LUKE
Chapter 7
Luke | Kaz | 7:1 | Иса Өзін тыңдап тұрған халыққа барлық сөзін айтып бітіргеннен кейін Қапарнаум қаласына кірді. | |
Luke | Kaz | 7:2 | Сол кезде бір римдік жүзбасының ерекше бағалайтын қызметшісі ауырып, хал үстінде жатқан еді. | |
Luke | Kaz | 7:3 | Жүзбасы Иса туралы хабар алған болатын. Сол себепті ол Исаға яһудилердің бірнеше ақсақалдарын жіберіп, Одан қызметшісін сауықтырып құтқаруын сұрады. | |
Luke | Kaz | 7:4 | Олар Исаның қасына келгенде жалына өтініп: «Жүзбасы — Сіздің жәрдем беруіңізге лайықты кісі. | |
Luke | Kaz | 7:6 | Иса ақсақалдармен бірге жүрді. Ол сол үйге жақындап қалғанда, шетелдік жүзбасы Исаға достарын жіберіп, мынаны айтқызды:— Келіп әуре болмай-ақ қойыңыз, Мырза, мен Сіздің шаңырағымның астына келуіңізге лайық емеспін. | |
Luke | Kaz | 7:7 | Сондықтан да өзімнің Сізге келуімді жөн көрмедім. Тек бір сөз айтсаңыз болды, қызметшім сауығып кетеді. | |
Luke | Kaz | 7:8 | Мұны білемін, себебі мен де біреудің қол астындамын, өзіме бағынышты жасақшыларым да бар. Біреуіне: «Бар!» десем, барады, басқасына: «Кел!» десем, келеді, қызметшіме: «Мынаны істе!» дегенімде, ол соны орындайды. | |
Luke | Kaz | 7:9 | Мұны естіген Иса қайран қалып, соңынан еріп келе жатқан халыққа бұрылып: «Сендерге шын айтамын: Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес!» — деді. | |
Luke | Kaz | 7:10 | Жіберілгендер жүзбасының үйіне қайтып келгенде, ауру қызметшісінің сауығып кеткенін көрді. | |
Luke | Kaz | 7:12 | Иса қала қақпасына жақындаған кезде жұрт біреудің мәйітін қабірге қоюға алып шығып келе жатты. Бұл бір жесір әйелдің жалғыз ұлы екен. Жесірге қаладан көп халық ілесіп шығып келе жатты. | |
Luke | Kaz | 7:14 | Содан Ол жақындап барып, табытқа қолын тигізді. Табыт көтергендер тоқтағанда, Иса: «Балам, саған айтамын, түрегел!» — деді. | |
Luke | Kaz | 7:16 | Жұрттың бәрін үрей биледі. Олар: «Арамыздан ұлы Пайғамбар шықты!» «Құдай өз халқына игілік істеуге келді!» — деп Құдайды мадақтады. | |
Luke | Kaz | 7:19 | Жақия олардың екеуін шақырып алды да, Иеміз Исаға жіберіп, Одан: «Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сізсіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе?» — деп сұратты. | |
Luke | Kaz | 7:20 | Олар Исаға келіп:— Шомылдыру рәсімін жасаған Жақия бізді: «Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сізсіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе?» деп сұрауға жіберді, — деді. | |
Luke | Kaz | 7:21 | Сол сәтте Иса көптеген адамдарды ауру-сырқауларынан сауықтырып, қинаған жындарынан арылтып, көп соқырларға рақым көрсетіп көздерін ашып жатты. | |
Luke | Kaz | 7:22 | Сонда Иса жіберілген кісілерге:— Сендер көріп-естігендеріңді Жақияға барып, айтып беріңдер: соқырлар көріп, сал болғандар жүріп, алапестер құлантаза сауығып, саңыраулар естіп, өлгендер қайта тіріліп, жарлыларға Ізгі хабар жарияланып жатыр. | |
Luke | Kaz | 7:24 | Жақияның жіберген адамдары қайтып кеткеннен кейін, Иса жұртқа Жақия туралы былай деп айта бастады:— Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен бір қамысты ма? (Жақия ондай емес!) | |
Luke | Kaz | 7:25 | Тегі, нені көруге бардыңдар? Қымбат киім киген біреуді ме? Жоқ, қымбат киім киіп, молшылықта өмір сүріп жатқандар патша сарайларында тұрады ғой. | |
Luke | Kaz | 7:26 | Сонда нені көруге бардыңдар? Бір пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтамын: Жақия тіпті пайғамбардан да артық! | |
