LUKE
Chapter 14
Luke | Kaz | 14:1 | Иса бір діни демалыс күні парызшылдар қауымының қайсыбір бастығының үйіне дәм татуға келгенде, бәрі Оны бақылап отырды. | |
Luke | Kaz | 14:3 | Сонда Иса Таурат заңын үйретуші ғұламалар мен парызшылдарға мына сұрақты қойды:— Демалыс күні ауруды сауықтыруға бола ма? | |
Luke | Kaz | 14:5 | Мұнан кейін жиналғандарға:— Егер біреуіңнің есегің немесе өгізің құдыққа түсіп кетсе, оны демалыс күні болса да, дереу шығарып алмас па едіңдер?! — деген сауал қойды. | |
Luke | Kaz | 14:7 | Қонақтардың төрдегі құрметті орындарды таңдап алып жатқанын байқаған Иса соны мысалға алып, мынадай тәлім берді: | |
Luke | Kaz | 14:8 | — Біреу сені тойға шақырғанда, төрдегі құрметті орынға жантая кетпе! Шақырылғандардың ішінде жолы сенен де үлкен біреу болуы мүмкін. | |
Luke | Kaz | 14:9 | Онда екеуіңді шақырған үй иесі келіп, саған: «Мына кісіге орныңды бер», — дейді, ал сен ұялып, амалсыздан ең төменгі орынға барып отырасың. | |
Luke | Kaz | 14:10 | Сондықтан қонаққа барғанда ең төменгі орынға отыр. Сонда үй иесі қасыңа келіп: «Досым, жоғары шық», — демек. Осылай дастарқандас болғандардың алдында мәртебең өсіп қалады. | |
Luke | Kaz | 14:11 | Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады. | |
Luke | Kaz | 14:12 | Содан кейін Иса Өзін шақырған үй иесіне қарап былай деді:— Түскі немесе кешкі қонақасы бергенде дос, бауыр, туысқандарыңды, я болмаса бай көршілеріңді шақырма. Себебі олай етсең, олар да сені қонаққа шақырып, есесін қайтармақ. | |
Luke | Kaz | 14:13 | Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр! | |
Luke | Kaz | 14:14 | Олар саған есесін қайтара алмайтындықтан бақытты боласың. Әділдер қайта тірілетін қиямет күні саған соның есесі қайтарылатын болады, — деді. | |
Luke | Kaz | 14:15 | Исамен бірге дастарқандас болғандардың бірі осыны естігенде Оған: «Құдайдың Патшалығындағы тойға қатысатындар бақытты!» — деді. | |
Luke | Kaz | 14:17 | Тамақ ішетін уақыт болғанда, шақырғандарына қызметшісін жіберіп былай дегізеді:— Келіңдер, барлығы дайын тұр! | |
Luke | Kaz | 14:18 | Бірақ бәрі бірдей кешірім сұрап, біреуі:— Егіндік жер сатып алдым, соны барып көруім керек. Өтінемін, маған кешірім ете гөр! — десе, | |
Luke | Kaz | 14:19 | келесі біреуі:— Бес пар өгіз сатып алып едім, соларды сынап жегіп көруге бара жатырмын. Өтінемін, мені кешір! — дейді. | |
Luke | Kaz | 14:21 | Қызметшісі қайта оралып, мұны қожайынына айтып береді. Үй иесі қаһарланып, қызметшісіне:— Тез барып, қаланың үлкенді-кішілі көшелерін аралап, жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды алып кел! — деп бұйырады. | |
Luke | Kaz | 14:22 | Кейінірек қызметшісі:— Мырза, бұйрығыңызды орындадым, бірақ әлі де бос орын бар, — дейді. | |
Luke | Kaz | 14:23 | Ал қожайыны былай деп тапсырады:— Қаладан шығып, үлкен жолдарда әрі үйлердің айналасында жүргендерді шақырып, келуге көндір! Осылайша үйім толсын. | |
Luke | Kaz | 14:24 | Сендерге шындығын айтамын: алдымен шақырылғандардың ешқайсысы да қонақасымнан ауыз тимейді!» (Неге десеңдер, шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз.) | |
Luke | Kaz | 14:26 | — Кім Маған келіп, Мені әке-шешесінен, әйелі мен балаларынан, бауырларынан және өз өмірінен артық көрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды. | |
Luke | Kaz | 14:27 | Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды. | |
Luke | Kaz | 14:28 | Сендердің біреуің бір мұнара салғысы келеді дейік. Сонда ол құрылысты аяқтауға қаражатының жетер-жетпесін білу үшін алдымен отыра қалып, кететін шығынды есептеп алады. | |
Luke | Kaz | 14:29 | Ол солай етпесе, іргетасын қалағаннан кейін бастаған ісін аяқтай алмас еді. Мұны көргендердің бәрі: | |
Luke | Kaz | 14:30 | «Мынаның құрылысты бастағанымен аяқтауына шамасы жетпеді, ә?!» — деп оны мазақтар еді. | |
Luke | Kaz | 14:31 | Немесе бір патша басқа бір патшамен соғысатын болса, келе жатқан қарсыласының жиырма мың жасақшысына өзінің он мыңымен төтеп бере ала ма, жоқ па — алдымен отыра қалып, соны ақылға салмас па еді? | |
Luke | Kaz | 14:32 | Шамасы келмейтін болса, ана патша әлі де алыста келе жатқан кезде оған елшілерін жіберіп, бітім шартын сұрар еді. | |
Luke | Kaz | 14:33 | Сол сияқты, сендердің ешқайсың да бар нәрсеңнен бас тартпай Менің шәкіртім бола алмайсыңдар. | |
Luke | Kaz | 14:34 | (Тағамды бұзылудан сақтау үшін) тұз пайдалы. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады? | |