Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 9
Prov Kaz 9:1  Даналық өзінің үйін салған еді,Оның жеті діңгегін қойған еді,
Prov Kaz 9:2  Енді сусынын даярлап, малын сойды,Тамаша дастарқанын жайып қойды,
Prov Kaz 9:3  Адамдарға қызметшілерін жұмсады,Олар қаланың биігінен жар салады:
Prov Kaz 9:4  «Мұнда келіңдер!» деп шақырадыБар аңғалдарды және ақылсыздарды:
Prov Kaz 9:5  «Кәне, келіп, дәм татыңдар асымнан,Ішіңдер дайындаған сусынымнан!
Prov Kaz 9:6  Надандықты тастап, шынайы өмір сүріңдер,Лайым ақыл-парасат жолымен жүріңдер!»
Prov Kaz 9:7  Мысқылшылға сөгіс берген масқара болар,Зұлымға ескерткенге мін тағылар.
Prov Kaz 9:8  Мысқылшылға ескертпе, сені жек көрер,Дана жанға ескерт, ол сені сүйер.
Prov Kaz 9:9  Дана жанға тәлім бер, даналығы өсер,Әділді де үйрет, білімі көбейер.
Prov Kaz 9:10  Даналықтың бастауы — Жаратқан ИеніТерең қастерлеп, Оған мойынсұну,Һәм ақыл-парасат — Киелі ҚұдайдыЖәне Оның еркін жақыннан тану.
Prov Kaz 9:11  Даналықпен көрер күнің көп болар,Парасатпен жасыңа жас қосылар.
Prov Kaz 9:12  Дана болсаң, пайдасын өзің көрерсің.Мысқылшыл болсаң, зиянын өзің шегерсің.
Prov Kaz 9:13  «Надан әйел» даурыға айқайлайды,Өзі аңғал, мән-жайларды ұғынбайды.
Prov Kaz 9:14  Үйінің есік алдында орындыққаОтырады ол, қаланың биік орнында.
Prov Kaz 9:15  Тура жолмен өтіп бара жатқандарға«Надан әйел» дауыстап жар салуда:
Prov Kaz 9:16  «Мұнда келіңдер!» деп шақырадыБар аңғалдарды әрі ақымақтарды:
Prov Kaz 9:17  «Ұрлап ішкен су сондай тәтті екен!Тығып жеген нан сондай дәмді екен!»
Prov Kaz 9:18  Адамдар білмейді бұрын шақырылғандардыңӨлік болып көр түбінде жатқандарын.