Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
Prov Kaz 5:1  Балам, даналығымды қабылда,Ұлағатты сөздерімді тыңда,
Prov Kaz 5:2  Осылай естілікті үйренерсің,Білім сақтап, парасатпен сөйлерсің.
Prov Kaz 5:3  Азғын әйелдің тілінен бал тамады,Сөздері майдан да жұмсақ болады.
Prov Kaz 5:4  Бірақ оның кесірі ащы жусандай,Соңы өткір болар екі жүзді семсердей.
Prov Kaz 5:5  Аяқтары өлім жолына түсіп барар,Қадамдары көрге қарай бағытталар.
Prov Kaz 5:6  Шынайы өмір жолын сол әйел ойламайды,Қауіпті жолмен жүргенін аңғармайды.
Prov Kaz 5:7  Сонымен, балалар, тілімді алыңдар,Айтатын сөздерімнен бас тартпаңдар!
Prov Kaz 5:8  Әрдайым алыс бол сондай әйелден,Жақындамай, аулақ жүр есігінен!
Prov Kaz 5:9  Әйтпесе әл-күшіңнен құр қаласың,Жиғаныңды қатал жанға тапсырасың.
Prov Kaz 5:10  Басқалар байлығыңды иемденер,Бөтен жан еңбегіңнің жемісін жер.
Prov Kaz 5:11  Өміріңнің соңында тәнің әлсіреп,Былай деп күйзелерсің, қатты опық жеп:
Prov Kaz 5:12  «Әттеген-ай, тәрбиені неге жек көріппін,Ескертуді қалайша елемей жүріппін?
Prov Kaz 5:13  Ұстаздарымның тілін қалайша алмаппын,Тәлімгерлеріме еш құлақ салмаппын?
Prov Kaz 5:14  Сондықтан мен жиналған жамағаттыңАлдында масқара бола жаздаппын!»
Prov Kaz 5:15  Суын ішіп, шөліңді бас өз «құдығыңнан»,Ләззат тап өз «бұлағыңның кәусарынан».
Prov Kaz 5:16  «Бұлағың» көшелерде ақсын ба,«Кәусарың» алаңдарда жайылсын ба?
Prov Kaz 5:17  Лайым ол тек қана сендік болсын,Адал жүр, бөліспе өзгелермен!
Prov Kaz 5:18  Құдайым жарылқай көрсін «бұлағыңды»,Қанағат ет жастай алған қосағыңды:
Prov Kaz 5:19  Ол еліктей сұлу, тауешкідей әсем,Үнемі ләззат тап кеудесінен,Мас бола бер махаббатына әрдайым.
Prov Kaz 5:20  Балам, өзге әйелге әуестіктің қажеті не?Басқаның кеудесін құшқаннан табасың не?
Prov Kaz 5:21  Адамның күллі ісі Жаратқанның көз алдында,Ол баға береді пенденің бар жолына.
Prov Kaz 5:22  Зұлым жан өз күнәларының тұзағына түсер,Жасаған жамандықтары оны кіріптар етер.
Prov Kaz 5:23  Тәрбиесіздігі оны ажалға тап қылар,Зор ақымақтығы ақ жолдан адастырар.