LUKE
Chapter 8
Luke | Kaz | 8:1 | Бұдан кейін Иса қалалар мен ауылдарды аралап, халыққа уағыз айтып Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жеткізді. Оған он екі елшісі | |
Luke | Kaz | 8:2 | және көптеген әйелдер еріп жүрді. Әйелдердің бірнешеуін Иса қинаған жындарынан арылтып, ауруларынан сауықтырған болатын. Олар — жеті жынынан арылған мағдалалық Мәриям, | |
Luke | Kaz | 8:3 | Иродтың сарай басқарушысы Қузаның әйелі Жоханна, Сузанна және көптеген басқалары. Олар қолдарындағы барымен Исаға және Оның шәкірттеріне қызмет көрсетті. | |
Luke | Kaz | 8:4 | Көптеген қалалардың тұрғындары Исаның қасына келіп, үлкен топ жиналған еді. Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді: | |
Luke | Kaz | 8:5 | — Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде, дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. | |
Luke | Kaz | 8:6 | Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Алайда көктеп шыққаннан кейін ылғал жетіспегендіктен олар қурап қалады. | |
Luke | Kaz | 8:7 | Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. | |
Luke | Kaz | 8:8 | Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар көктеп шығып, өсіп, жүз еседен өнім береді. — Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап: — Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын! — деп ескертті. | |
Luke | Kaz | 8:10 | Иса оларға жауап беріп былай деді:— Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқаларға олар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Осылайша олар көріп тұрса да, шынымен көрмесін, естіп тұрса да, бәрібір түсінбесін. | |
Luke | Kaz | 8:12 | Жол бойына түскендері Ізгі хабарды былай тыңдайтын адамдарды бейнелейді: оларға әзәзіл шайтан келіп, сенбесін, құтқарылмасын деп, жүректеріне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді. | |
Luke | Kaz | 8:13 | Тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді: адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана сенеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезде сенімдерінен безіп кетеді. | |
Luke | Kaz | 8:14 | Тікен арасына түскен дәндер болса, мынаны білдіреді: адамдар Ізгі хабарды естиді. Алайда былай шыға бере, тұрмыс қамын ойлап абыржиды, байлық пен ләззаттың қызығына алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып тұншығып, өнімі пісіп үлгермейді. | |
Luke | Kaz | 8:15 | Ал құнарлы топыраққа себілген тұқымдар мынаны бейнелейді: бірсыпыра адамдар Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі де таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді. | |
Luke | Kaz | 8:16 | Ешкім шам жаққан соң оны ыдыспен бүркемейді, не төсек астына да қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда ол үйге кіргендерге жарығын түсіреді. | |
Luke | Kaz | 8:17 | Сол сияқты, мәлім болмайтын ешбір сыр да жоқ, жарыққа шығып, жария болмайтын ешбір құпия да жоқ. | |
Luke | Kaz | 8:18 | Сондықтан қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі, ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады, — деп қорытты Иса. | |
Luke | Kaz | 8:21 | Алайда Иса:— Құдайдың сөзін тыңдап, орындайтындар Маған шеше мен бауырлар іспетті жақын! — деп жауап қайырды. | |
Luke | Kaz | 8:22 | Бір күні Иса шәкірттерін ертіп қайыққа мініп: «Көлдің арғы бетіне өтейік», — деді. Осылай олар жағадан аттанды. | |
Luke | Kaz | 8:23 | Олар көлден өтіп бара жатқанда, Иса ұйықтап қалды. Сол кезде тау жақтан қатты дауыл көтеріліп, көлге соқты. Қайық толқынның астында қалып, суға тола бастады. Оларға зор қауіп төнді. | |
Luke | Kaz | 8:24 | Шәкірттері Исаға жақындап, Оны оятып:— Ұстаз! Ұстаз! Құритын болдық! — деп айқайлады. Иса орнынан тұрып, жел мен толқындардың долдануына тыйым салды. Олар басылып, тыныштық орнады. | |
Luke | Kaz | 8:25 | Иса шәкірттеріне:— Сенімдерің қайда? — деді. Олар үрейленіп, аң-таң болып, біріне-бірі: «Тіпті жел мен суға да бұйрық беретін Бұл кім Өзі? Олар Оған бағынады ғой!» — десті. | |
Luke | Kaz | 8:26 | Осылай Иса мен шәкірттері көлден өтіп, Ғалилея аймағының қарсы бетіндегі Ғадара өңіріне жетті. | |
Luke | Kaz | 8:27 | Жағаға шығысымен-ақ Исаға сол қалалық бір кісі кездесе кетті. Жын соққан осы адам көп уақыттан бері киім-кешек кимей, үйде емес, қабірге арналған үңгірлерде тұрып жүрген болатын. | |
