Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 15
Prov Kaz 15:1  Жәбір сөз ашу туғызар,Биязы жауап ашуды басар.
Prov Kaz 15:2  Дана жанның тілі білімді мақтар,Аңқаудың аузынан надандық ағылар.
Prov Kaz 15:3  Жаратушының көз алдында бәрі аян,Бар жақсы мен жамандар айқын Оған.
Prov Kaz 15:4  Мейірімді тіл өмір сыйлайтын ағашқа ұқсар,Өтірікші тіл рухыңды жаншып-басар.
Prov Kaz 15:5  Әкенің тәрбиесінен ақымақ безер,Ескертуге ден қойған парасатқа кенелер.
Prov Kaz 15:6  Әділдің үйінде мол қазына болар,Арамзаның тапқаны өз берекесін алар.
Prov Kaz 15:7  Дананың тілі білім себеді,Наданның санасы олай істемейді.
Prov Kaz 15:8  Арамзаның құрбандығынан Жаратқан жиренер,Ал әділдің мінажаты Оны сүйсіндірер.
Prov Kaz 15:9  Арамзаның жолынан Жаратқан жиренер,Әділдікті қуғанға Ол сүйсінер.
Prov Kaz 15:10  Жолдан безген ауыр жаза тартар,Ескертуді жек көрген опат болар.
Prov Kaz 15:11  О дүние мен тозақ Жаратқанға аян,Оған адам жүрегі содан бетер аян.
Prov Kaz 15:12  Мысқылшыл өзіне ескерткенді ұнатпас,Дананың маңына ол жақындамас.
Prov Kaz 15:13  Жүректің қуанышы бет-жүзді жарқыратар,Жүректің қайғысы көңілді жабырқатар.
Prov Kaz 15:14  Зерделінің санасы білім қуар,Зердесіз ақымақтыққа тойынар.
Prov Kaz 15:15  Бақытсыздың қай күні де қайғыдан арылмас,Қуанышты жанның тойы тарқамас.
Prov Kaz 15:16  Мол қазынасы болып, уайымдағаннан гөріАзды қанағат етіп, Жаратқанды қастерлеген игі.
Prov Kaz 15:17  Жек көрген жан ұсынған семіз сиыр етіненКөкөніс тағамы игі сүйген жан берген.
Prov Kaz 15:18  Ашушаң дау туғызар,Байсалды дауды басар.
Prov Kaz 15:19  Жалқаудың жолын тікен басар,Адалдың жолы тегіс болар.
Prov Kaz 15:20  Ақылды бала әкесін риза қылар,Ақылсыз жан шешесін қор қылар.
Prov Kaz 15:21  Ақылы азды ақымақтық сүйсінтер,Ал ақылды жан тура жолмен жүрер.
Prov Kaz 15:22  Кеңессіз құрған іс аяқсыз қалар,Көптің ақылымен ол жүзеге асар.
Prov Kaz 15:23  Дәл айтылған жауап адамды қуантар,Уақтылы айтылған сөз бір ғанибет болар.
Prov Kaz 15:24  Дананың өмір жолы биікке бастар,Ажалдан оны сақтап қалар.
Prov Kaz 15:25  Жаратқан Ие менменнің үйін талқандар,Ол жесірдің жерінің шекарасын қорғар.
Prov Kaz 15:26  Зұлымның жоспарларынан Жаратқан жиренер,Пәк жанның сөздеріне Жаратқан сүйсінер.
Prov Kaz 15:27  Пайдақор отбасының берекесін кетірер,Параны жек көрген тыныш өмір сүрер.
Prov Kaz 15:28  Әділ жан жауабын ойлап берер,Арамза жаман сөзін лақ еткізер.
Prov Kaz 15:29  Арамзадан Жаратқан Ие алыс болар,Әділдің мінажатына Ол құлақ салар.
Prov Kaz 15:30  Жарқын жүз жүректі қуантар,Жақсы хабар денеге қуат дарытар.
Prov Kaz 15:31  Өмірдің тәрбиесіне құлақ түргендерДаналар арасынан орын тебер.
Prov Kaz 15:32  Тәрбиеге ден қоймаған өз жанын жек көрер,Ескертуді тыңдаған ақыл-парасат иемденер.
Prov Kaz 15:33  Жаратқанды шын қастерлеу даналыққа үйретерЖәне кішіпейіл жанның абыройы өсер.