Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 7
Prov Kaz 7:1  Балам, сөздерімді есіңде ұстап,Ережелерімді жадыңда жүр сақтап,
Prov Kaz 7:2  Өмір сүр, өсиетімді орындап,Ілімімді көз қарашығыңдай сақтап,
Prov Kaz 7:3  Саусаққа байлап алғандай жүр ұстанып,Жүрегіңнің түкпіріне қойғын жазып.
Prov Kaz 7:4  Даналыққа қарашы туған бауырыңдай,Парасатты да көрші туысқаныңдай.
Prov Kaz 7:5  Сонда олар қорғайды азғын әйелден,Сені баурамақ болғаннан майда сөзімен.
Prov Kaz 7:6  Бір күні қарап тұрсам терезеден,
Prov Kaz 7:7  Тәжірибесіз жастардың арасынанЖас жігітті байқадым, ақылы толмаған.
Prov Kaz 7:8  Әйел тұрған бұрыштан жігіт өтті,Соның үйіне апаратын жолмен кетті.
Prov Kaz 7:9  Бұл күн батып, ымырт түскен кез еді.
Prov Kaz 7:10  Міне, әйел жігіттің алдынан шықты,Жезөкшедей киінген, айлалы еді.
Prov Kaz 7:11  Ол үйінде тұрмас, жүгенсіз де даурықпа,
Prov Kaz 7:12  Торып жүр көше, алаң, бұрыштарды.
Prov Kaz 7:13  Жігітті сол арсыз құшып алып, сүйді,Шімірікпей оған қарап былай деді:
Prov Kaz 7:14  «Мен тиісті құрбандығымды шалдым,Антымды бүгін түгел орындадым.
Prov Kaz 7:15  Кезігу үшін өзіңе үйден шықтым,Сені іздеп, енді, міне, тауып алдым!
Prov Kaz 7:16  Төсегіме әдемі көрпе салдым,Түрлі түсті мысырлық жабын жаптым,
Prov Kaz 7:17  Хош иісті мүр, алоэ, дәмқабық шаштым.
Prov Kaz 7:18  Кәне, жүр, таң атқанша бірге болайық,Махаббаттың ләззатымен сусындайық!
Prov Kaz 7:19  Үйде ерім жоқ, ол алыс сапарға кетті,
Prov Kaz 7:20  Күміс толы дорбасын ала кетті,Ай толғанда ғана қайтып келеді».
Prov Kaz 7:21  Майда тілмен ол жігітті арбап алды,Жылы сөйлеп дегеніне көндірді.
Prov Kaz 7:22  Жігіт әйелге еріп жүре берді,Сойылуға бара жатқан өгіздей,Әрі торға түсіп қалған бұғыдай,
Prov Kaz 7:23  Садақ оғы әлі бауырына қадалмай,Тұзаққа зымырай ұшқан құстай,Өмірмен қоштасарын кетті ол ұғынбай.
Prov Kaz 7:24  Сонымен, балалар, мені тыңдаңдар,Айтқан сөздеріме құлақ салыңдар!
Prov Kaz 7:25  Жүгенсіз әйелдің ізіне түспеңдер,Жолына еліктеп, адасып жүрмеңдер!
Prov Kaz 7:26  Көп адам осылайша құлап қалды,Күштілер оның қолынан қаза тапты.
Prov Kaz 7:27  Оның үйі көрге қарай жетелейді,Тозақтың дәл түбіне түсіреді.