LUKE
Chapter 4
Luke | Kaz | 4:1 | Киелі Рухқа кенелген Иса Иорданнан қайтқанда, Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. | |
Luke | Kaz | 4:2 | Сол жерде әзәзіл шайтан Оны қырық күн бойы сынады. Иса сол күндері нәр татпай, осы мерзім аяқталғанда әбден ашықты. | |
Luke | Kaz | 4:3 | Сонда әзәзіл шайтан Оған:— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйыра гөр, — деді. | |
Luke | Kaz | 4:4 | Иса оған былай деп жауап қатты:— «Адам тек нанмен ғана емес (Құдайдың әрбір сөзімен) өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой! | |
Luke | Kaz | 4:5 | Бұдан кейін әзәзіл шайтан Оны ертіп алып биік бір жерге шығарып, әп-сәтте әлемнің барлық мемлекеттерін көрсетіп: | |
Luke | Kaz | 4:6 | — Осы мемлекеттердің бүкіл билігін, олардың сән-салтанатын Саған беремін. Бұл билік маған тапсырылған, оны көңілім қалағанға сыйлаймын. | |
Luke | Kaz | 4:8 | Иса оған былай деп жауап қатты:— (Кет қасымнан, шайтан!) «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой! | |
Luke | Kaz | 4:9 | Мұнан соң әзәзіл шайтан Оны Иерусалим қаласына апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып, былай деді:— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына жерден төмен қарай секіре гөр! | |
Luke | Kaz | 4:11 | Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін қолдарына көтеріп Сені алып жүреді» деп (Забурда) жазылған ғой. — | |
Luke | Kaz | 4:12 | Иса оған жауап қайтарып:— «Құдай Иеңді еркінсіп сынама!» деп (Тауратта) айтылған ғой! — деді. | |
Luke | Kaz | 4:14 | Киелі Рухтың құдіретіне кенелген Иса Ғалилея аймағына қайтып келді. Ол туралы хабар бүкіл төңірекке тарап кетті. | |
Luke | Kaz | 4:16 | Өзі өскен Назарет қаласына келген соң, Иса әдетіне сай демалыс күні мәжілісханаға барды. Ол Киелі жазбалардан оқып беру үшін орнынан тұрғанда, | |
Luke | Kaz | 4:17 | Оған Ишая пайғамбардың жазбасы берілді. Иса сол шиыршық кітапты ашып, мына жерін тауып, оқып берді: | |
Luke | Kaz | 4:18 | «Маған Жаратқан Ие Өзінің Рухын қондырды. Ол мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылып, соқырларға көре алатындарын жар салуға жіберді. Жаратқан Ие мені езілгендерді қанаудан азат етуге | |
Luke | Kaz | 4:20 | Иса жазбаны жауып, қызметшіге қайтарып берді де, орнына отырды. Мәжілісханадағы бүкіл жамағат Оған көз тікті. Иса: | |
Luke | Kaz | 4:22 | Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды.Бұдан кейін олар:— Мынау Жүсіптің Баласы емес пе? — деп өзара сұрасты. | |
Luke | Kaz | 4:23 | Иса оларға былай деп жауап берді:— Әрине Маған «Дәрігер болсаң, өзіңді емде» деген мәтелді келтіріп, «Қапарнаумда жасаған керемет істерің туралы естідік. Мына өскен жеріңде де сондайларды істе!» дерсіздер. | |
Luke | Kaz | 4:25 | Естеріңізде болсын: Ілияс пайғамбардың тұсында үш жыл алты ай бойы ешқандай жауын жаумай, барлық жерде қатты ашаршылық болған кезде Исраил елінде жесір әйелдер көп еді. | |
Luke | Kaz | 4:26 | Бірақ Құдай Ілияс пайғамбарды солардың ешқайсысына емес, тек шетелдік Сидон елінің Сарепта қаласындағы бір жесір әйелге жіберді. | |
Luke | Kaz | 4:27 | Сондай-ақ Еліше пайғамбардың тұсында алапеспен ауырған кісілер Исраилде көп еді. Бірақ сириялық Нағыманнан басқа ешкім ауруынан жазылған жоқ. | |
Luke | Kaz | 4:29 | Олар орындарынан тұрып, Оны қаладан қуып шығып, қала тұрған таудың тік жарынан құлатпақ болып төбесіне алып барды. | |
Luke | Kaz | 4:31 | Содан Иса Ғалилеядағы Қапарнаум қаласына ылдилап барды. Сол жерде демалыс күні халыққа тәлім берді. | |
Luke | Kaz | 4:32 | Иса Құдайдан келген ерекше билікпен сөйлегендіктен, жұрт Оның тәліміне қатты қайран қалды. | |
Luke | Kaz | 4:34 | — Тоқта, назареттік Иса, бізде нең бар? Құртуға келдің ғой бізді. Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің, — деп айқайлады. | |
Luke | Kaz | 4:35 | Бірақ Иса жынға:— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. Сонда жын сол кісіні мәжілісхананың ортасына құлатып тастады, алайда оған еш зиян келтірместен денесінен шығып кетті! | |
Luke | Kaz | 4:36 | Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл не деген сөз? Ол жындарға билікпен және құдіретпен бұйрық беріп, олар шығып кетеді ғой!» — деп таңғалысты. | |
Luke | Kaz | 4:38 | Иса мәжілісханадан шыққан соң Шимонның үйіне барды. Оның қайын енесі безгекпен қатты ауырып, төсек тартып жатқан еді. Үйдегілер Исадан сол кісіге көңіл бөлуін өтінді. | |
Luke | Kaz | 4:39 | Иса әйелдің қасына барып, қызуға тыйым салды. Сонда қызуы басылып, әйел дереу орнынан тұрып, оларды күтіп қызмет ете бастады. | |
Luke | Kaz | 4:40 | Күн бата бүкіл жұрт әр түрлі науқастармен ауырған адамдарын Исаға алып келді. Ол солардың әрқайсысының үстіне қолын қойып, сауықтырып жіберді. | |
Luke | Kaz | 4:41 | Көп адамның бойындағы жындар шығып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың», — деп айқайлады. Өзінің Мәсіх екендігін білгендіктеріне бола, Иса жындарға тыйым салып, сөйлетпей тастады. | |
Luke | Kaz | 4:42 | Таң атқанда Иса үйден шығып, оңаша бір жерге барды. Халық Оны іздеп, қасына келіп:— Бізді тастап кетпеңіз, — деп, Оны тоқтатпақшы болды. | |
Luke | Kaz | 4:43 | Бірақ Иса оларға:— Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды басқа қалаларға да жариялауға тиістімін. Себебі Мен сол үшін осында жіберілдім, — деді. | |