Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 29
Prov Kaz 29:1  Ескертуді тыңдамай, қасарысқан жанКенеттен күйреп, оңалмас содан.
Prov Kaz 29:2  Әділдер саны молайса халық қуанар,Зұлымдар билік құрса халық аһ ұрар.
Prov Kaz 29:3  Даналықты сүйген жан әкесін қуантар,Азғын әйелмен байланысқан байлығын шашар.
Prov Kaz 29:4  Патша әділдікпен елін нығайтар,Парақұмар болса елін құлдыратар.
Prov Kaz 29:5  Досына жағымпазданғанОның аяғына тор құрған.
Prov Kaz 29:6  Зұлым күнәсімен өзіне тор құрар,Әділ қуанып, көңілді ән салар.
Prov Kaz 29:7  Әділ жан жарлының құқығын ойлар,Зұлым соны білуден бас тартар.
Prov Kaz 29:8  Мазақшылдар қаланы даурықтырар,Даналар ашу-ызаны басар.
Prov Kaz 29:9  Дана жан ақымақпен соттасса,Ақымақ еліріп не күліп, бермес маза.
Prov Kaz 29:10  Қанқұмарлар мінсізді жек көреді,Ал әділдер мінсіздің игілігін көздейді.
Prov Kaz 29:11  Аңғал бар ашуын төгер,Дана өзін-өзі билер.
Prov Kaz 29:12  Әмірші өтірікке құлақ түрсе егер,Бар нөкері арамза боп шыға келер.
Prov Kaz 29:13  Кедей мен қанаушыға ортақ нәрсе:Жаратқан Ие көз нұрын сыйлады екеуіне.
Prov Kaz 29:14  Кедейлерге әділ үкім шығарарПатшаның тағы мәңгіге нығаяр.
Prov Kaz 29:15  Тиянақты тәрбие мен қажетті жазаБаланы ақылды қылар,Ал өз бетімен жіберілген балаАнасын масқараға қалдырар.
Prov Kaz 29:16  Зұлымдар көбейсе заңсыздық көбейер,Кейін әділдер олардың күйреуін көрер.
Prov Kaz 29:17  Балаңа жақсылап тәлім-тәрбие бер,Жаныңды ол тыншытып, шаттыққа кенелтер.
Prov Kaz 29:18  Құдайдың хабарын алмаса, халық бетімен кетер,Ал Оның тәлімін сақтағандар бақытқа кенелер.
Prov Kaz 29:19  Жай сөзбен құлды тәрбиелеуге болмас,Айтқанды ол ұқса да, іске асырмас.
Prov Kaz 29:20  Ағат сөйлейтін адамды көрсең,Аңғалдан үміт көбірек күтерсің.
Prov Kaz 29:21  Жасынан еркелеткен құлыңКейіннен болармын дер ұлың.
Prov Kaz 29:22  Ашулы жан дау-жанжал туғызар,Қызба жан көптеген күнә жасар.
Prov Kaz 29:23  Менмендік адамның мерейін түсірер,Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер.
Prov Kaz 29:24  Қарақшымен сыбайлас өз жанына қас,Ол қарғанып ант беруге болар тиіс,Ал шын куәлік беруге батылы жетпес.
Prov Kaz 29:25  Пендеден қорқуы адамға тұзақ құрар,Жаратқанға сенуші қауіпсіз болар.
Prov Kaz 29:26  Көптеген кісі әміршінің ықыласын іздер,Ал әділет адамға Тәңір Иеден келер.
Prov Kaz 29:27  Азғын адам әділдерге жек көрінішті,Тура жүрген жан зұлымдарға жиренішті.