PROVERBS
Chapter 24
Prov | Kaz | 24:12 | «Біздер білген жоқпыз» дейсің бе?Жүрек түкпірін сынайтынЖаратқан шындықты білмей ме?Ұдайы жаныңды бақылайтынТәңір Ие білмей қалар дейсің бе?Ісіне қарап әрбір жанныңҚарымтасын Ол береді де. | |
Prov | Kaz | 24:13 | Балам менің, бал же, бойыңа ол нәрлі,Балауыз ұясынан тамғанын же, таңдайыңа ол тәтті, | |
Prov | Kaz | 24:14 | Дәл солай даналық та жаныңа игілікті:Оны тапсаң жарқын болар келешегің,Әрі еш үзілмес үмітің сенің. | |
Prov | Kaz | 24:15 | Әй, сұрқия, тосқауылдан көз салмаӘділетті жанның тұрағына,Оның жайлы мекенін ойрандама! | |
Prov | Kaz | 24:21 | Балам, Жаратқанды терең қастерле,Мойынсұнып патшаңды да құрметте,Ал бүлікшімен ешқашан бірлеспе! | |
Prov | Kaz | 24:22 | Қосылсаң оған, кенет пәлеге ұшырарсың,Кім білер Жаратқан мен патшаның үкімдерініңСондай бүлікшіні неге бұйыратындарын? | |
Prov | Kaz | 24:23 | Даналар мына нақылдарды да қалдырған.Адамды алалау сот ісінде,Бұл — нағыз әділетсіз нәрсе. | |
Prov | Kaz | 24:27 | Алдымен сыртқы шаруаңды бітір,Егіндігіңді дайындап, жөнге келтір,Содан соң барып, шаңырақ көтер. | |
Prov | Kaz | 24:29 | Мынаны да айтушы болма:«Ол не нәрсе істесе маған,Мен де соны істеймін оған,Ісіне қарап мен оның қарымтасынҚалай да қайтаратын боламын!» | |
Prov | Kaz | 24:31 | Қарасам, бәрін тікен басыпты,Ішіне қалақай қаптап кетіпті,Қоршаған тас дуалы қирап қалыпты. | |