ACTS
Chapter 23
Acts | Kaz | 23:1 | Пауыл Жоғарғы кеңеске тіке қарап:— Бауырластар! Бүгінге дейін мен Құдай алдында ар-ұжданым кіршіксіз таза өмір сүріп келдім, — деді. | |
Acts | Kaz | 23:3 | Сонда Пауыл оған:— Әктелген қабырға, сізді Құдай ұрады! Осы жерде мені Таурат заңы бойынша соттау үшін отырғанмен, заңды бұзып мені ұрғыздыңыз, — деді. | |
Acts | Kaz | 23:4 | Қасында тұрғандар:— Құдайдың бас діни қызметкеріне ұрсуға қалай батылың барады? — деп ескертті. | |
Acts | Kaz | 23:5 | Пауыл былай деп жауап берді:— Бауырластар, оның бас діни қызметкер екенін білмедім! «Халқыңның басшысына балағат сөз айтпа!» деп (Тауратта) жазылған ғой. | |
Acts | Kaz | 23:6 | Жоғарғы кеңестің бір бөлігінің саддукейлер, ал қалғандарының парызшылдар екенін білген Пауыл дауыстап:— Бауырластар, мен парызшылмын, парызшылдар әулетіненмін де. Өлгендердің қайта тірілуіне үміт етіп жүргенім үшін сотталып жатырмын! — деді. | |
Acts | Kaz | 23:7 | Осы сөзден кейін парызшылдар мен саддукейлер айтысып қалды да, жиналғандар екіге бөлініп кетті. | |
Acts | Kaz | 23:8 | Себебі саддукейлер ешқандай қайта тірілу де, періштелер де, рухтар да жоқ десе, парызшылдар бұлардың бәрін мойындайды. | |
Acts | Kaz | 23:9 | Жиналыс айқай-шуға ұласты. Парызшылдардың кейбір дін мұғалімдері орындарынан тұрып:— Бұл кісіден ешқандай жамандық таппай тұрмыз. Оған бір рух немесе періште аян берген болса (біз Құдайға қарсы шықпаймыз)! — деп қызулана айтысты. | |
Acts | Kaz | 23:10 | Айтыс үлкен жанжалға айналып, мыңбасы олар Пауылды паршалап тастар деп қауіптенді. Содан ол жасақшыларға төмен түсіп, оны әлгілердің араларынан күшпен алып шығып, қамалға апаруға бұйырды. | |
Acts | Kaz | 23:11 | Сол түні Иеміз Пауылдың жанында пайда болып: «Батыл бол! Маған Иерусалимде куә болғаныңдай, Римде де куә болуға тиістісің», — деп аян берді. | |
Acts | Kaz | 23:12 | Келесі күні таңертең бірсыпыра яһудилер жасырын жиналып, Пауылды өлтірмейінше ешқандай нәр татпаймыз деп қарғанып ант берісті. | |
Acts | Kaz | 23:14 | Олар басты діни қызметкерлер мен рубасыларына барып:— Пауылды өлтіргенше нәр татпаймыз деп қарғанып ант берістік. | |
Acts | Kaz | 23:15 | Сонымен Жоғарғы кеңес ретінде мыңбасына хабарлап: «Пауылдың ісімен жақынырақ танысқымыз келеді» деген сылтаумен оны өздеріңізге әкелдіріңіздер. Ал біз оны осында жеткізбей жолшыбай өлтіруге дайын тұрамыз», — деді. | |
Acts | Kaz | 23:16 | Бұл қаскүнемдік туралы Пауылдың жиен інісі біліп қойды. Ол қамалға кіріп, Пауылға барды да, осы туралы хабарлады. | |
Acts | Kaz | 23:17 | Пауыл бір жүзбасын шақырып алып, оған: «Мына жас жігітті мыңбасына апарыңызшы, оған айтатын хабары бар», — деді. | |
Acts | Kaz | 23:18 | Жүзбасы бозбаланы ертіп мыңбасына кіріп:— Әлгі тұтқын Пауыл мені шақыртып алып, мына жас жігітті өзіңізге әкелуімді өтінді. Оның сізге айтатын бірдеңесі бар екен, — деді. | |
Acts | Kaz | 23:19 | Мыңбасы жігіттің қолынан ұстап, оңашаға шығарып:— Маған не айтайын деп едің? — деп сұрады. | |
Acts | Kaz | 23:20 | Ол:— Яһудилер өзара келісіп, Пауылдың ісін одан да мұқият тексеру сылтауымен оны ертең Жоғарғы кеңеске апаруыңызды сұрамақ. | |
Acts | Kaz | 23:21 | Ал сіз бұған келіспесеңіз игі болар еді. Өйткені олардың қырықтан аса адамы оны жол бойы торуылдап аңдып отырады. Бұлар Пауылды өлтірмейінше ешқандай нәр татпаймыз деп анттасты; енді келісіміңізді күтіп, дайын отыр, — деді. | |
Acts | Kaz | 23:22 | Мыңбасы жас жігітке ескертіп:— Маған осыны айтқаның туралы ешкімге де тіс жарма! — деп қайтарып жіберді. | |
Acts | Kaz | 23:23 | Содан ол жүзбасылардың екеуін шақырып алып: «Кешкі сағат тоғызға екі жүз жауынгер, жетпіс атты әскер және екі жүз мергенді Кесарияға баруға дайындаңдар! | |
Acts | Kaz | 23:24 | Пауылға мінуге көлік дайындап, әмірші Феликске аман-есен апару жағын қадағалаңдар!» — деп бұйырды. | |
Acts | Kaz | 23:27 | Мына кісіні яһудилер ұстап алып, өлтірейін деп жатқан сәтте мен оның Рим азаматы екенін біліп, жасақшылармен үстінен түсіп, құтқарып алдым. | |
Acts | Kaz | 23:29 | Сонда аңғарғаным, олар мұны өз заңдары туралы даулы мәселелерге бола айыптайды екен. Бірақ оған өлім жазасына кесетіндей немесе түрмеге жабатындай ешбір кінә таққан жоқ. | |
Acts | Kaz | 23:30 | Мен оған қарсы астыртын әрекет ұйымдастырылғанын біліп қалып, оны дереу сізге жіберіп отырмын. Айыптаушыларға тағатын кінәларын өзіңізге апаруға бұйырдым. Қош-сау болыңыз!» | |