Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 10
Prov Kaz 10:1  Сүлейменнің бірсыпыра нақыл сөздері:Ақылды бала — әкесінің сүйініші,Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.
Prov Kaz 10:2  Арам байлық пайдалы болмайды,Ал әділдік ажалдан сақтайды.
Prov Kaz 10:3  Әділдің аш жүруіне Жаратқан жол бермес,Зұлымның аңсағанын беруді Ол қош көрмес.
Prov Kaz 10:4  Жалқау қол жарлы қылар,Іскер қол дәулетті қылар.
Prov Kaz 10:5  Жазда өнім жиған — ақылды бала,Орақ кезінде ұйықтаған — арсыз бала.
Prov Kaz 10:6  Әділ жан жарылқауға ие болар,Зұлымның аузы зорлығын жасырар.
Prov Kaz 10:7  Әділді есіне алған жұрт шүкір етер,Ал зұлымның есімі құрып кетер.
Prov Kaz 10:8  Дана жан нұсқауды жылы қабылдар,Надан өз сөзінен сүрініп құлар.
Prov Kaz 10:9  Таза жүрген аман жүрер,Қисық жолдағы әшкереленер.
Prov Kaz 10:10  Көзін қысып белгі берген ыза келтірер,Ал мылжың бос сөзінен жапа шегер.
Prov Kaz 10:11  Әділдің аузынан өмір қайнар,Зұлымның аузы зорлығын жасырар.
Prov Kaz 10:12  Өшпенділік араздық туғызар,Сүйіспеншілік бар күнәні жабар.
Prov Kaz 10:13  Зерделінің аузынан даналық шығар,Парасаттан бас тартқан жазасын тартар.
Prov Kaz 10:14  Данышпан білімін сақтап қояр,Ақымақ аузымен пәле шақырар.
Prov Kaz 10:15  Байдың қорғаны — өз байлығы,Жарлының пәлесі — өз жоқшылығы.
Prov Kaz 10:16  Әділдің өнімі — өмірге,Зұлымның табысы — күнәға.
Prov Kaz 10:17  Тәрбиеге мойынсұнған жан өмірге жол бастар,Ал ескертуді елемейтін өзгені де азғырар.
Prov Kaz 10:18  Қастығын жасырғанның тілі жалған,Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.
Prov Kaz 10:19  Сөзуар құтыла алмас күнәдан,Ақылды жан өз аузына ие болған.
Prov Kaz 10:20  Әділдің тілі — таңдаулы күміс,Зұлымның ниеті — түкке тұрғысыз.
Prov Kaz 10:21  Әділдің тілі көпке ақыл берер,Наданның зердесіздігі өз түбіне жетер.
Prov Kaz 10:22  Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар,Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.
Prov Kaz 10:23  Зердесізге зұлымдық ләззат,Зерделіге даналық ләззат.
Prov Kaz 10:24  Арам жан қорыққанына тап болар,Әділдің аңсағаны орындалар.
Prov Kaz 10:25  Құйын өтіп кетсе арамза ғайып болар,Ал әділдің негізі мәңгі берік болар.
Prov Kaz 10:26  Қышқыл тіске, түтін көзге кесел,Жалқау өзін жұмсағанға кесел.
Prov Kaz 10:27  Жаратқанды шын қастерлеу ғұмырды ұзартар,Ал зұлымдардың ғұмыры қысқартылар.
Prov Kaz 10:28  Әділдің күткені шаттыққа апарар,Зұлымның үміті құр бекер болар.
Prov Kaz 10:29  Жаратқанның жолы мінсіз жанға қорған болар,Ал зұлымдық істеушінің үрейін ұшырар.
Prov Kaz 10:30  Әділ жан ешқашан шайқалмас,Зұлым жан өз елінде тұра алмас.
Prov Kaz 10:31  Әділ жан даналықты шыңдай түсер,Өтірікші лайықты жазасын шегер.
Prov Kaz 10:32  Әділдің аузынан ізгі сөз шығар,Арамзаның аузынан азғын сөз шығар.