LUKE
Chapter 18
Luke | Kaz | 18:1 | Иса шәкірттеріне әрқашан үмітін үзбей Құдайдан сұрай берудің керектігін де астарлы әңгімемен түсіндіріп | |
Luke | Kaz | 18:3 | Сол қалада бір жесір әйел де тұрады екен. Әйел биге қайта-қайта келіп: «Мені дауласқан кісімнен қорғай көріңіз!» — деп өтініп сұрай береді екен. | |
Luke | Kaz | 18:4 | Бірақ би жесірді көп уақыт бойы қорғағысы келмейді. Ақырында ол ішінен: «Құдайдан қорықпаймын, адамнан да ұялмаймын. | |
Luke | Kaz | 18:5 | Алайда мына жесір маған тыныштық бермегендіктен, оның мүддесін қорғайын. Әйтпесе ол қайта-қайта келіп, мазамды ала берер» деп ойлайды. | |
Luke | Kaz | 18:7 | Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? | |
Luke | Kaz | 18:8 | Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?» | |
Luke | Kaz | 18:9 | Өздерінің әділдігіне нық сеніп, басқаларды менсінбей жүрген кейбір кісілерге Иеміз мына астарлы әңгімені айтып берді: | |
Luke | Kaz | 18:10 | — Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы екен. | |
Luke | Kaz | 18:11 | Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. | |
Luke | Kaz | 18:12 | Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, барлық тапқан табысымның оннан бір бөлігін қайыр-садақаға беріп тұрамын». | |
Luke | Kaz | 18:13 | Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады. | |
Luke | Kaz | 18:14 | Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады. | |
Luke | Kaz | 18:15 | Иса қолын тигізіп бата берсін деп, бірнеше адам Оған нәрестелерін алып келді. Бірақ мұны көрген шәкірттер оларды жібермеді. | |
Luke | Kaz | 18:16 | Ал Иса балаларды қасына шақырып алып: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін. | |
Luke | Kaz | 18:17 | Сендерге шындығын айтайын: кім Құдайдың Патшалығын бала сияқты қабылдамаса, оған кіре алмайды», — деді. | |
Luke | Kaz | 18:18 | Басшылардың біреуі Исадан:— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек? — деген сұрақ қойды. | |
Luke | Kaz | 18:20 | Оның өсиеттерін білесің ғой: «Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!» — деп жауап берді. | |
Luke | Kaz | 18:22 | Иса мұны естігенде:— Саған тағы бір нәрсе жетіспейді: қолыңдағы бар мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер! — деді. | |
Luke | Kaz | 18:24 | Иса оның қатты қапаланғанын көріп:— Мал-мүлікке бай адамдардың Құдайдың Патшалығына кіруі қандай қиын! | |
Luke | Kaz | 18:28 | Петір тіл қатып былай деді:— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз. | |
Luke | Kaz | 18:29 | Сонда Иса шәкірттеріне:— Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, әке-шешесін, бауырларын, әйелі не бала-шағасын Құдайдың Патшалығына бола қалдырған әркімге | |
Luke | Kaz | 18:30 | сол үшін осы заманда қарымтасы бірнеше есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады, — деп нық айтты. | |
Luke | Kaz | 18:31 | Иса он екі шәкіртін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) былай деді:— Енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Пайғамбарлардың көктен келген Билеуші туралы алдын ала жазып кеткендерінің бәрі сол жерде орындалады: | |
Luke | Kaz | 18:32 | Оны Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдарына ұстап береді. Солар Оны мазақ етіп қорлап, бетіне түкіріп, | |
Luke | Kaz | 18:34 | Бірақ шәкірттері Исаның осы айтқанынан ештеңе ұқпады. Бұл сөздерінің мәні олар үшін құпия болғандықтан түсініксіз болып қала берді. | |
Luke | Kaz | 18:35 | Иса Иерихон қаласына жақындап қалғанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді. | |
Luke | Kaz | 18:39 | Алда келе жатқандар оған ұрсып, үндемеуге бұйырды. Бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы! Маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды. | |
Luke | Kaz | 18:40 | Иса тоқтай қалып, оны қасына алып келуге бұйырды. Соқыр адам жақындап келген соң, Иса одан: | |
Luke | Kaz | 18:41 | — Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Ол:— Тақсыр, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді. | |