Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 23
Prov Kaz 23:1  Әміршімен дастарқандас болған уақытыңдаАлдыңда кім отырғанын есіңде ұста.
Prov Kaz 23:2  Қомағай да ашқарақ болып жүрме,Тамағыңа пышақ тақағандай тәбетіңді бөге.
Prov Kaz 23:3  Әміршінің дәмді тағамдарына болма құмар,Мүмкін, ол қу ниетпен ұсынған шығар.
Prov Kaz 23:4  Бай боламын деп өзіңді зорықтырма,Даналық бар сондай ойдан бас тартқанда.
Prov Kaz 23:5  Байлыққа көзіңді салсаң, ол қанат бітіпАспанға ұшқан бүркіттей лезде болар ғайып.
Prov Kaz 23:6  Сараңның асын ішпе,Дәмді тағамдарын көксеме.
Prov Kaz 23:7  Ол қара басының ғана қамын ойлайды,«Ішіп-же» деп сені қолпаштайды,Бірақ онысын шын жүректен айтпайды.
Prov Kaz 23:8  Аз-кем жеген асыңды кейін құсып тастарсың,Зая кетер инабатты айтқандарың.
Prov Kaz 23:9  Ақымаққа бекер айтпа сөздеріңді,Ол менсінбейді ғой берген кеңесіңді.
Prov Kaz 23:10  Ежелгі межені жасырын жылжытпа,Жетімнің жеріне қолыңды сұқпа!
Prov Kaz 23:11  Өйткені оны Қорғаушы қуатты,Мүддесін қорғап саған қарсы тұрады.
Prov Kaz 23:12  Санаңды тәлімге бұр,Құлағыңды нақылға түр.
Prov Kaz 23:13  Баланы тәрбиесіз, бетімен жіберме,Жөнімен жазаласаң ол өлмейді де,
Prov Kaz 23:14  Шектеу қойып, оны жөнге салсаң,Ажалдан жанын аман сақтарсың.
Prov Kaz 23:15  Балам, егер шынымен дана болсаң,Жүрегім қатты шаттанады бұған,
Prov Kaz 23:16  Ақиқат сөздер ғана шықса аузыңнан,Қуанышым қойныма сыймайды соған.
Prov Kaz 23:17  Күнәкарларды ешқашан күндеме,Тәңір Иені әр күні шын қастерле!
Prov Kaz 23:18  Сонда болар жарқын келешегің,Әрі үзілмес сенің күдерің.
Prov Kaz 23:19  Ақылды бол, балам, мені тыңда,Жүрегіңді тура жолға бағытта:
Prov Kaz 23:20  Шарап ішіп, етке тоймасМешкейлерге сен қосылма!
Prov Kaz 23:21  Мешкейлік, маскүнемдік жарлы қылар,Ұйқышылдың киімі тоз-тоз болар.
Prov Kaz 23:22  Тыңда өзіңді дүниеге келтірген әкеңді,Менсінбей жүрме қартайды деп шешеңді.
Prov Kaz 23:23  Шындықты тауып, оны ешқашан сатпа:Ие бол даналық, тағылым мен парасатқа.
Prov Kaz 23:24  Әділдің әкесі қатты қуанады,Дананың шешесі де шаттанады.
Prov Kaz 23:25  Осылай ата-анаң шаттана алсын,Иә, туған анаң әндетіп қуансын!
Prov Kaz 23:26  Балам, жүрегіңді маған бағышта,Риза бол өзіңді жүргізетін жолдарыма!
Prov Kaz 23:27  Себебі азғын әйел — түпсіз шыңыраудай,Түскен адам шыға алмас тар құдықтай.
Prov Kaz 23:28  Бөтен әйел қарақшыдай торуылдап күтер,Опасыз жандардың санын көбейтер.
Prov Kaz 23:29  Кімде пәле, қайғы, жанжал бар?Кімде шағым, қажет емес жара бар?Кімнің көзі көреді бұлыңғыр?
Prov Kaz 23:30  Мұның бәрі шарап ішіп,Ұзақ отыратындарда болар,Ішімдіктерді араластырып,Дәмін тататындарда болар.
Prov Kaz 23:31  Сен шараптың қалай қызарып,Тостағанда құбыла жалтырап,Бірқалыпты жұмсақ жұтылғанынаЛайым қызықтап қарайтын болма!
Prov Kaz 23:32  Әйтпесе ол соңында жыландай шағып алар,Денеңе сұр жыландай уын шашар,
Prov Kaz 23:33  Көз алдыңа елестеп бөгде бейнелер,Жүрегіңнен шығар жаман сөздер;
Prov Kaz 23:34  Сонда ұқсарсың теңіздің қақ ортасындаКеме діңгегінің ұшар басындаҰйықтап жатқан сорлы жанға;
Prov Kaz 23:35  Былай дерсің: «Ұрғанда ауырмады ешбір жерім,Итергенде мені түк те сезбедім,Оянғанда тағы да ішімдікті іздеймін».