LUKE
Chapter 24
Luke | Kaz | 24:1 | Жексенбі күні әлгі әйелдер дайындаған иісмайларын алып, (басқа да әйелдермен бірге) таң сәріде қабірге барды. | |
Luke | Kaz | 24:2 | Сонда жеткенде олар үңгір аузындағы дәу қақпақ тастың домалатылып, былай қойылғанын көрді. | |
Luke | Kaz | 24:4 | Олар бұған аң-таң болып тұрғанда, киімдері найзағайдай жарқыраған екі ер адам кенеттен қастарына келіп, тұра қалды. | |
Luke | Kaz | 24:5 | Әйелдер үрейленіп, жерден көздерін алмай тұрғанда, әлгі екі кісі оларға үн қатып: «Тіріні өлілердің арасынан неге іздейсіңдер? | |
Luke | Kaz | 24:6 | Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті! Оның Ғалилеяда жүрген кезінде сендерге алдын ала айтқандарын естеріңе түсіріңдер: | |
Luke | Kaz | 24:7 | көктен келген Билеуші күнәкар адамдарға ұстап беріліп, айқышқа шегеленіп өлтірілуге, алайда үшінші күні қайта тірілуге тиіс екенін Өзі алдын ала білдірген еді ғой», — деді. | |
Luke | Kaz | 24:9 | Қабірден қайтып келгенде олар бұл оқиғаны Оның он бір елшісі мен барлық басқа шәкірттеріне түгелдей хабарлады. | |
Luke | Kaz | 24:10 | Мұны елшілерге айтқан — мағдалалық Мәриям, Жоханна, Жақыптың шешесі Мәриям және олармен бірге болған басқа әйелдер еді. | |
Luke | Kaz | 24:12 | Ал Петір орнынан тұра сала қабірге жүгіріп барды. Ол үңгірдің ішіне еңкейіп қарағанда жерде жатқан кебінді ғана көрді де, болған оқиғаға таңғалып, қайта оралды. | |
Luke | Kaz | 24:13 | Тап сол күні шәкірттердің екеуі Иерусалимнен он бір шақырымдай қашықтықтағы Еммаус деген ауылға бара жатып, | |
Luke | Kaz | 24:15 | Олар өзара сөйлесіп, пікір алысып бара жатқанда, Исаның Өзі жақындап келіп, екеуіне қосылды. | |
Luke | Kaz | 24:17 | — Сендер не туралы әңгімелесіп (қайғыланып) келе жатырсыңдар? — деп сұрады Ол. Олар тұнжырап тұрып қалды. | |
Luke | Kaz | 24:18 | Клеопа есімді біреуі Оған:— Иерусалимге келген, бірақ осы күндері онда не болғанынан еш хабары жоқ жалғыз Сіз шығарсыз? — деді. | |
Luke | Kaz | 24:19 | Иса:— Не болған еді? — деп сұрады. Олар былай жауап берді:— Назареттік Исамен болған нәрсені айтамыз. Ол Құдай алдында да, бүкіл халық алдында да сөзімен де, ісімен де құдіретті Пайғамбар болды. | |
Luke | Kaz | 24:20 | Алайда біздің басты діни қызметкерлер мен рубасыларымыз Оны өлімге кестіру үшін ұстап беріп, айқышқа шегелетіп өлтіртті. | |
Luke | Kaz | 24:21 | Ал біз, Исраил елін Құтқарушы — Сол деп үміттенген едік. Бұған қоса, барлық осы оқиғалардың болғанына бүгін үшінші күн. | |
Luke | Kaz | 24:22 | Бірақ арамызда жүрген бірнеше әйел бізді қатты таңғалдырды: олар ертемен қабірге барып, | |
Luke | Kaz | 24:23 | Оның мәйітін таппапты! Қайтып келгенде сол әйелдер көздеріне періштелердің көрініп, өздеріне: «Ол тірі!» дегендерін айтып берді. | |
Luke | Kaz | 24:24 | Содан арамыздағы кейбір ер адамдар қабірге барып, оның әйелдер айтқандай бос екенін көріпті! Алайда олар Исаның Өзін көрген жоқ. — | |
Luke | Kaz | 24:25 | Сонда Ол:— Ей, түйсіксіз, жүрегі шеменденген шабандарым-ай! Пайғамбарлардың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбегенсіңдер! | |
Luke | Kaz | 24:26 | Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп, | |
Luke | Kaz | 24:27 | оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді. | |
Luke | Kaz | 24:29 | Бірақ екі шәкірт:— Бізбен бірге бола көріңіз! Күн кеш болды, көп ұзамай қараңғы түседі, — деп қадала өтінді. Сонда Ол үйге кіріп, екеуімен бірге қалды. | |
Luke | Kaz | 24:30 | Дастарқан басына бірге жайғасқан соң Иеміз Иса қолына нанды алып, шүкірлік етіп, үзіп берді. | |
Luke | Kaz | 24:31 | Сонда екі шәкірттің көздері ашылып, Оны таныды. Бірақ Ол кенеттен көздеріне көрінбей қалды. | |
Luke | Kaz | 24:32 | Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті. | |
Luke | Kaz | 24:33 | Сол сәтте орындарынан тұрып, Иерусалимге қайтып, сонда жиналған он бір елшіні де, олардың қасындағы өзге сенушілерді де кездестірді. | |
Luke | Kaz | 24:35 | Ал ана екеуі жолда не болғанын және дастарқан басында нанды үзген кезінде өздерінің Иеміз Исаны қалай танығандарын айтып берді. | |
Luke | Kaz | 24:36 | Екі шәкірт осыны айтып тұрғанда, Мәсіх Исаның Өзі жиналғандардың орталарына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді. | |
Luke | Kaz | 24:39 | Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой», — деді де, | |
Luke | Kaz | 24:41 | Шәкірттері қуаныштан әлі де сенбей таңырқап тұрғанда, Мәсіх: «Жейтін бір нәрселерің бар ма?» — деп сұрады. | |
Luke | Kaz | 24:44 | Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп, | |
Luke | Kaz | 24:47 | Оның атынан Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға да теріс жолдан қайтқан адамдардың күнәларын Құдай кешіреді деген Ізгі хабарды жариялау да қажет. | |
Luke | Kaz | 24:49 | Міне, Мен Әкем уәде еткен Киелі Рухын сендерге жіберемін. Ол көктен түсіп, сендерді Өзінің құдіретіне бөлегенше Иерусалимде болыңдар!» — деді. | |
Luke | Kaz | 24:50 | Мұнан соң Мәсіх сенушілерді қаладан шығарып, Бетанияның маңына ертіп барды. Сол жерде қолын жайып оларға батасын берді. | |
Luke | Kaz | 24:52 | Сенушілер Мәсіхке тағзым етіп құрмет көрсетті, бұдан кейін зор қуанышпен Иерусалимге қайта оралды. | |