Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 12
Prov Kaz 12:1  Тәрбиені ұнатқан — білімді де ұнатқан,Ал ескертуді жек көрген — санасыз надан.
Prov Kaz 12:2  Ізгі жанды Жаратқан Ие ұнатар,Зымиянға Ол үкімін шығарар.
Prov Kaz 12:3  Адам зұлымдықпен берік болмас,Ал әділ жанның түп-тамыры мызғымас.
Prov Kaz 12:4  Ізгі әйел күйеуінің абыройын асырар,Арсыз әйел күйеуінің қуатын тауысар.
Prov Kaz 12:5  Әділдің ой-ниеті әділетті,Арамзаның кеңесі алдамшы.
Prov Kaz 12:6  Зұлымның сөзі қан төгер тұзақ құрар,Әділдің сөзі пәледен құтқарар.
Prov Kaz 12:7  Зұлым құлап, із-түзсіз жоқ болар,Әділдің шаңырағы берік тұрар.
Prov Kaz 12:8  Ақылына қарап адамды мақтар,Ойы бұзық жан жексұрын болар.
Prov Kaz 12:9  Кеуде көтеріп аш жүргеннен гөрі,Адал еңбек еткен қарапайым жан игі.
Prov Kaz 12:10  Ізгі жан малының да қамын ойлар,Арамзаның жүрегі қатыгез болар.
Prov Kaz 12:11  Жерін өңдегеннің қарны тоқ,Бос қиял қуғанның ақылы жоқ.
Prov Kaz 12:12  Зұлымның олжасына сұрқия көз салар,Тамыры берік әділ жан жемісті болар.
Prov Kaz 12:13  Арамза жалған сөзінен ұсталар,Әділ жан пәледен аман құтылар.
Prov Kaz 12:14  Аузынан шыққан жақсы сөзі адамды тоқ қылар,Еңбек еткен қолы да ақысын алар.
Prov Kaz 12:15  Ақымақ жүрген жолым тура дер,Дана жан кеңеске құлақ түрер.
Prov Kaz 12:16  Ақымақтың ашуы бірден бетіне шығар,Ақылды жан шеккен жәбіріне немқұрайды қарар.
Prov Kaz 12:17  Білген шындығын айтқан әділдікті паш етер,Жалған куәгер болған опасыздық етер.
Prov Kaz 12:18  Мылжың өз тілімен семсердей шағар,Дана өз тілімен жанның жарасын сауықтырар.
Prov Kaz 12:19  Шыншылдың сөзі мәңгілік,Өтірікшінің сөзі бір-ақ сәттік.
Prov Kaz 12:20  Зұлымдық ойлағанның жүрегі толған сұмдық,Татулық ойлағанның жүрегі толған шаттық.
Prov Kaz 12:21  Әділге күнәнің кесірі жұқпас,Зұлым толған пәлесінен арылмас.
Prov Kaz 12:22  Жалған тіл Жаратқанға жиренішті,Ақиқатты айтатын Оған сүйкімді.
Prov Kaz 12:23  Зерделі білімін жасырар,Зердесіз надандығын жариялар.
Prov Kaz 12:24  Еңбекқор қол билікке жеткізер,Жалқау қол құлдыққа түсірер.
Prov Kaz 12:25  Сары уайым адамның еңсесін басар,Жақсы сөз оның көңілін тасытар.
Prov Kaz 12:26  Әділ жан серіктерін ақ жолмен бастар,Арамзаның жолы оларды адастырар.
Prov Kaz 12:27  Жалқау аң аулап, етін қуыруға да ерінер,Ал еңбекқордың меншігі құндана түсер.
Prov Kaz 12:28  Әділдік жолында шынайы өмір бар,Онымен жүрген мәңгі өлімнен құтылар.