыл сабалап, жұбаныш көрмеген қала, мынаны біліп ал: Мен сені қайтадан салып тұрғызамын: көгілдір асыл тастарды негіздерің етіп, тастарыңды ең сапалы ерітіндімен қаластырамын. | |
Isai | Kaz | 54:12 | Қамалыңның мұнаралары лағыл тастан, қақпаларың інжу-маржаннан, бүкіл қабырғаларың да асыл тастардан жасалып, жалт-жұлт ететін болады. | |
Isai | Kaz | 54:13 | Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек. | |
Isai | Kaz | 54:14 | Сен әділдікпен берік негізделесің. Жәбір көруден аулақ, тыныштықта тұратын боласың. Сені ештеңе де қорқытпай, үрей атаулы саған жоламайды. | |
Isai | Kaz | 54:15 | Саған қарсы аттанған біреу болған күнде де ол Мен жіберген жау болмайды. Кімде-кім саған қарсы шабуылға шықса, сенен жеңіліс табады. | |
Isai | Kaz | 54:16 | Есіңе сақта, Мен Өзім ұстаны жараттым. Ол көмірді үрлеп от жағып, қолдану мақсатына қарай қару-жарақ жасап шығарады. Дәл осылай Мен сені талқандау үшін қырып-жоюшы жауларыңды жаратқан едім. | |