Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 31
Prov Kaz 31:1  Лемуел патшаның қалдырған сөздері,шешесінің оған айтқан нақылдары:
Prov Kaz 31:2  Уа, балам менің, құрсағымнан шыққан ұлым менің,Уәде беріп, Құдайдан сұрап алған балам менің!
Prov Kaz 31:3  Ысырап қылма әйелдерге күшіңді,Шашыратпа оларға қуатыңды,Тағынан тайдырды олар талай патшаларды.
Prov Kaz 31:4  Уа, Лемуел,Патшаларға шарап ішу жарамас,Әміршілерге ішімдік аңсау жараспас.
Prov Kaz 31:5  Ал ішетін болса, заң ережесін ұмытар,Қаналғандардың құқығын теріске бұрмалар.
Prov Kaz 31:6  Өлімшіге ішімдік берілер,Қиналғанға шарап берілер,
Prov Kaz 31:7  Ішіп алып, мүшкіл халін ұмытсын,Қайғы-қасіретін енді еске алмасын.
Prov Kaz 31:8  Ал сен, өзі үшін үндей алмайтындардыңСөзін сөйлеп, ісін қорға байғұстардың.
Prov Kaz 31:9  Анық сөйлеп, әділ үкім шығаршы,Жарлы мен мұқтаждың мүддесін қорғашы!
Prov Kaz 31:10  Еңбекқор, жақсы әйелді кім таба алар?Ол інжу-маржаннан да бағалы болар!
Prov Kaz 31:11  Күйеуі оған толықтай сенім артады,Ешқандай игіліктен ада қалмайды.
Prov Kaz 31:12  Өмір бойы оның күйеуіне жасарыЖамандық емес, жақсылық қана болады.
Prov Kaz 31:13  Әйел жүн мен зығырды өзі таңдайды,Қол жұмысын да ынтамен жасайды.
Prov Kaz 31:14  Жер шарлаған саудагер кемесі секілдіАлыстан да азық-түлігін әкеледі.
Prov Kaz 31:15  Әйел төсегінен тұрып таң атпай ерте,Тамағын үлестіріп беріп үй ішіне,Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.
Prov Kaz 31:16  Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,
Prov Kaz 31:17  Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.
Prov Kaz 31:18  Ұғады ол еңбегінің өнімді боларын,Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.
Prov Kaz 31:19  Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,Дем алмастан иіреді ол ұршығын.
Prov Kaz 31:20  Оның қолы әрдайым жомарт жарлыларға,Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.
Prov Kaz 31:21  Қар жауып, үй ішім тоңар деп қамықпайды,Бәрі де қос-қостан киімдерін киеді.
Prov Kaz 31:22  Әйел әсемдеп тоқып төсек жабынын,Бәтес, қызыл жүннен тігеді киімін.
Prov Kaz 31:23  Күйеуінің атағы кең жайылады,Елдің ақсақалдарымен кеңес құрады.
Prov Kaz 31:24  Бәтестен әйел жапқыш тігіп, сатады,Белбеумен де саудагерді қамтиды.
Prov Kaz 31:25  Осылай ол бөленеді күш пен салтанатқа,Шаттықпен қарайды жарқын болашаққа.
Prov Kaz 31:26  Аузынан шыққан сөзі — нағыз даналық,Берген тәлімі — мейірімді жақсылық.
Prov Kaz 31:27  Үй шаруасын мұқият бақылайды,Ол нанын бекер жеп, еш масыл болмайды.
Prov Kaz 31:28  Балалары тұрып, аналарын дәріптейді,Күйеуі де оны былай деп құрметтейді:
Prov Kaz 31:29  «Көп әйел заты еңбекқор, жақсы екен,Бірақ барлығынан да асып түстің сен!»
Prov Kaz 31:30  Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,Тәңір Иені қастерлейтін әйел лайық мадаққа.
Prov Kaz 31:31  Беріңдер оған еңбегінің тиісті зейнетін,Істері үшін жұрт алдында ол дәріптеле берсін!