Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
DEUTERONOMY
Prev Up Next
Chapter 33
Deut Kaz 33:1  Құдайдың таңдаған адамы Мұса қайтыс боларының алдында исраилдіктерге батасын беріп
Deut Kaz 33:2  былай деді:«Жаратқан Ие келген еді Синайдан,Үстімізге көтеріліп Сейір тауынан,Әрі шұғыласын шашып Паран тауынан.Сан мыңдаған Өзіне бағышталғандарменКелді оңтүстіктен, тау етектерінен.
Deut Kaz 33:3  Иә, Ием, Сен халқыңды сүйесің,Өзіңе бағышталған қасиеттілердіңБарлығы да қолыңда Өзіңнің,Бәрі жиналып аяғыңа бас ұрады,Сөздеріңді Өзіңнен қабыл алады.
Deut Kaz 33:4  Мұса бізге тапсырды Таурат заңын,Мұрасы болды ол Жақып қауымының.
Deut Kaz 33:5  Бас қосқанда халықтың басшылары,Олармен бірге Исраилдің рулары,Жаратқан Ие болды Ешүруннің Патшасы.
Deut Kaz 33:6  (Пайғамбар Рубен руына мынадай бата берді:)«Рубен руы өмір сүрсін, құрымасын,Лайым адамдарының саны азаймасын!»
Deut Kaz 33:7  Ал Яһуда руына арнап ол былай деді:«Уа, Жаратқан, Яһуданың даусын ести гөр,Оны халық қылып жинап әкеле гөр!Оның мүддесін қорғасын өз қолдары,Демей көрші оны жауларына қарсы!»
Deut Kaz 33:8  Леуі руына Мұса мынадай бата берді:«Кемелділік пен Нұр» атты жебелеріңӨзіңе адал бұл жандарда бола берсін!Уа, Ием, Маса маңында оларды сынадың,Мерібада жартастан шыққан сулардыңҚасында олармен күрескен едің.
Deut Kaz 33:9  Қорғау үшін сөздерің мен КелісіміңдіӘке-шешелерінің тілегін елемеді,Олар ағайындыларын да танымады,Тіпті өз балаларын да мойындамады.
Deut Kaz 33:10  Жақып халқына шешімдеріңді жеткізеді,Исраилге Таурат заңыңды үйретеді,Алдыңда хош иісті заттар түтетеді,Үстеліңде шалынған құрбандықты өртейді.
Deut Kaz 33:11  Уа, Ием, Леуінің күшін жарылқай көрші,Істеген істеріне риза бола көрші,Леуіге қарсы шыққанды күйрете гөр,Жек көрген жауларын тұрмастай жыға гөр!»
Deut Kaz 33:12  Мұса Бунямин руына батасын беріп былай деді:«Лайым Жаратқан Ие жақсы көргенРу Оның қасында тұрсын аман-есен,Күн сайын Ием оны қорғайтын болсын,Таулардың беткейлерінде қоныстансын».
Deut Kaz 33:13  Жүсіпке Мұса мынадай бата берді:«Жаратқан Ие жарылқасын оның елін,Аспанның баға жетпес шығын түсіре берсін,Шыңырау бұлақтарын ағыза көрсін.
Deut Kaz 33:14  Күн көзінде пісетұғын үздік жемістерін,Ай сайын жиналатын керемет өнімдерінЖаратқан Ие ағыл-тегіл сыйлай берсін,
Deut Kaz 33:15  Ежелгі таулардың таңдаулы өнімдерін,Мәңгі қырлардың да тамаша егіндерін!
Deut Kaz 33:16  Жанып жатқан бұтаның арасынанӨзін аян еткен Иеміз ЖаратқанЖүсіпке мейірім көрсетіп, жердіңЖәне оны толтырып тұрған жан иелерініңЕң тамаша өнімдерін сыйлай көрсін.Бұл игіліктер төбесіне Жүсіптің —Бауырларының ішінен таңдаулыныңБасына әрдайым қона берсін!
Deut Kaz 33:17  Жүсіптің айбаты тұңғыш бұқанікіндей,Һәм күші жабайы бұқаның мүйізінікіндей,Соларымен ол күллі бөтен ұлттарды,Тіпті жердің түкпіріндегі халықтардыМүйізімен сүзгеніндей жеңіп шығады.Ефрем руының он мыңдаған адамдарыОсындай әрі Манасаның мыңдағандары».
Deut Kaz 33:18  Забулон (мен Исашар) жайлы Мұса пайғамбар былай деді:«Ей, Забулон, жолға шыққанда шаттаныңдар,Ал, Исашар, шатырларыңда қуаныңдар!
Deut Kaz 33:19  Теңіз оларды дәулетті қылады,Құмнан да олар байлық тауып алады,Ұлттарды Құдайдың тауына шақырады,Оған адал құрбандық шалып ұсынады».
Deut Kaz 33:20  Ғад руына ол мынадай бата берді:«Ғадтың жерін кеңейткен Ием қастерленсін!Ғад арыстандай тынығады, ал кейінЖемтігіне бас салып, паршалайды денесін.
Deut Kaz 33:21  Ғад өзіне ең жақсы жерді таңдап алған,Сонда басшының үлесі сақталған,Халықтың игі-жақсылары бас қосқан.Ғад Жаратқанның әділ еркін іске асырған,Исраил жайлы шешімдерін орындаған».
Deut Kaz 33:22  Дан руына пайғамбар мына батаны берді:«Дан руы бір жас арыстандай болады,Сол Башан аймағынан секіріп шығады».
Deut Kaz 33:23  Нафталим руына арнап Мұса былай деді:«Ей, Нафталим, Жаратқанның рақымы менАғыл-тегіл жарылқауына бөленген сенҒалилея көлі мен оңтүстігін иемден!»
Deut Kaz 33:24  Ашир руына ол мына батаны берді:«Ұлдардың ішінде Ашир мол жарылқанған,Ағайындары оны ұнатсын әрқашан,Зәйтүн майы мол ақсын әрдайым,Аяғын соған мала алсын ол лайым!
Deut Kaz 33:25  Темір, қоладан болсын қақпа ысырмаларың,Берік тұрсын бекінген қалаларың,Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!»
Deut Kaz 33:26  «Уа, Ешүрун, ешкім ұқсамас Құдайыңа,Ол салтанатпен келеді сені қолдауға,Бұлттар үстімен жүреді аспанда.
Deut Kaz 33:27  Ежелден Құдай болып келеді баспанаң,Аясында боласың мәңгілік қолының,Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады,Оны жойып құртуға бұйырады,
Deut Kaz 33:28  Сонда Исраил аман-есен тұрады,Жақыптың бұлағы қауіпсіз болады,Лайым аспаннан шық түсетін болсын,Елдің наны мен шырыны молайсын!
Deut Kaz 33:29  Уа, Исраил, қандай бақыттысың сен,Жаратқан Ие құтқарған аман-есенӨзіңдей басқа халық бар ма екен?Ол сені қалқандай қорғап-қолдайды,Семсердей саған үстемдік сыйлайды.Алдыңда құлдық ұрады жауларың,Биік жерлеріне аяғыңды басасың».