Luke | Kaz | 8:28 | Ол Исаны көрген бойда айқай сала аяғына жығылды да, қатты дауыстап:— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса, менде нең бар? Саған жалынамын: азаптай көрмеші мені! — деп жалынды. | |
Luke | Kaz | 8:29 | Себебі Иса жынға: «Шық бұл кісіден!» — деп бұйырған болатын. Жын сол адамды көптен бері қинап келген еді. Жұрт оны шынжырлармен, кісендермен бұғаулап тастаса да, ол бұғауларын үзіп, жын айдап елсіз далаға кететін еді. | |
Luke | Kaz | 8:30 | Иса одан:— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:— «Үлкен топ», — деді. Себебі сол адамға көптеген жындар кіріп алған болатын. | |
Luke | Kaz | 8:32 | Осы жердегі қырат беткейінде үлкен бір топ шошқа жайылып жүрген болатын. Жындар соларға енуге рұқсат сұрады. Иса жол берген соң, | |
Luke | Kaz | 8:33 | жындар кісіден шығып, әлгі хайуандарға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды. | |
Luke | Kaz | 8:34 | Мұны көріп тұрған бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. | |
Luke | Kaz | 8:35 | Халық соны көру үшін жолға шығып, Исаға келді. Олар жындары шыққан кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, Исаның аяқ жағында отырғанын көргенде қорқып кетті. | |
Luke | Kaz | 8:36 | Болған оқиғаны өз көздерімен көрген куәгерлер оларға бұрын жын қинаған кісінің қалай азат етілгені туралы әңгімелеп берді. | |
Luke | Kaz | 8:37 | Сонда Ғадара төңірегінің бүкіл халқы зәрелері ұшып, Исадан: «Біздің жерімізден кетіңіз», — деп өтінді. Ол қайыққа мініп, қайтып кетті. | |
Luke | Kaz | 8:38 | Жындарынан арылған кісі Исадан:— Сізбен бірге болайыншы, — деп сұраған еді. Бірақ Иса: | |
Luke | Kaz | 8:39 | — Сен үйіңе қайтып, ондағыларға Құдайдың өзіңе не істегенін айтып бер! — деп, оны үйіне жіберді. Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін бүкіл қалаға жариялады. | |
Luke | Kaz | 8:40 | Иса көлдің батыс жағына қайта оралғанда, халық Оны қарсы алды. Өйткені бәрі Оны күтіп тұрған еді. | |
Luke | Kaz | 8:41 | Кенеттен Жайыр есімді бір ер адам сол жерге келіп, Исаның аяғына жығылды да, үйіне кіруін өтінді. Жайыр мәжілісхананың жетекшісі еді. | |
Luke | Kaz | 8:42 | Ол кісінің он екі жас шамасындағы жалғыз қызы бар еді, сол өлім аузында жатқан болатын. Иса Жайырдың үйіне бара жатқанда, халық Оны жан-жақтан қаумалап қыспақтады. | |
Luke | Kaz | 8:43 | Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді. Ол бар мал-мүлкін дәрігерлерге жұмсағанмен, біреуі де оны емдеп жаза алмады. | |
Luke | Kaz | 8:44 | Әйел Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанының шетіне қолын тигізді. Сол сәтте-ақ қаны тоқтады. | |
Luke | Kaz | 8:45 | Иса:— Маған қолын тигізген кім? — деп сұрады. Ешкім де мойындамаған соң, Петір мен оның қасындағылар:— Ұстаз! Халық Сізді қаумалап қыспақтап тұр ғой. Ал Сіз: «Маған қолын тигізген кім?» дейсіз бе?! — деді. | |
Luke | Kaz | 8:46 | Бірақ Иса:— Біреу Маған қолын тигізді! Өйткені Менен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сездім, — деп кесіп айтты. | |
Luke | Kaz | 8:47 | Әлгі әйел істеген ісін жасыра алмайтынын білген соң қорыққанынан қалтырап, Исаның қасына келіп, аяғына жығылды. Сосын өзінің қандай себеппен қолын тигізгенін және сол сәтте-ақ қалай сауығып кеткенін бүкіл халықтың алдында айтып берді. | |
Luke | Kaz | 8:49 | Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен біреу келіп, оған:— Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз, — деп хабарлады. | |
Luke | Kaz | 8:50 | Бірақ мұны естіген Иса Жайырға:— Қорықпа, тек сенімің болсын, сонда қызың аман қалады, — деді. | |
Luke | Kaz | 8:51 | Жайырдың үйіне жеткенде Иса Петір, Жохан, Жақып және қыздың әке-шешесінен басқа ешкімнің үйге кіруіне рұқсат бермеді. | |
Luke | Kaz | 8:52 | Жұрттың бәрі жылап, жоқтау айтып тұрған еді. Ал Иса: «Жыламаңдар, ол өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді. | |
Luke | Kaz | 8:54 | Бірақ Ол (солардың бәрін сыртқа шығарды да) қыздың қолынан ұстап тұрып, дауыстап: «Қызым, тұра ғой!» — деді. | |
Luke | Kaz | 8:55 | Сонда қыздың жаны қайтып кіріп, ол дереу орнынан тұрды! Иса: «Оған тамақ беріңдер», — деп бұйырды. | |