LUKE
Chapter 3
Luke | Kaz | 3:1 | Рим патшасы Тіберидің билік құруының он бесінші жылы Яһудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод (Антипас) — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі, | |
Luke | Kaz | 3:2 | ал Ханна мен Қаяфа — басты діни қызметкерлер болып тұрды. Сол кезде Құдай айдалада Зәкәрия ұлы Жақияға сөзін арнап (оны пайғамбарлық міндетіне кірістірді). | |
Luke | Kaz | 3:3 | Содан Жақия Иордан өзенінің бойындағы барлық өңірді аралап былай деп уағыз айтты: «Күнәларыңа өкініп теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер, әрі шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді». | |
Luke | Kaz | 3:4 | Бұл — Ишая пайғамбардың жазбасында сақталған мына тәрізді сөздеріне сай болды:Жар салған дауыс шығады айдалада:Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар,Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар! | |
Luke | Kaz | 3:5 | Жолдағы сай-салалар толтырылсын,Әрі тау-төбелер аласартылсын,Бұралаң жерлері де түзетілсін,Бұдыр жолдар да түгелдей тегістелсін! | |
Luke | Kaz | 3:7 | Көп халық шомылдыру рәсімінен өту үшін Жақияға келді. Бірақ ол соларға ескертіп былай деді:— Ей, улы жыланның тұқымдары! Келешектегі қаһарлы жазадан құтылуды сендерге кім үйретті? | |
Luke | Kaz | 3:8 | Егер шынымен теріс жолдарыңнан қайтып, Құдай жолына түссеңдер, соған лайықты іс істеңдер! «Біздің түп атамыз — Ыбырайым» деп мақтанбаңдар! Сендерге шын айтамын: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да ұрпақ жасап бере алады. | |
Luke | Kaz | 3:9 | Қазірдің өзінде-ақ ағаш түбінде балта дайын тұр! Жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады! | |
Luke | Kaz | 3:11 | Жақия оларға:— Кімнің екі көйлегі болса, біреуін киімі жоққа берсін, кімнің азығы болса, ол да солай істесін! — деп жауап берді. | |
Luke | Kaz | 3:12 | Тіпті (әділетсіз) салық жинаушылар да өздерін шомылдыру рәсімінен өткізуге келді. Салықшылар:— Ұстаз, біздің не істеуіміз керек? — деп сұрағанда, | |
Luke | Kaz | 3:14 | Бірқатар жасақшылар да:— Ал біздің не істеуіміз керек? — деген сұрақ қойды. Жақия оларға:— Ешкімге зорлық жасамаңдар, жала жауып тонамаңдар! Өз жалақыларыңа қанағаттаныңдар! — деп бұйырды. | |
Luke | Kaz | 3:15 | Халық Құтқарушы Патша Мәсіхтің келуін күтіп, барлығы Жақия туралы іштей: «Бәлкім, осының өзі Мәсіх шығар?» — деп ойлады. | |
Luke | Kaz | 3:16 | Жақия бәріне былай деп жауап берді:— Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу келе жатыр. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына және отқа шомылдырады. | |
Luke | Kaz | 3:17 | Ол бидайды желпушіге ұқсайды: күрегі қолында, қырманын тазартып, «бидайын» жинап, қамбасына құяды, бірақ «қауызын» тозақтың сөнбес отына жағады! | |
Luke | Kaz | 3:19 | Жақия аймақ әкімі Ирод Антипастың өз бауырының әйелі Иродияны тартып алғанын және басқа да көптеген жаман қылықтарын әшкерелеп сөккен еді. | |
Luke | Kaz | 3:20 | Сондықтан Ирод бұрынғы зұлымдықтары аз болғандай бұған қоса Жақия пайғамбарды түрмеге жаптырды! | |
Luke | Kaz | 3:21 | Содан бұрынырақ қалың жұрт шомылдыру рәсімінен өтіп жатқан кезде Иса да сол рәсімнен өткен еді. Сонда Иса мінажат еткенде көк ашылып, | |
Luke | Kaz | 3:22 | көгершін бейнесіндегі Киелі Рух Оның үстіне қонды. Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толық ризамын!» — деген дауыс шықты. | |
Luke | Kaz | 3:23 | Иса Өзінің қызметін бастаған кезде жасы шамамен отызда еді. Жұрттың ойынша Ол Жүсіптің ұлы болатын. Ал Жүсіптің шыққан ата-тегі мынау: Жүсіп Елиден, | |
Luke | Kaz | 3:27 | Яһуда Жохананнан, Жоханан Ресадан, Реса Зоробабелден, Зоробабел Салатиелден, Салатиел Неріден, | |
Luke | Kaz | 3:33 | Нағасон Әминадаптан, Әминадап (Админнан, Админ Арнидан, Арни) Рамнан, Рам Хесроннан, Хесрон Парестен, Парес Яһудадан, | |
Luke | Kaz | 3:37 | Ләмех Мәтусалдан, Мәтусал Енохтан, Енох Иәреттен, Иәрет Мақалалелден, Мақалалел Қайнаннан, | |