NUMBERS
Chapter 34
Numb | Kaz | 34:2 | «Исраилдіктерге мына бұйрықты жеткіз: Сендер Қанахан еліне кіргенде, мұралық меншіктерің болатын Қанахан елі мен оның шекаралары мынау болады: | |
Numb | Kaz | 34:3 | Елдеріңнің оңтүстік бөлігі Сін даласынан басталып, Едомның шекарасын бойлай орналасатын болады. Сендердің оңтүстік шекараларың шығыстағы Өлі (Тұзды) теңіздің шетінен басталады. | |
Numb | Kaz | 34:4 | Содан соң шекара оңтүстікке бұрылып, Шаяндар асуынан өтіп, Сін (даласы) арқылы Қадеш-Барнидің оңтүстік жағына дейін жетеді. Содан шекара Хасар-Адарға, одан әрі Асмонға қарай ұласып, | |
Numb | Kaz | 34:5 | Асмоннан Мысырмен шекарадағы өзенге қарай бұрылып, сол арқылы үлкен теңізге дейін жетіп аяқталады. | |
Numb | Kaz | 34:6 | Елдің батыс шекарасы — Жерорта теңізінің жағалауы. Сендердің батыс шекараларың, міне, осы. | |
Numb | Kaz | 34:8 | ал Һор тауынан Лебо-Хаматқа дейін шек белгілеңдер. Сол жерден шекара Седадқа дейін жететін болады. | |
Numb | Kaz | 34:9 | Одан әрі шекара Сифронға қарай жалғасып, Хасар-Енанда бітеді. Сендердің солтүстік шекараларың, міне, осы. | |
Numb | Kaz | 34:10 | Шығыс шекараларың үшін Хасар-Енаннан оңтүстікке қарай Шефамға дейін шекара белгілеңдер. | |
Numb | Kaz | 34:11 | Шекара Шефамнан Аинның шығысындағы Риблаға дейін созылып, Кінерет (яғни Ғалилея) көлінің шығысындағы қыраттардың үстімен өтеді. | |
Numb | Kaz | 34:12 | Одан Иордан өзенінің бойымен Өлі теңізге дейін жетіп аяқталады. Өздеріңе тиісті елдерің және оның жан-жағындағы шекаралары, міне, осылар болады». | |
Numb | Kaz | 34:13 | Мұнан кейін Мұса исраилдіктерге өсиеттеп бұйрық беріп былай деді: «Иордан өзенінің арғы жағына өтіп, сонда қоныстанайын деп жатқан тоғыз ру мен бір рудың жартысына Жаратқан Иенің жеребе арқылы үлестіріліп берілсін деп бұйырған жері — осы. | |
Numb | Kaz | 34:14 | Себебі Рубен, Ғад рулары және Манаса руының жартысы өздерінің меншікті жерлерін өз әулеттері бойынша | |
Numb | Kaz | 34:17 | «Сендерге елді мұралық меншіктеріңе үлестіріп беретін адамдардың есімдері мыналар: діни қызметкер Елазар және Нұн ұлы Ешуа. | |