EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 14
Exod | Kaz | 14:2 | «Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: олар кері бұрылып, Миғдол мен теңіздің аралығындағы Пи-Һахироттың қасына қоныстанып, Бағал-Сефонға қарама-қарсы, теңіз жағалауына орналассын. | |
Exod | Kaz | 14:3 | Сонда перғауын Исраил халқы ел кезіп адасып кетті, айдаланың қоршауында қалды деп ойламақ. | |
Exod | Kaz | 14:4 | Ал Мен арттарыңнан қуып шықсын деп перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Осылай перғауынға және оның бүкіл әскеріне Өзімнің ұлылығымды көрсетемін. Соған қарап мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді біліп мойындайтын болады».Исраилдіктер осылай істеп, сол жерде аялдады. | |
Exod | Kaz | 14:5 | Мысыр патшасына «Исраилдіктер қашып кетті» деген хабар жеткенде өзі де, нөкерлері де олар туралы көзқарастарын өзгертіп: «Біздің бұл не істегеніміз? Неліктен Исраилді босатып жіберіп, олардың біз үшін істейтін қызметтерінен ада қалдық?!» — десті. | |
Exod | Kaz | 14:7 | Сондай-ақ өзіне қарасты алты жүз таңдаулы соғыс күймесін және Мысырдың басқа да бүкіл соғыс күймелерін ертіп алды. Бұл күймелердің бәрінің өз басшылары болды. | |
Exod | Kaz | 14:8 | Осылайша Жаратқан Ие Мысыр патшасы перғауынның жүрегін қасарыстырып қойды, сонда ол нық сеніммен алға басқан исраилдіктердің артынан қуа жөнелді. | |
Exod | Kaz | 14:9 | Мысырлықтар — күллі атты жасақтары, соғыс күймелері және бүкіл жаяу әскер исраилдіктердің артынан өкшелей отырып, оларды тынығуға жайғасқан теңіз жағасындағы Бағал-Сефонға қарама-қарсы, Пи-Һахироттың маңында қуып жетті. | |
Exod | Kaz | 14:10 | Перғауын жақындаған кезде исраилдіктер кері бұрылып қараса, соңдарынан қуған мысырлықтар келіп те қалыпты! Зәрелері ұшқан исраилдіктер айқайлап Жаратқан Иені шақырды. | |
Exod | Kaz | 14:11 | Олар тіпті Мұсаны сөгіп:— Не үшін бізді айдалада өлуге алып келдің? Мысырдан бізге мола табылмайтын ба еді?! Мысырдан алып шығып, бізге не қылғаның? | |
Exod | Kaz | 14:12 | Саған Мысырда: «Бізде жұмысың болмасын! Мысырлықтарға қызмет ете берейік» деп айтпап па едік? Бізге айдалада өлгеннен гөрі мысырлықтарға құл болғанымыз жақсы еді ғой! — деді. | |
Exod | Kaz | 14:13 | Ал Мұса халыққа жауап беріп:— Қорықпаңдар, берік тұрыңдар! Бүгін-ақ Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер: бүгін көрген мысырлықтарыңды енді қайтып мәңгі бақи көрмейтін боласыңдар! | |
Exod | Kaz | 14:14 | Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді. | |
Exod | Kaz | 14:15 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп тіл қатты:— Неге айқайлап Мені шақырып тұрсың? Исраилдің үрім-бұтағына: «Алға қарай жылжи беріңдер!» деп бұйыр. | |
Exod | Kaz | 14:16 | Өзің таяғыңды ұстап, қолыңды теңіздің үстіне қарай соз. Сонда теңіз қақ айырылып, халық теңіз ортасынан құрғақ жермен өте шығады. | |
Exod | Kaz | 14:17 | Мен мысырлықтардың жүрегін қасарыстырамын, олар арттарыңнан қуатын болады. Сонда Мен перғауынға, оның әскеріне, барлық соғыс күймелері мен атты жауынгерлеріне Өзімнің ұлылығымды көрсетемін. | |
Exod | Kaz | 14:19 | Исраил көшінің алдында жүріп келе жатқан Құдайдың періштесі сол сәтте олардың соңына барды. Бағана тәрізді бұлт та көштің алдыңғы жағынан артына қарай ығысып, | |
Exod | Kaz | 14:20 | Мысырдың әскері мен Исраил көшінің ортасына барып тұрды. Бұлт мысырлықтар жағына қараңғылық орнатып, исраилдік жақта түнді жарық қылып тұрды. Осылай Мысыр әскері исраилдіктерге түні бойы жақындай алмады. | |
Exod | Kaz | 14:21 | Мұса қолын теңіздің үстіне қарай созғанда Жаратқан Ие шығыстан қатты жел жіберді. Ол түні бойы соғып, теңіз суын әрі қарай итеріп, түбін құрғатты. Су қақ айырылған кезде | |
Exod | Kaz | 14:22 | Исраил халқы құрғақ жермен теңіз ортасынан өте шықты. Су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрды. | |
Exod | Kaz | 14:23 | Ал арттарынан қуған мысырлықтар: перғауынның барлық аттары, соғыс күймелері мен атты жауынгерлері исраилдіктердің ізімен теңіздің ортасына дейін кірді. | |
Exod | Kaz | 14:24 | Таңғы күзет кезінде Жаратқан Ие от пен бұлт бағанасынан мысырлықтардың әскеріне қарап, оларды састырып, берекелерін кетірді. | |
Exod | Kaz | 14:25 | Сондай-ақ Ол күймелерінің дөңгелектерін шығарып тастап, күймелер әрең дегенде қозғалды. Сонда мысырлықтар: «Исраилдіктерден қашып құтылайық! Олар үшін Жаратқан Ие Мысырмен шайқасып жатыр!» — деп айқай салды. | |
Exod | Kaz | 14:26 | Сол кезде Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды: «Қолыңды теңізге қарай соз! Сонда су қайтадан орнына келіп, мысырлықтардың күймелері мен атты жауынгерлерін басып қалсын». | |
Exod | Kaz | 14:27 | Мұса қолын теңізге қарай созды. Содан таң ата су орнына келді. Қашып бара жатқан мысырлықтар оған қарсы жүгіріп, Жаратқан Ие оларды теңіз ішінде суға батырды. | |
Exod | Kaz | 14:28 | Арнасына қайтқан су Исраил халқының соңына түсіп, теңіздің ішіне дейін қуып келген перғауынның бүкіл әскерін, күймелері мен атты жауынгерлерін көміп тастады. Олардың бірде-біреуі тірі қалмады. | |
Exod | Kaz | 14:29 | Ал исраилдіктер теңіздің ортасынан құрғақ жермен өте шығып, су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрған еді. | |
Exod | Kaz | 14:30 | Осылай Жаратқан Ие сол күні Исраил халқын мысырлықтардың қолынан құтқарып алды. Кейін исраилдіктер олардың теңіз жағасында жатқан мәйіттерін көрді. | |