LUKE
Chapter 19
Luke | Kaz | 19:2 | Сол жерде Зақай есімді кісі бар еді. Ол салық жинаушылардың бастығы әрі бай адам болатын. | |
Luke | Kaz | 19:3 | Зақай Исаның қандай екенін көргісі-ақ келіп еді. Бірақ қаумалаған халық көрсетпеді, себебі ол аласа бойлы болатын. | |
Luke | Kaz | 19:4 | Зақай Исаны көру үшін алға жүгіріп барып, бір тұт ағашына шығып алды. Өйткені Иса сол жолмен өтуге тиіс еді. | |
Luke | Kaz | 19:5 | Сол жерге келгенде Иса ағашта отырған Зақайға қарап:— Зақай, тез төмен түс! Бүгін Мен сенің үйіңде болуым керек, — деді. | |
Luke | Kaz | 19:7 | Мұны көріп тұрған жұрттың бәрі: «Мынау күнәкардың үйіне қонаққа барды!» — деп күңкілдесе бастады. | |
Luke | Kaz | 19:8 | Ал Зақай орнынан тұрып, Иемізге:— Мырза, мал-мүлкімнің жартысын кәріп-қасерлерге үлестіріп бермекпін. Егер біреуді алдап, ақысын жеген болсам, оны төрт есе артығымен қайтаратын боламын, — деді. | |
Luke | Kaz | 19:9 | Сонда Иса:— Бүгін осы үй іші құтқарылды! Бұл адам шын мәнінде Ыбырайым атаның ұрпағынан. | |
Luke | Kaz | 19:10 | Өйткені Мен тура жолдан адасып кеткендерді іздеп, құтқаруға келдім, — деп жауап берді. | |
Luke | Kaz | 19:11 | Халық тыңдап отырғанда Иса бір астарлы әңгімені қоса айтып берді. Себебі Өзі Иерусалимге жақындап қалғандықтан, олар: «Жуырда Құдай өз Патшалығын жерде орнатады» деп ойлады. | |
Luke | Kaz | 19:12 | Сондықтан Иса былай деді: «Бір ақсүйек өз елінің патшалығына тағайындалуы үшін алыс жерге барып, келмекші болыпты. Ол сапарға шықпастан бұрын | |
Luke | Kaz | 19:13 | қол астындағы қызметшілерінің онын шақырып алады. Әрқайсысына бір-бір қадақ күміс үлестіріп беріп:— Мен қайтып келгенше осы қаржымен жұмыс істеңдер! — деп тапсырады. | |
Luke | Kaz | 19:14 | Ал өз елінің азаматтары сол ақсүйекті жек көреді екен. Сондықтан артынан өкілдерін жіберіп: «Оның бізге патша болуын қаламаймыз», — деген арыздарын жөнелтеді. | |
Luke | Kaz | 19:15 | Бірақ әлгі кісі патшалыққа тағайындалады да, еліне қайта оралады. Содан ол күміс берген қызметшілерінің қайсысы қанша табыс тапқанын білу үшін оларды өзіне шақыртады. | |
Luke | Kaz | 19:16 | Сонда біріншісі келіп:— Тақсыр, сіздің бір қадақ күмісіңіз он қадақ табыс келтірді, — деп есеп береді. | |
Luke | Kaz | 19:17 | Патша оны мақтап:— Жарайсың, жақсы қызметшім! Кішкене істе сенімді болдың, енді он қаланың үстінен билеуші бол, — дейді. | |
Luke | Kaz | 19:18 | Екіншісі келіп:— Сіздің бір қадақ күмісіңіз бес қадақ табыс келтірді, — деп есеп бергенде, | |
Luke | Kaz | 19:20 | Ал үшіншісі келіп, былай дейді:— Тақсыр, мінеки, сіздің қадағыңыз. Оны орамалға түйіп сақтап қойдым. | |
Luke | Kaz | 19:21 | Сізден қорықтым, өйткені қатал адамсыз: өзіңіз салмаған қаржыны иемденіп, екпеген өнімді орасыз. — | |
Luke | Kaz | 19:22 | Патша оған:— Әй, зұлым қызметші! Сені өз аузыңнан шыққан сөздеріңмен үкімдеймін! Менің салмаған қаржыны иемденіп, екпеген өнімді оратын қатал адам екенімді білдің ғой? | |
