Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 13
Prov Kaz 13:1  Ақылды бала әке тәрбиесін қабыл алар,Ал мысқылшыл ескертуге құлақ аспас.
Prov Kaz 13:2  Адам игі сөздерінің жемісін көрер,Ал опасыз жан зорлық-зомбылық көздер.
Prov Kaz 13:3  Аузына ие болған өмірін сақтар,Аузын айқара ашқан пәлеге ұшырар.
Prov Kaz 13:4  Жалқау мол аңсағанмен аз алар,Ынтамен еңбек еткен тоқ болар.
Prov Kaz 13:5  Әділ өтірік сөзді жек көрер,Зұлым арсыз ісімен абыройын төгер.
Prov Kaz 13:6  Таза жанды әділдігі аман сақтар,Күнәкарды зұлымдығы құлатар.
Prov Kaz 13:7  Бай болғансыған біреудің түгі де жоқ,Ал кедейсіген басқа біреу байлыққа тоқ.
Prov Kaz 13:8  Байлық байдың өміріне төлем болар,Ал кедей қоқан-лоқыдан аман болар.
Prov Kaz 13:9  Әділдің нұры жарқырап жанар,Зұлымның шырағы өшіп қалар.
Prov Kaz 13:10  Менмендік дау-жанжал туғызар,Даналық ақылдасқандарда болар.
Prov Kaz 13:11  Оңай олжа тез таусылар,Еңбекпен жинаған байлығын молайтар.
Prov Kaz 13:12  Ұзаққа созылған үміт жүрек қажытар,Орындалған тілек өмірді құлпыртар.
Prov Kaz 13:13  Нақыл сөзді елемеген кесірін көрер,Нұсқауды құрметтеген пайдасын көрер.
Prov Kaz 13:14  Данышпанның тәлімі — өмір бұлағы,Ол адамды ажал торынан құтқарады.
Prov Kaz 13:15  Ақыл-парасат адамды ұнамды қылар,Зымиянның жолы тым ауыр болар.
Prov Kaz 13:16  Зерделі білгірлікпен әрекет етер,Зердесіз надандығын паш етер.
Prov Kaz 13:17  Зұлым хабаршы пәлеге тап болар,Адал хабаршы амандық орнатар.
Prov Kaz 13:18  Тәрбиеден безген жоқтық пен масқараға ұшырар,Ескертуге көңіл бөлген қадір-құрметке ие болар.
Prov Kaz 13:19  Аңсағаны іске асса көңіл сүйсінер,Арам ісінен қайтудан надан жиренер.
Prov Kaz 13:20  Данамен жолдас болған дана болар,Наданмен жолдас болған пәлеге қалар.
Prov Kaz 13:21  Күнәкардың соңынан пәле қалмас,Әділ жан ізгі сыйынан ада қалмас.
Prov Kaz 13:22  Ізгі жанның мұрасы үрім-бұтағына қалар,Күнәкардың байлығы әділ жанға сақталар.
Prov Kaz 13:23  Кедей жыртқан тың жерден егін бітік шығар,Ал әділетсіздіктің кесірінен бір бөлігі ұрланар.
Prov Kaz 13:24  Жазасын тартқызбаған баласын сүймейді,Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.
Prov Kaz 13:25  Әділ жан тамағын тойып ішер,Арамзаның қарны аш жүрер.