LUKE
Chapter 12
Luke | Kaz | 12:1 | Осы екі арада мыңдаған адамдар келіп, сығылысып тұрды. Ал Иса алдымен шәкірттеріне қарап былай деді: «Парызшылдардың ашытқысынан, яғни екіжүзділіктен, сақтаныңдар! | |
Luke | Kaz | 12:3 | Сондықтан қараңғыда айтқандарың жарықта естіледі, үй ішінде құлаққа сыбырлағандарың жұртқа жария болады. | |
Luke | Kaz | 12:4 | Достарым, сендерге айтамын: тәнді өлтірсе де, кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар! | |
Luke | Kaz | 12:5 | Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын: өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер! | |
Luke | Kaz | 12:7 | Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар! | |
Luke | Kaz | 12:8 | Сендерге айтамын: Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде Құдайдың періштелерінің алдында мойындаймын. | |
Luke | Kaz | 12:9 | Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелерінің алдында танбақпын. | |
Luke | Kaz | 12:10 | Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлаушыға кешірім болмайды. | |
Luke | Kaz | 12:11 | Адамдар сендерді мәжілісханаларға, ел басшыларына және басқа да билік иелеріне апарған кезде қалай жауап беріп, не айтатындарыңды ойлап уайымға салынбаңдар! | |
Luke | Kaz | 12:13 | Көптеп жиналған халықтың арасынан біреу Исадан:— Ұстаз, мұрамызды менімен бөліссін деп ағама айтыңызшы, — деп өтінді. | |
Luke | Kaz | 12:14 | Бірақ Иса сол кісіге:— Кім Мені сендерге би немесе мұраларыңды бөлетін төреші етіп қойды? — деп жауап берді. | |
Luke | Kaz | 12:15 | Содан Ол халыққа қарап: — Абайлаңдар, дүниеқор болудан сақтаныңдар! Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды, — деді. | |
Luke | Kaz | 12:16 | Бұдан кейін Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді:— Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. | |
Luke | Kaz | 12:18 | — Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Соларға бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын. | |
Luke | Kaz | 12:19 | Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін». | |
Luke | Kaz | 12:20 | Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді. | |
Luke | Kaz | 12:21 | Өзі үшін байлық жинап, ал Құдаймен қарым-қатынасында бай болмаған адамның ақыры осындай. | |
Luke | Kaz | 12:22 | Бұдан кейін Иса шәкірттеріне қарап былай деді:— Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар! | |
Luke | Kaz | 12:24 | Қарғаларға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, оны ормайды да, ешқандай қоймалары мен қамбалары да жоқ, бірақ Құдай оларды асырайды. Ал сендер құстардан қаншама артықсыңдар! | |
Luke | Kaz | 12:25 | Сондай-ақ, осындай мәселелерді уайымдап араларыңдағы қайсың өз бойын тіпті бір қарыс ұзарта алады? | |
Luke | Kaz | 12:26 | Сондай кішкентай нәрсе қолдарыңнан келмесе, неге басқа мәселелерді ойлап уайымдап жүрсіңдер? | |
Luke | Kaz | 12:27 | Қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші: олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. Сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша өзінің бар сән-салтанатында сол гүлдердің біріндей әдемі киінбеген. | |
Luke | Kaz | 12:28 | Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндіреді, сенімі аздарым-ай! | |
Luke | Kaz | 12:30 | Осы күнәкар дүниенің адамдары сондай нәрселердің бәріне ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой. | |
