Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 27
Prov Kaz 27:1  Мақтанба ертеңгі күніңмен,Сол күннің не әкелерін білмейсің сен.
Prov Kaz 27:2  Басқа сені мақтасын, өз аузың емес,Басқаның сөзі, өз тілің емес.
Prov Kaz 27:3  Тас салмақты, құм да ауыр,Ақымақтың жәбірі екеуінен де ауыр.
Prov Kaz 27:4  Ашу қатал, қаһар тасқындай басар,Ал қызғаныштың күшіне кім қарсы тұра алар?
Prov Kaz 27:5  Сүйіспеншілігін жасырып, жалтарғаннан гөріРенжіткенге ашық ескерту жасаған игі.
Prov Kaz 27:6  Досыңның сөгуі шынайы,Дұшпаныңның сүюі алдамшы.
Prov Kaz 27:7  Тойынған балдан да бас тартар,Ашыққанға ащы ас та балдай болар.
Prov Kaz 27:8  Ата жұрттан безіп кеткенҚұсқа ұқсас ұясын тастап кеткен.
Prov Kaz 27:9  Жұпар мен иісмай жүректі қуантар,Досың адал кеңесімен ұнамды болар.
Prov Kaz 27:10  Қол үзбе өз досыңнан,Әкеңнің де досынан.Басыңа сенің күн туғандаАғайынның үйіне қашып барма.Іргедегі көршің артық қойАлыстағы сол ағайыныңнан.
Prov Kaz 27:11  Балам, парасатты бол, мені қуантарсың,Сонда өзімді қорлағандарға жауап бере алармын.
Prov Kaz 27:12  Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар,Аңғал адам жүре беріп жаза тартар.
Prov Kaz 27:13  Бөгдеге біреу кепіл болар,Сонда оның шапанын шешіп алыңдар,Бөгде әйелдің қарызына кепілдік сол болар.
Prov Kaz 27:14  Азанда көршісіне айқайлап бата сұрағанТуралы ойлайды жұрт «көршісін қарғап жатқан».
Prov Kaz 27:15  Жаңбырлы күні тоқтаусыз тамшылайды,Ұрысқақ әйел де тыным тапқызбайды.
Prov Kaz 27:16  Оны тыю ұқсайды желді тыйғанғаЯ майлы қолмен бір затты ұстағанға.
Prov Kaz 27:17  Темір темірді қайрайды,Адам адамды қайрайды.
Prov Kaz 27:18  Ағашты күткен оның жемісін жер,Қожасын күткен оның сыйын көрер.
Prov Kaz 27:19  Адам суға қарап өзінің бет-жүзін көрер,Жүрегіне қарап өзінің кім екенін білер.
Prov Kaz 27:20  Ажал мен тозақ тойымсыз,Адамның көзі де тойымсыз.
Prov Kaz 27:21  Күмісті балқытып, алтынды көрікте сынар,Адам баласы мақталғанда сыналар.
Prov Kaz 27:22  Ақымақты тіпті бидайдай келіде түйсе де,Ақымақтығынан арылта алмас еді ешкім де.
Prov Kaz 27:23  Отарларыңның күйін жақсы бақыла,Табындарыңа да мұқият қара.
Prov Kaz 27:24  Себебі байлық мәңгілік емес,Билік те ұрпақтан ұрпаққа берілмес.
Prov Kaz 27:25  Шөп шабылып, орнына көк шөп шығар,Жұрт тау шөбін де жинап алар,
Prov Kaz 27:26  Сонда киімің үшін қойыңнан жүн қырқарсың.Серкелеріңнің бағасына жер сатып аларсың.
Prov Kaz 27:27  Өзіңе, отбасыңа ешкі сүті мол болар,Қызметші қыздарыңа да жетіп артылар.