Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
LUKE
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 15
Luke Kaz 15:1  Салықшылар мен өзге де күнәкарлар Исаны тыңдау үшін көптеп қасына жиналатын.
Luke Kaz 15:2  Бірақ парызшылдар мен дін мұғалімдері мұны көріп:— Мына кісі күнәкарларды қабылдап, солармен тіпті дастарқандас болады! — деп күңкілдесті.
Luke Kaz 15:3  Сонда Иса оларға астарлап былай деді:
Luke Kaz 15:4  — Егер араларыңдағы біреудің жүз қойы болып, солардың бірін жоғалтып алса, ол не істемек? Тоқсан тоғыз қойын далада қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме?
Luke Kaz 15:5  Оны тауып алған соң, қуана-қуана иығына салып алады.
Luke Kaz 15:6  Үйіне келгеннен кейін: «Жоғалған қойымды тауып алдым, қуанышыма ортақ болыңдар!» — деп достары мен көршілерін шақырады.
Luke Kaz 15:7  Сендерге шын айтамын: сол сияқты, «Маған теріс жолдан қайтудың қажеті жоқ» дейтін тоқсан тоғыз «әділ» кісіден гөрі, теріс жолдан қайтқан бір күнәкарға көктегілер көбірек қуанады!
Luke Kaz 15:8  Әлде он күміс теңгесі бар әйел біреуін жоғалтып алса, оны тапқанша шам жағып, үйді сыпырып, бар ынтасымен іздемей ме?
Luke Kaz 15:9  Тауып алған соң: «Жоғалтқан күміс теңгемді тауып алдым! Менің қуанышыма ортақ болыңдар», — деп достары мен көрші-қолаңдарын шақырады.
Luke Kaz 15:10  Сендерге шын айтамын: Құдайдың періштелері теріс жолдан қайтқан бір күнәкар үшін де дәл солай қуанады!
Luke Kaz 15:11  Иса тағы мына әңгімені де айтып берді: «Біреудің екі ұлы болыпты.
Luke Kaz 15:12  Кенжесі:— Әке, маған тиісті еншімді бөліп беріңізші! — дейді. Сонда әкесі ұлдарына мал-мүлкін бөліп береді.
Luke Kaz 15:13  Көп уақыт өтпей кіші ұл бәрін жинап алып, алыс бір елге кетеді. Сол жерде ол азғындық жолға түсіп, еншісін шашып, ысырап қылады.
Luke Kaz 15:14  Бәрін жұмсап бітірген кезде сол елде қатты ашаршылық болып, жігіт мұқтаждық көре бастайды.
Luke Kaz 15:15  Елдің бір тұрғынына барып, жармасып жүріп, жалшысы болады. Сол оны даласына жіберіп, шошқаларын баққызып қояды.
Luke Kaz 15:16  Жігіт шошқалар жейтін қабықтарды жеп тойсам деп аңсайтын, бірақ оған соны да бермепті.
Luke Kaz 15:17  Сонда ол ақылға келіп, ішінен былай дейді: Әкемнің соншама көп жалшысы нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым.
Luke Kaz 15:18  Қой, жолға шығып, әкеме қайтып барайын: Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім.
Luke Kaz 15:19  Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін. Мені жалшыңыздай қабылдасаңыз екен, — дейін.
Luke Kaz 15:20  Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді.
Luke Kaz 15:21  Баласы оған:— Әке, мен Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін, — дейді.
Luke Kaz 15:22  Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып:— Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер!
Luke Kaz 15:23  Сосын бордақыланған өгізшені әкеліп, сойыңдар, ішіп-жеп, көңіл көтерейік!
Luke Kaz 15:24  Өйткені менің мына ұлым өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды! — дейді. Сөйтіп олар көңілді тойды бастап жібереді.
Luke Kaz 15:25  Ал әкенің тұңғыш ұлы далада жүр екен. Қайтып келе жатып, үйіне жақындағанда ол қуана ән салып жатқан дауыстарды естиді.
Luke Kaz 15:26  Қызметшілердің бірін шақырып алып:— Бұл не? — деп сұрайды.
Luke Kaz 15:27  — Ініңіз қайтып келді! Әкеңіз оны аман-есен көргені үшін бордақыланған өгізшені сойып, той жасап жатыр, — деп жауап береді ол.
Luke Kaz 15:28  Үлкен ұл ашуланып, үйге кіргісі келмейді. Әкесінің өзі шығып, оны шақырады.
Luke Kaz 15:29  Сонда ол әкесіне былай деп жауап қатады:— Міне, мен сізге қанша жыл бойы қызмет етіп келе жатырмын, еш уақытта бұйрығыңызға қарсы шыққан емеспін. Бірақ сіз маған достарыммен бірге отырып көңіл көтеруім үшін, тым болмаса, лақ та берген емессіз!
Luke Kaz 15:30  Алайда бұзылған әйелдермен бірге болып, мал-мүлкіңізді шашып-төккен мына балаңыз қайтып келгенде, сіз оған арнап бордақыланған өгізшемізді сойып, той жасап жатырсыз!
Luke Kaz 15:31  — Ұлым, сен әрдайым менімен біргесің. Барлық меншігім сенікі ғой.
Luke Kaz 15:32  Ал мына інің болса, өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды. Сондықтан қуанып, көңіл көтеруіміз керек қой! — дейді әкесі».