DEUTERONOMY
Chapter 22
Deut | Kaz | 22:1 | Егер біреудің не мүйізді ірі қарасының, не ұсақ малының адасып жүргенін көрсең, оны көрмегенсіме! Малын жетелеп иесіне алып бар! | |
Deut | Kaz | 22:2 | Егер иесі өзіңнен алыс тұрса немесе малдың кімдікі екенін білмесең, оны үйіңе алып кел. Иесі іздеп келгенше жоғалған мал үйіңде тұра тұрсын. Ал іздеп келгенде қайтар. | |
Deut | Kaz | 22:3 | Біреудің жоғалған есегін, жамылғысын не кез келген басқа дүниесін тауып алғанда да, осылай істе. Оған немқұрайды қараушы болма! | |
Deut | Kaz | 22:4 | Сондай-ақ, біреудің есегінің не өгізінің жол бойында құлап жатқанын көргенде оған немқұрайды қарама. Иесіне құлап жатқан малын тұрғызуға қол ұшыңды бер. | |
Deut | Kaz | 22:5 | Әйел еркекке тән не еркек әйелге тән киім киюші болмасын. Құдай Иеңе осылай істейтін адам жиренішті. | |
Deut | Kaz | 22:6 | Егер жолшыбай бір құстың не ағаш басындағы, не жердегі ұясына тап болсаң, ал ұяда анасы жұмыртқа басып немесе балапандарының қасында отырса, онда анасын балапандарымен қоса алма. | |
Deut | Kaz | 22:7 | Балапандарын алсаң да, анасын алып кетпе! Солай етсең, игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың. | |
Deut | Kaz | 22:8 | Жаңа үй салғанда, жалпақ төбесін айналдыра жақтау жаса. Сонда үйіңнің төбесінен ешкім құлап, оның қаны сенің үй ішіңе жүктелмейді. | |
Deut | Kaz | 22:9 | Жүзімдігіңе өзге тұқым түрін сеппе. Әйтпесе сол тұқымнан шыққан өнім де, жүзімдіктің жемісі де арам болып, оларды пайдалануыңа болмайды. | |
Deut | Kaz | 22:14 | және ол туралы: «Мен мына әйелге үйленген едім, жақындасқанда ол пәк қыз болмай шықты» деген жаман сөз тарататын болса, | |
Deut | Kaz | 22:15 | онда қыздың әке-шешесі қыздарының пәктігін дәлелдейтін нәрсені қаланың ақсақалдарына алып келулері керек. | |
Deut | Kaz | 22:16 | Қыздың әкесі оларға былай десін:— Мен қызымды сол кісіге әйелдікке берген едім, бірақ ол ұнатпай кетті. | |
Deut | Kaz | 22:17 | Енді оны даттап: «Қызыңыз пәк емес екен!» деп жүр. Ал қызымның пәктігінің дәлелі міне! — деп, оларға жайманы көрсетсін. | |
Deut | Kaz | 22:19 | Оған жүз мысқал күміс айып салып, соны қыздың әкесіне берсін. Себебі ол исраилдік қыздың атына кір келтірді. Ал сол әйел оның жұбайы болып қала береді, күйеуінің өмір бойы онымен ажырасуына болмайды. | |
Deut | Kaz | 22:20 | Ал егер күйеуінің айтқаны дұрыс болып шығып, қалыңдықтың пәктігінің дәлелі табылмаса, | |
Deut | Kaz | 22:21 | онда оны әкесінің үйіне, оның есігінің алдына алып келсін. Сол қаланың ер адамдары оны таспен атқылап өлтірсін. Себебі ол әкесінің үйінде жүріп-ақ жеңіл жүріске салынып, Исраил елінде масқара іс жасады. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! | |
Deut | Kaz | 22:22 | Егер бір ер адам күйеуі бар әйелмен жатқан жерінен ұсталса, онда еркек пен әйелдің екеуі де өлтірілулері керек. Зұлымдықты Исраилден осылайша аластатыңдар! | |
Deut | Kaz | 22:23 | Егер біреу елді мекеннің ішінде басқа біреуге айттырылған қызбен ұшырасып, онымен жақындасса, | |
Deut | Kaz | 22:24 | онда олардың екеуін қала қақпасына алып барып, таспен атқылап өлтіріңдер. Қызды — елді мекеннің ішінде көмекке келетін адамдар болса да, айқайлап көмекке шақырмағаны үшін, еркекті — басқа біреудің қалыңдығының абыройын төккені үшін өлтіріңдер. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! | |
Deut | Kaz | 22:25 | Ал егер еркек айттырылған қызды далада кездестіріп, оны ұстап алып зорласа, онда тек зорлаған адам ғана өлімге кесілуі керек. | |
Deut | Kaz | 22:26 | Қыздың өзіне ештеңе істемеңдер, ол өлімге лайық күнә жасаған жоқ. Бұл жағдайды біреудің басқа адамға бас салып, өлтіруімен салыстыруға болады, | |
Deut | Kaz | 22:27 | себебі еркек қызды ашық далада ұстап алды ғой. Айттырылған қыз қанша айқайласа да, елсіз далада оған көмекке келетін ешкім болмады. | |
Deut | Kaz | 22:28 | Ал егер еркек ешкімге айттырылмаған қызды кездестіріп, оны ұстап алып зорласа және бұл жағдай ашылып қалса, | |
Deut | Kaz | 22:29 | онда еркек қыздың әкесіне елу мысқал күміс төлеуі керек. Және ол сол қыздың абыройын төккендіктен оған үйленуге міндетті. Сондай-ақ, өмір бойы онымен ажырасуына болмайды. | |