Luke | Kaz | 19:23 | Олай болса, неге күмісімді айналымға жібермедің? Сонда мен қайтып келгенде оны өсімімен қайтарып алатын едім, — деп жауап береді. | |
Luke | Kaz | 19:24 | Патша қасындағы нөкерлеріне:— Мынадан қадағын алып, он қадақ табыс түсіргенге тапсырыңдар! — деп бұйырады. | |
Luke | Kaz | 19:26 | — Сендерге айтамын: кімде біраз бар болса, соған тағы беріледі. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады. | |
Luke | Kaz | 19:27 | Ал мені өздеріне патша қылуды қаламаған жауларым болса, оларды осында алып келіп, көз алдымда құртыңдар! — дейді». | |
Luke | Kaz | 19:28 | Иса осыны айтып болған соң, шәкірттерін ертіп Иерусалим қаласына бет алып өрлеп жүріп кетті. | |
Luke | Kaz | 19:29 | Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания ауылдарына жақындағанда, Иса шәкірттерінің екеуін жұмсап, | |
Luke | Kaz | 19:30 | оларға мынадай тапсырма берді:— Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған, әлі ешкім мінбеген бір тайқар есекті көресіңдер. Соны шешіп, алып келіңдер! | |
Luke | Kaz | 19:31 | Егер біреу сендерден: «Бұны неге шешесіңдер?» деп сұрай қалса, оған: «Ол Мырзамызға керек» деп жауап беріңдер! | |
Luke | Kaz | 19:33 | Олар жас есектің шылбырын шешіп жатқанда, оның қожайындары:— Тайқарды неге шешесіңдер? — деді. | |
Luke | Kaz | 19:37 | Осылай Иса жолдың Зәйтүн тауынан төмен түсетін жеріне жақындап қалды. Сонда күллі шәкірттері өздері көрген барлық құдіретті істері үшін зор қуанышпен қатты дауыстап Құдайды мадақтай бастады: | |
Luke | Kaz | 19:38 | «Жаратқан Иенің атынанКеле жатқан Патша жарылқанған!»«Көкте амандық пен тыныштық,Заңғар аспанда Құдай мадақталсын!» | |
Luke | Kaz | 19:39 | Халық арасынан кейбір парызшылдар Исаға:— Ұстаз, шәкірттеріңізге тыйым салыңыз! — деп наразылық білдірді. | |
Luke | Kaz | 19:40 | Ал Иса:— Сендерге шын айтамын: егер олар үндемесе, онда тастар айқай салар еді, — деп жауап қайырды. | |
Luke | Kaz | 19:42 | — Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің құтқара алатынын білсең ғой шіркін! Бірақ қазір мұны ұға алмайсың. | |
Luke | Kaz | 19:43 | Жауларың саған қарсы бекіністер құрып, қоршап, жан-жақтан қыспақтайтын күндер басыңа туады. | |
Luke | Kaz | 19:44 | Олар сені қиратып, тұрғындарыңды өлтіреді де, күл-талқаныңды шығарып, жермен-жексен етеді. Себебі Құдайдың өзіңді құтқаруға келген кезін түсінбедің. | |
Luke | Kaz | 19:45 | Содан кейін Иса ғибадатхана ауласына кіріп, ондағы сатушыларды қуып шығара бастады. Оларға: | |
Luke | Kaz | 19:46 | «Киелі жазбаларда: «Менің (киелі) үйім мінажат ететін үй болады!» делінген. Бірақ сендер оны «қарақшылар ордасына» айналдырғансыңдар!» — деп қатаң ескертті. | |
Luke | Kaz | 19:47 | Иса күн сайын ғибадатханада халыққа тәлім беріп жүрді. Басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар Оның көзін құртудың жолын іздеді, | |