Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 14
Prov Kaz 14:1  Ақылды әйел үйін өркендетер,Ақылсыз әйел үйін өз қолымен күйретер.
Prov Kaz 14:2  Тура жолмен жүрген Жаратқанды қастерлейді,Қисық жолға түскен Оны менсінбейді.
Prov Kaz 14:3  Ақымақ паң сөздері үшін жазаланар,Ақылдының сөздері өзін аман сақтар.
Prov Kaz 14:4  Өгізі жоқтың қорасы таза тұрар,Ал өгіздің күшінен пайда мол болар.
Prov Kaz 14:5  Адал куәгер өтірік айтпас,Жалған куәгер өтірігін доғармас.
Prov Kaz 14:6  Мысқылшыл даналықты іздеп таппас,Зерделіге білім жинау қиын болмас.
Prov Kaz 14:7  Аулақ жүр ақымақтың қасынан,Ақылды сөз шықпас оның аузынан.
Prov Kaz 14:8  Естінің даналығы — өз жолын ұғынуы,Ессіздің надандығы — алданып адасуы.
Prov Kaz 14:9  Надандар күнәні күлкі қылар,Ал әділдер арасында ізгілік орнар.
Prov Kaz 14:10  Өз қайғысы әркімнің өзіне аян,Қуанышын да бөлісе алмас бөтен жан.
Prov Kaz 14:11  Қылмыстының үйі құрып кетер,Әділдің мекені гүлденіп өркендер.
Prov Kaz 14:12  Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар,Ақырында олар ажалға бастап апарар.
Prov Kaz 14:13  Күлгенде кейде жүрегің сыздар,Қуаныш кейде қайғымен аяқталар.
Prov Kaz 14:14  Опасыз адам тиісті жазасын тартар,Ал ізгі жан лайықты сыйын алар.
Prov Kaz 14:15  Аңғал кез келген сөзге нанар,Есті жан қадамын байқап басар.
Prov Kaz 14:16  Ақылды абай болып, пәледен безер,Ақылсыз өркөкірек, бейқам келер.
Prov Kaz 14:17  Ашушаң мінезді ақымақтық жасар,Арамдық ойлаушы жексұрын болар.
Prov Kaz 14:18  Ақымақтық — аңғалдың алар үлесі,Білімділік — дананың алар тәжі.
Prov Kaz 14:19  Жақсының алдында зұлым басын иер,Әділдің қақпасында арамза тізесін бүгер.
Prov Kaz 14:20  Кедейге өз жақыны да менсінбей қарар,Ал байға доссымақтар көп болар.
Prov Kaz 14:21  Жақынын жек көрген күнә жасар,Жарлыға игілік еткен жарылқанар.
Prov Kaz 14:22  Зұлымдық ойлаған жолдан адасып кетер,Игілік ойлаған мейірім мен адалдық көрер.
Prov Kaz 14:23  Әр бейнеттің зейнеті бар,Бос сөзден тек жоқшылық шығар.
Prov Kaz 14:24  Дананың алар тәжі — байлық,Наданның алар үлесі — ақымақтық.
Prov Kaz 14:25  Адал куәгер адам жанын сақтар,Жалған куәгер көпті алдар.
Prov Kaz 14:26  Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш,Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.
Prov Kaz 14:27  Жаратқанды шын қастерлеу — өмірдің бұлағы,Ол ажалдың торынан адамды алшақтатады.
Prov Kaz 14:28  Патшаның ұлылығы — халқының молдығында,Ал бақытсыздығы — соның аздығында.
Prov Kaz 14:29  Түсінігі мол — ұстамды жанның,Ақымақтығы аян — ашушаңның.
Prov Kaz 14:30  Жан тыныштығы ғұмырды ұзартар,Ал қызғаныш денеге жара салар.
Prov Kaz 14:31  Жарлыны қанаған — Жаратушысын менсінбеген,Жарлыны қамқорлаған — Жаратушысын қастерлеген.
Prov Kaz 14:32  Арамза өз күнәсінен опат болар,Ал әділдің өлерде де үміті бар.
Prov Kaz 14:33  Даналық зерделінің жүрегіне орнығар,Аңғалдардың арасынан да өзін танытар.
Prov Kaz 14:34  Әділдігі халықтың дәрежесін көтерер,Ал заңсыздығы халықты масқара етер.
Prov Kaz 14:35  Парасатты нөкері патшаға жағар,Масқара болғаны ашуын туғызар.