Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 20
Exod Kaz 20:1  Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты:
Exod Kaz 20:2  «Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.
Exod Kaz 20:3  Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!
Exod Kaz 20:4  Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!
Exod Kaz 20:5  Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,
Exod Kaz 20:6  ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.
Exod Kaz 20:7  Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.
Exod Kaz 20:8  Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол!
Exod Kaz 20:9  Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,
Exod Kaz 20:10  ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер!
Exod Kaz 20:11  Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.
Exod Kaz 20:12  Ата-анаңды сыйла!Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.
Exod Kaz 20:16  Ешкімді бекерге айыптама!
Exod Kaz 20:17  Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!»
Exod Kaz 20:18  Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Содан олар зәрелері ұша дірілдеп кетті. Халық алыстан тұрып,
Exod Kaz 20:19  Мұсадан:— Бізбен өзіңіз сөйлесіңіз, ал біз тыңдайтын боламыз. Құдай бізбен тікелей тілдесе көрмесін, әйтпесе құрып кетерміз, — деп өтінді.
Exod Kaz 20:20  Мұса халыққа:— Қорықпаңдар! Құдай сендерді (Өзінің араларыңда болуына) үйрету үшін осында келді. Бұдан былай Оны әрдайым шын жүректен қастерлейтін болыңдар! Бұларың сендерді күнә жасаудан сақтайтын болады, — деді.
Exod Kaz 20:21  Содан халық алыста қалып, ал Мұса Құдай тұрған қою қараңғылыққа қарай беттеді.
Exod Kaz 20:22  Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Көктен сендерге тіл қатқанымды өздерің көріп-естідіңдер.
Exod Kaz 20:23  Алтын-күмістен тәңір бейнелерін жасап алып, Менімен қатар қоймаңдар!
Exod Kaz 20:24  Маған арнап топырақтан құрбандық орнын салыңдар. Ұсақ әрі мүйізді ірі қара малдарыңнан құрбандық шалып, кейбіреулерін құрбандық орнының үстінде тұтасымен өртеп Маған ұсыныңдар. Ризашылық құрбандықтарының белгілі бөліктерін де соның үстінде өртеп ұсыныңдар. Мен өз атымды атап, дәріптеулеріңе рұқсат еткен әрбір орында солай істеңдер. Сонда Мен қастарыңа келіп, өздеріңді жарылқаймын.
Exod Kaz 20:25  Егер Маған арнап құрбандық орнын тастардан қаластырып салсаң, тастары қашалмаған болсын. Себебі егер қашауды қолдансаң, оны арамдайсың.
Exod Kaz 20:26  Сондай-ақ жалаңаш тәнің көрінбес үшін құрбандық орныма баспалдақпен көтерілме.