Luke | Kaz | 12:31 | Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлаңдар! Сонда Құдай сендерге бұлардың бәрін қосып береді. | |
Luke | Kaz | 12:33 | Мал-мүліктеріңді сатып, мұқтаждарға үлестіріңдер! Осылай өздеріңе «тозбайтын қалта» жасап, таусылмайтын байлықты көкте жинаңдар. Сол жерде оған ұры да жақындамайды, күйе де жемейді. | |
Luke | Kaz | 12:36 | Сөйтіп сендер қожасының тойдан қайтуын күтіп тұрған қызметшілерге ұқсаңдар. Олар қожайыны келіп, есік қағысымен дереу ашуға дайын тұрады. | |
Luke | Kaz | 12:37 | Қожайыны келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, қызметшілері бақытты! Сендерге шындығын айтайын: ол беліне алжапқышын байлап алып, оларды дастарқанға шақырады. Өзі қастарына келіп, оларға күтіп қызмет көрсетеді. | |
Luke | Kaz | 12:38 | Қожайыны тіпті түн ортасында немесе таң алдында қайтып келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, сол қызметшілер бақытты! | |
Luke | Kaz | 12:39 | Мынаны еске алыңдар: егер үй иесі ұрының қай сағатта түсетінін білетін болса, онда ол үйін күзетіп, ұрының бұзып кіруіне жол бермес еді. | |
Luke | Kaz | 12:40 | Сол сияқты, сендер де дайын болыңдар! Өйткені сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін! | |
Luke | Kaz | 12:41 | Сонда Петір Исадан:— Мырза, бұл мысалды бізге ғана айтып тұрсыз ба, әлде жұрттың бәріне де ме? — деп сұрады. | |
Luke | Kaz | 12:42 | Иеміз оған былай деп жауап берді:— Адал да саналы үй басқарушысындай болыңдар! Қожайыны оны өзінің малайларының үстерінен қарап, ас-суларын уақытында үлестіріп беруге тағайындады. | |
Luke | Kaz | 12:45 | Ал егер әлгі қызметші іштей «қожайыным жуырда келе қоймас» деп, малайлар мен күңдерді ұрып-соқса әрі ішіп-жеп, маскүнемдікке салынса, | |
Luke | Kaz | 12:46 | онда қожайыны күтпеген күні, ойламаған сәтте келіп, оны аяусыз жазалап, сенімсіздердің кебінін кигізеді. | |
Luke | Kaz | 12:47 | Қожайынының еркін біле тұра дайын болмаған, оның қалауы бойынша істемеген қызметші қатты соққы жейтін болады. | |
Luke | Kaz | 12:48 | Ал оның қалауын білмей, жазалауға тұратынды істеген қызметші азырақ соққы жейтін болады. Себебі Құдай кімге көп берсе, одан көп талап етеді, кімге көп сеніп тапсырса, одан есепті де көбірек сұрайды. | |
Luke | Kaz | 12:50 | Ал Мен азапты «шомылудан» өтуге тиістімін, сол жүзеге асқанша іштей қиналып, оны асыға күтудемін. | |
Luke | Kaz | 12:51 | Мені дүние жүзіне (жалған) татулық әкелу үшін келді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерге шындығын айтамын: Мен (жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырататын) айыруды әкелу үшін келдім. | |
Luke | Kaz | 12:52 | Бұдан былай бір үйде бесеу тұрса, олар бір-бірінен бөлектеніп, үшеуі екеуіне, екеуі үшеуіне қарсы болады. | |
Luke | Kaz | 12:53 | (Пайғамбар алдын ала айтқандай) әкесі ұлына, ұлы әкесіне, шешесі қызына, қызы шешесіне, енесі келініне, келіні енесіне қарсы шығады. | |
Luke | Kaz | 12:54 | Содан кейін Иса халыққа қарап былай деді:— Батыстан көтерілген бұлтты көргенде сендер дереу «Жаңбыр жауады» дейсіңдер, солай болады да. | |
Luke | Kaz | 12:56 | Ей, екі жүзділер! Сендер аспан мен жердің құбылыстарын түсіне білесіңдер, ал қазіргі заманда болып жатқан оқиғаларды неліктен ұға алмайсыңдар?! | |
Luke | Kaz | 12:58 | Біреу саған қарсы дау көтерсе, оған еріп би алдына бара жатқанда уақыт оздырмай жолшыбай онымен татуласып, құтылуға тырыс! Олай етпесең, қарсыласың сені сотқа тартады, ал сот жазалаушыға тапсырып, жазалаушы сені түрмеге қамайды. | |