LUKE
Chapter 13
Luke | Kaz | 13:1 | Сол кезде кейбіреулер Исаға келіп, римдік әмірші Пилаттың бірнеше ғалилеялықтарды ғибадатхананың алаңында өлтірткені туралы айтты. Солардың қаны өздерінің құрбандыққа шалған малдарының қанымен араласып кеткен болатын. | |
Luke | Kaz | 13:2 | Иса мұны айтқандарға былай деп жауап берді:— Сендер «Бұл ғалилеялықтар осындай азапқа ұшырағандықтан, олардың күнәлары барлық жерлестерінің күнәларынан ауыр болған екен» деп ойлайсыңдар ма? | |
Luke | Kaz | 13:3 | Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар! | |
Luke | Kaz | 13:4 | Әлде сендер «Силоғам мұнарасы үстеріне құлап өлген он сегіз кісінің күнәлары Иерусалимнің барлық басқа тұрғындарының күнәларынан ауыр болған екен» деп ойлайсыңдар ма? | |
Luke | Kaz | 13:5 | Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар! | |
Luke | Kaz | 13:6 | Иса мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Бір кісінің жүзім бағында інжір ағашы да болыпты. Иесі барып, ағаштан жеміс іздейді, бірақ түк те таба алмайды. | |
Luke | Kaz | 13:7 | Содан ол жүзімшіге:— Көрдің бе, мына ағашқа үш жылдан бері келіп, бірде-бір жемісін таба алмадым. Оны кесіп таста! Ол босқа орын алып тұр, — дейді. | |
Luke | Kaz | 13:8 | Жүзімші бақтың иесіне:— Мырза, оны биылша қалдырыңызшы. Мен оның айналасын қопсытып, қи төгейін; | |
Luke | Kaz | 13:11 | Сол жерде бүкірейіп қалған бір ауру әйел де бар еді. Ол жын соққандықтан он сегіз жылдан бері денесін тік ұстай алмайтын. | |
Luke | Kaz | 13:13 | үстіне қолын қойды. Әйел сол сәтте-ақ бойын жазып түрегеліп, Құдайға мақтау айта бастады. | |
Luke | Kaz | 13:14 | Бірақ мәжілісхананың жетекшісі Исаның ауруды діни демалыс күні болса да сауықтырғанына ашуланып, жұртқа:— Жұмыс істейтін алты күн бар. Емделуге демалыс күні емес, басқа күндері келіңдер! — деп бұйырды. | |
Luke | Kaz | 13:15 | Ал Иеміз оған:— Ей, екі жүзді! Демалыс күні болса да, әрқайсың өгізің мен есегіңнің байлауын шешіп босатып, суаруға апарасыңдар ғой?! | |
Luke | Kaz | 13:16 | Ал енді, Ыбырайым атаның мына ұрпағын шайтан он сегіз жылдан бері байлап-матап келді. Оны сол бұғаудан демалыс күніне бола босатпау қажет пе еді? — деп жауап берді. | |
Luke | Kaz | 13:17 | Иса осыны айтқанда, Оған қарсылық көрсеткендердің бәрі ұялып қалды. Ал басқа жұрт түгелдей Оның істеген кереметтеріне қуанды. | |
Luke | Kaz | 13:18 | Содан кейін Иса былай деді:— Құдайдың Патшалығы қандай нәрсеге ұқсас, оны немен салыстырайын? | |
Luke | Kaz | 13:19 | Ол бір адамның бақшасына еккен қыша дәніне ұқсас: сол майда тұқым өскенде биік болып шығып, бұтаға айналады. Оның бұтақтарына құстар ұшып келіп, паналайды. | |
Luke | Kaz | 13:21 | Ол ашытқыға да ұқсас: әйелдер үш астау ұнға аздаған ашытқы қосып, араластырғанда сол ашытқы бүкіл қамырды ашытып, көтереді. | |
Luke | Kaz | 13:22 | Мұнан кейін Иса Иерусалим қаласына қарай сапар шегіп бара жатып, жолындағы қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, жұртқа тәлім берді. | |
Luke | Kaz | 13:23 | Біреу Оған:— Мырза! (Келешектегі қаһарлы жазадан) құтқарылатындар тым аз бола ма? — деген сұрақ қойды. | |
Luke | Kaz | 13:24 | Сонда Иса жұртқа қарап былай деді:— Тар есіктен кіруге барынша тырмысыңдар! Сендерге шын айтамын: көп адамдар кіруге ұмтылғанмен кіре алмайды. | |
Luke | Kaz | 13:25 | Үй Иесі орнынан тұрып, есікті бекітіп қоймақ. Артынша сендер сыртта тұрып, есікті қағып: «Тақсыр Ие, бізге есікті аша көріңіз!» — деп дауыстайтын боласыңдар. Бірақ Ол: «Сендерді (өз адамдарым ретінде) танымаймын, қайдан екендеріңді білмеймін», — деп жауап қайтаратын болады. | |
Luke | Kaz | 13:26 | Сонда сендер: «Біз көз алдыңызда ішіп-жедік, Сіз біздің жерімізде тәлім беріп тұрдыңыз ғой», — дей бастайсыңдар. | |
Luke | Kaz | 13:27 | Бірақ Ол: «Сендерге қайталап айтамын, кім және қайдан екендеріңді білмеймін. Әділетсіздік істеген бәрің де, Менен аулақ кетіңдер!» — дейтін болады. | |
Luke | Kaz | 13:28 | Сендер зар еңіреп жылап, қинала тістенетін боласыңдар. Себебі Ыбырайым, Ысқақ, Жақып пен барлық пайғамбарлардың да Құдайдың Патшалығында жүргенін, ал өздеріңнің сыртқа қуылғандарыңды көретін боласыңдар. | |
Luke | Kaz | 13:29 | Сонда шығыс пен батыстан, солтүстік пен оңтүстіктен жат жұрттық адамдар келіп, Құдайдың Патшалығындағы дастарқан басына жайғасатын болады! | |
Luke | Kaz | 13:30 | Осылай алдыңғы қатарға шығатын соңғылар бар, әрі соңғы болатын алдыңғы қатарлылар да бар. | |
Luke | Kaz | 13:31 | Сол сәтте бірнеше парызшыл адамдар Исаның қасына келіп:— Бұл арадан кете гөр, (аймақ әкімі) Ирод Сені өлтірмекші! — дегенде, | |
Luke | Kaz | 13:32 | Иса оларға былай жауап берді:— Барып, ол «түлкіге» мынаны айтыңдар: «Мен бүгін және ертең жындарды қуып шығып, ауруларды сауықтырамын, ал үшінші күні ісімді аяқтаймын». | |
Luke | Kaz | 13:33 | Әрине, Мен бүгін, ертең және бүрсігүні де өз жолыммен жүруге тиістімін. Өйткені бір пайғамбардың Иерусалимнен басқа жерде шейіт болуы жөнсіз. | |
Luke | Kaz | 13:34 | Ей, Иерусалим, пайғамбарлардың көзін құртып, Құдай өзіңе жіберген хабаршыларды тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай! Балапандарын қанатының астына алған құс сияқты, Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар! | |