Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 25
Prov Kaz 25:1  Бұлар да Сүлейменнің нақыл сөздері. Оларды жинақтағандар — Яһуда елінің патшасы Езекияның қызметкерлері.
Prov Kaz 25:2  Істі құпиялау — Құдайдың даңқы,Оны зерттеп ашу — патшаның даңқы.
Prov Kaz 25:3  Аспанның заңғар, жердің терең екеніндей,Патшаның ой-ниетін білмес ешкім түгелдей.
Prov Kaz 25:4  Күмісті балқытып қоқыстан аластатар,Саф күмістен зергер құнды ыдыс жасар,
Prov Kaz 25:5  Дәл солай патшадан сұмдарды алшақтатыңдар,Патшаның тағы сонда әділдікпен нығаяр.
Prov Kaz 25:6  Патша алдында асқақтама,Ұлықтар орнына тұрып алма,
Prov Kaz 25:7  Мырзаңның көз алдында ұялғанша,Саған игі, «төрге шық» деп шақырса.Көргеніңді сотқа айтуға асықпа,
Prov Kaz 25:8  Қарсыласың жеңіп шықса соңында,Қайтесің өзіңді масқара қылғанда?
Prov Kaz 25:9  Көршіңмен мәселеңді жеке талқыла,Басқа адамның бірақ сырын ашпа.
Prov Kaz 25:10  Әйтпесе естіп қалған сені балағаттар,Масқараң өзіңде мәңгілік қалар.
Prov Kaz 25:11  Орнымен айтылған сөз күміс табаққаСалынған алтын алмадай тамаша.
Prov Kaz 25:12  Тыңдайтын құлаққа дананың әшкересіАлтын сырға мен саф алтын әшекей іспетті.
Prov Kaz 25:13  Жазғы орақ кезіндегіСергіткен қар секілді,Қожайынының жанын сергітедіЖіберген сенімді елшісі.
Prov Kaz 25:14  Бермес сый-тартуымен мақтанушыҚұрғақ жел һәм жаумас бұлтқа ұқсайды.
Prov Kaz 25:15  Билеушіні төзімділікпен сендірер,Қарсыласты майда тілмен көндірер.
Prov Kaz 25:16  Бал таба қалсаңЖе оны шамаңа қарап,Артық жеп қойсаңЖиренерсің құсып тастап.
Prov Kaz 25:17  Көршіңе тым жиі барыпКетірме қадіріңді,Әйтпесе сенен мезі болыпЖек көріп кетер өзіңді.
Prov Kaz 25:18  Өзгеге қарсы жалған куә болған —Сойыл, семсер, үшкір жебедей қауіпті жан.
Prov Kaz 25:19  Опасызға үміт арту апатты күні,Бұл — сынған тіс, сал болған аяқ іспетті.
Prov Kaz 25:20  Салқын күні басқаның шапанын тартып алған,Яки жарақатқа сірке су құйған жанСияқты — қайғылыға көңілді өлең айтқан.
Prov Kaz 25:21  Жауың сенің аш болса тамақтандыр,Егер ол шөлдесе шөлін қандыр!
Prov Kaz 25:22  Сен осылай етіп басына оныңҚызып тұрған шоқ жиғандай боласың,Һәм Жаратқан қайтарар саған қарымтасын.
Prov Kaz 25:23  Сөз жоқ, солтүстік самал жаңбыр жаудырар,Жала жапқыш тіл ашулы кейіп туғызар.
Prov Kaz 25:24  Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша,Үй төбесіндегі күркеде тұрған артық оңаша.
Prov Kaz 25:25  Алыс елден әкелінген жақсы хабарШөлдегенге берілген салқын суға ұқсар.
Prov Kaz 25:26  Арамзадан қорқып, көнген әділ жан —Бүлінген құдық пен бұлақтай лайланған.
Prov Kaz 25:27  Балды тым көп жеу пайдалы емес,Өз даңқы үшін ұмтылу абырой бермес.
Prov Kaz 25:28  Өзіне ие бола алмайтын жанҚорғансыз қаладай, қамалы құлаған.