Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 19
Prov Kaz 19:1  Жалған тілді наданнан гөріАдал жүрген жарлы игі.
Prov Kaz 19:2  Білімсіз құлшыныс жаман болар,Тым асыққан жолдан таяр.
Prov Kaz 19:3  Өз ақымақтығы адамның жолын бұзар,Ал жүрегінде ол Жаратқанға ашуланар.
Prov Kaz 19:4  Байлық «достарды» молайтар,Кедей бар досынан да айырылар.
Prov Kaz 19:5  Жалған куә жазасыз қалмас,Өтірік айтқыш құтыла алмас.
Prov Kaz 19:6  Мырзаға жағынуға көп жұрт әуес,Сый-тарту берушімен барлығы да «дос».
Prov Kaz 19:7  Бар туысы кедей жанды жек көрер,Ал достары солардан бетер одан безер,Сөйлессем деп талпынғаны болар бекер.
Prov Kaz 19:8  Парасатқа иемденуші өз жанын ұнатар,Естілікке мән беруші игілік табар.
Prov Kaz 19:9  Жалған куә жазасыз қалмас,Өтірік айтқыш тірі қалмас.
Prov Kaz 19:10  Наданға салтанатты өмір сүру жараспас,Малайға бастықтарды билеу одан бетер жараспас.
Prov Kaz 19:11  Даналығы адамға сабыр сыйлар,Қатені кешіру оған құрмет болар.
Prov Kaz 19:12  Патшаның ашуы — ақырған арыстандай,Ал ризалығы — шөптің ғанибет шығындай.
Prov Kaz 19:13  Ақылсыз бала әкесінің күйреуі болар,Ұрысқақ әйел аққан тамшыдай жүйкені жұқартар.
Prov Kaz 19:14  Үй мен мал-мүлкің — мұраң әке-шешеңнен,Ал ақылды әйелің — сыйың Жаратқан Иеңнен.
Prov Kaz 19:15  Жалқауды ұйқы басар,Енжардың қарны ашар.
Prov Kaz 19:16  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар,Жолына ден қоймаған ажалға ұшырар.
Prov Kaz 19:17  Жарлыны қамқорлаған — Жаратқанға қарыз бергені,Игі ісінің сауабын Жаратқан қайтып береді.
Prov Kaz 19:18  Балаңды жөнге сал үміт барда,Өмірінің күйреуіне кінәлі болма.
Prov Kaz 19:19  Ашушаң жан лайықты жазасын тартсын,Аясаң, тағы жазалауға мәжбүр боларсың.
Prov Kaz 19:20  Ақылды тыңдап, нақылға бағын,Алдағы кезде дана боларсың.
Prov Kaz 19:21  Жүрегінде адам көптеген жоспар құрар,Ал Жаратқанның ұйғарымы жүзеге асар.
Prov Kaz 19:22  Адамның ұнамдылығы — берік мейірімі,Өтірікшіден гөрі жарлы болғаны игі.
Prov Kaz 19:23  Жаратқанды қастерлеу шын өмірге бастар,Жаныңа тыныштық сыйлап, пәледен қорғар.
Prov Kaz 19:24  Жалқау қолын табаққа салар,Ал аузына апаруға жалығар.
Prov Kaz 19:25  Мазақшылды жазаласаң, аңғырт жан да ұғынар,Естіге тек ескертсең, ол содан сабақ алар.
Prov Kaz 19:26  Әкесін тонап, шешесін қуған ұл —Ар-ұждансыз, жексұрын бұл.
Prov Kaz 19:27  Балам, тәлімді тыңдауды тоқтатқаның —Білімді сөзден бас тартқаның.
Prov Kaz 19:28  Жалған куәгер әділ сотты мазақтар,Зұлымдар аузымен жамандықты жалмар.
Prov Kaz 19:29  Мазақшыл адамға үкімі даяр,Қыңыр ақымаққа жазасы даяр.