PROVERBS
Chapter 30
Prov | Kaz | 30:1 | Мынау Жәке ұлы Ағұрдың сөздері: Осы адамның Ітиелге, Ітиел мен Ұқалға білдірген Құдай Рухының хабары. | |
Prov | Kaz | 30:4 | Кім аспанға көтерілген?Кім қайтадан жерге түскен?Кім желді уысында ұстай алар?Кім мұхитты шапанымен орап қояр?Кім жердің шегін орнатқан?Өзі мен Ұлының аты кім?Білсең соны айтып берші маған. | |
Prov | Kaz | 30:6 | Оның сөздеріне еш нәрсе қоспа,Әйтпесе Ол саған ескертіп ұрсар,Өтірігің ашылып жария болар. | |
Prov | Kaz | 30:8 | Өтірік пен жалғанды менен алшақтатшы,Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы,Тек бере гөр күнделікті нанымды. | |
Prov | Kaz | 30:9 | Себебі байып кетіп, «Жаратқан Ие кім?»Деп ешқашан Сенен бас тартып кетпейін,Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін,Сол арқылы киелі атыңа кір келтірмейін. | |
Prov | Kaz | 30:14 | Осы ұрпақтың тістері өткір қанжардай,Олардың жақтары өткір пышақтай,Жарлыны жер бетінен жалмап құртар,Мұқтажды адамзат арасынан аластатар. | |
Prov | Kaz | 30:15 | Сүліктің екі сорғышы үнемі«Бер маған! Берші!» деп талап етеді.Мына үшеу де тойым білмес,Тіпті төртеуі де «жетер» демес: | |
Prov | Kaz | 30:16 | Қабірдің қара топырағы,Әйелдің бедеу құрсағы,Суға қанбас шөлейт жер,«Жетер» демес ашкөз өрт. | |
Prov | Kaz | 30:17 | Әкесін мазақтап келекелеген,Шешесін тыңдамай менсінбегенЖанның көздерін шоқыр сайдағы қарғалар,Әрі құзғынның балапандары жеп қояр. | |
Prov | Kaz | 30:19 | Аспанда самғар қыранның жолы,Жартаста жылжыған жыланның жолы,Теңізде жүзген кеменің жолы,Қыз жүрегінің кілтін тапқан жігіттің жолы. | |
Prov | Kaz | 30:20 | Азғын әйел жолы да таңдандырар:Ол ішіп-жеп, аузын сүртер,«Еш жамандық істемедім» дер. | |
Prov | Kaz | 30:32 | Егер асқақтанып ақымақ болсаң,Не басқаға жамандық ойлап тұрсаң,Ұялып, жап аузыңды қолыңменен. | |