Luke | Kaz | 7:27 | Киелі жазбада Құдайдың мынадай сөздері бар: Біліп ал, Мен алдыңнан хабаршымды жіберемін. Ол жүретін жолыңды дайындап қояды. Мұндағы хабаршы — Жақия. | |
Luke | Kaz | 7:28 | Сендерге шындығын айтайын: адам баласы атаулының ішінде Жақиядан жолы үлкен ешкім болған емес. Бірақ Құдайдың Патшалығындағы ең қарапайым деген адамдардың жолы онікінен үлкен. | |
Luke | Kaz | 7:29 | Мұны тыңдаған бүкіл халық, тіпті салықшылар да Құдайдың әділдігін мадақтады. Олар Жақия пайғамбар орындаған шомылдыру рәсімінен өткен болатын. | |
Luke | Kaz | 7:30 | Алайда парызшылдар және Таурат заңын үйретуші ғұламалар бұл рәсімнен өтпей, Құдайдың өздеріне арнаған мақсатын қабылдамады. | |
Luke | Kaz | 7:31 | Иеміз Иса тағы былай деді:— Ендеше қазіргі ұрпақтың адамдарын кімге ұқсатайын, олар кімге ұқсас? | |
Luke | Kaz | 7:32 | Олар тентек балаларға ұқсайды. Солар далада отырып, бір-біріне айқайласып:«Сендер үшін сыбызғы тартсақ та, би билемедіңдер,Сосын жоқтау айтсақ та, жылап еңіремедіңдер!»— деп шағымданады. | |
Luke | Kaz | 7:33 | Өйткені шомылдыру рәсімін жасаған Жақия пайғамбар келгенде, кәдімгі тамақтарды ішіп-жемеді. Сендер оны «жынды» дейсіңдер. | |
Luke | Kaz | 7:34 | Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда сендер: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салықшылармен, күнәкарлармен дос болып жүр!» деп жамандайсыңдар. | |
Luke | Kaz | 7:36 | Бірде парызшылдар тобының бір мүшесі Исаны тамаққа шақырды. Иса парызшылдың үйіне келіп, дастарқан басына жайғасты. | |
Luke | Kaz | 7:37 | Қалада тұратын бір күнәкар әйел Исаның парызшылдың үйінде дастарқан басында отырғанын естіп қалды. Сонда ол иісмайға толған мөлдір тас құтысын алып, әлгі үйге келді. | |
Luke | Kaz | 7:38 | Әйел Исаның аяқ жағында тұрып, жылай берді. Көз жасын Оның аяғына төгіп, шашымен сүрте бастады. Сосын аяқтарын сүйіп, үстіне иісмайын құйды. | |
Luke | Kaz | 7:39 | Исаны қонаққа шақырған парызшыл адам мұны көргенде іштей: «Егер Бұл нағыз пайғамбар болса, Өзіне қолын тигізгеннің кім екенін және қандай әйел екенін білер еді. Ол күнәға батқан ғой», — деді. | |
Luke | Kaz | 7:40 | Иса оған:— Шимон, саған айтайын деген бір ауыз сөзім бар, — деп үн қатты.— Айта беріңіз, Ұстаз! — деді ол. | |
Luke | Kaz | 7:41 | Сонда Иса:— Қарыз беруші бір адамның екі кісіде ақшасы болыпты. Олардың біреуі бес жүз күміс теңгеге, ал екіншісі елуге борышты екен. | |
Luke | Kaz | 7:42 | Олардың қарызын қайтаратын еш нәрселері болмағандықтан, сол адам екеуінің де қарызын кешіпті. Айтшы, кәне, бұлардың қайсысы оны көбірек жақсы көреді? — деген сұрақ қойды. | |
Luke | Kaz | 7:43 | Шимон:— Көбірек қарызы кешірілгені деп ойлаймын, — деді. Иса:— Дұрыс айттың, — деп жауап қатты. | |
Luke | Kaz | 7:44 | Содан әйелге бұрылып, Шимонға тағы былай деді:— Мына әйелді байқадың ба? Мен үйіңе кіргенде, сен Маған аяғымды жуатын су берген жоқсың. Ал ол аяғыма көз жасын төгіп, шашымен сүртті. | |
Luke | Kaz | 7:47 | Сондықтан саған айтамын: оның көптеген күнәларының бәрі де кешірілді, бұл оның зор сүйіспеншілігінен көрініп тұр. Ал кімге аз кешірілсе, сол азғана жақсы көреді. — | |
Luke | Kaz | 7:49 | Сонда Исамен бірге дастарқан басындағы кісілер іштерінен: «Күнәларды да кешіретін Бұл кім Өзі?» — деп ойлады. | |