MARK
Chapter 8
Mark | Kaz | 8:1 | Сол күндері қайтадан халық көп жиналып, жейтін тамақтары болмады. Иса шәкірттерін қасына шақырып: | |
Mark | Kaz | 8:3 | Оларды аш күйлерінде үйлеріне қайтарып жіберсем, жолшыбай әлсіреп, құлап қалар. Ал бірқатары тым қашықтан келді, — деді. | |
Mark | Kaz | 8:4 | Шәкірттері:— Осы құлазыған айдалада бұларды тамақтандыруға жететін нанды қайдан табуға болады? — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 8:6 | Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлшені қолына алып, шүкірлік етті. Оларды адамдарға тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне берді. Олар халыққа үлестірді. | |
Mark | Kaz | 8:7 | Бірнеше кепкен ұсақ балықтары да болды. Иса оларды да алып, шүкірлік етіп, жұртқа үлестіруге бұйырды. | |
Mark | Kaz | 8:8 | Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. | |
Mark | Kaz | 8:9 | Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. | |
Mark | Kaz | 8:11 | Сол жердегі парызшылдар Исаның қасына келіп, Онымен айтыспақшы болды. Оның билігін сынау үшін көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. | |
Mark | Kaz | 8:12 | Иса рухында терең күрсініп, оларға:— Осы ұрпақ не үшін керемет көрсетуімді талап етеді? Сендерге шындығын айтайын: бұл ұрпаққа ешбір керемет көрсетілмейді! — деді. | |
Mark | Kaz | 8:15 | Иса оларға:— Абайлаңдар, парызшылдардың және Иродтың «ашытқыларынан» сақтаныңдар! — деп ескертті. | |
Mark | Kaz | 8:17 | Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады:— Сендер нанымыз жоқ деп неге пікірлесіп отырсыңдар? Жасағандарымды әлі де түсінбей, олардың мәнісін ұқпайсыңдар ма? Әлде жүректерің қасарысқан ба? | |
Mark | Kaz | 8:18 | Көздерің болғанмен көрмей, құлақтарың болғанмен естімейсіңдер ме? Кәне, естеріңе түсіріңдерші: | |
Mark | Kaz | 8:19 | Мен бес күлше нанды бес мың адамға үлестіріп бергенімде, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер? — Шәкірттері:— Он екі, — деді. | |
Mark | Kaz | 8:20 | — Әрі жеті күлшені төрт мың адамға үлестіргенімде, артылып қалғаны қанша үлкен себет болды? — Олар:— Жетеу, — дегенде, | |
Mark | Kaz | 8:22 | Сонымен олар Бетсайда қаласына жетті. Сонда адамдар бір соқыр кісіні алып келіп, Исадан оған қолын тигізіп сауықтыруын өтінді. | |
Mark | Kaz | 8:23 | Иса осы зағипты қолынан ұстап, ауылдан жетелеп шықты. Оның көзіне бір түкіріп, үстіне қолын қойып:— Бір нәрсе көріп тұрсың ба? — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 8:24 | Әлгі кісі көз тігіп:— Адамдарды көріп тұрмын! Олар жүріп бара жатқан ағаш діңдеріне ұқсайды, — деді. | |
Mark | Kaz | 8:25 | Иса зағиптың көздеріне қайтадан қолын тигізіп, қарауға бұйырды. Сонда оның көзі ашылып, бәрін де анық көрді. | |
Mark | Kaz | 8:26 | Иса оған:— Мына ауылға кірме (ондағы ешкімге болған оқиға туралы тіс жарма)! — деп ескертіп, үйіне қайтарып жіберді. | |
Mark | Kaz | 8:27 | Иса шәкірттерін ертіп сол маңайдан кетіп, Філіп-Кесариясы қаласының айналасындағы ауылдарға барды. Жолшыбай Ол шәкірттеріне:— Жұрт Мені кім деп жүр? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 8:28 | Олар:— Біреулері Сізді шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары Ілияс пайғамбар, тағы басқалары ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі деп жүр, — деді. | |
Mark | Kaz | 8:29 | Сонда Иса:— Ал сендер Мені кім дейсіңдер? — деп сұрады. Петір Оған жауап беріп:— Сіз Мәсіхсіз! — деді. | |
Mark | Kaz | 8:31 | Мұнан кейін оларға былай деп тәлім бере бастады:— Көктен келген Билеуші, Мен, көп азап шегуге тиіспін: рубасылар мен басты діни қызметкерлердің және дін мұғалімдерінің Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет! | |
Mark | Kaz | 8:32 | Иса мұны бүкпесіз ашық айтқан еді. Сонда Петір Оны былайырақ алып шығып, қарсылық білдіре бастады. | |
Mark | Kaz | 8:33 | Бірақ Иса бұрылып, шәкірттеріне қарады да, Петірге: «Менен аулақ кет, әзәзіл! Сен Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың!» — деп тыйым салды. | |
Mark | Kaz | 8:34 | Бұдан кейін Иса халықты және Өзінің шәкірттерін қасына шақырып алып, оларға мынаны айтты:— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін! | |
Mark | Kaz | 8:35 | Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін және Ізгі хабар үшін қиған әркім оны (мәңгі) аман сақтап қалады. | |
Mark | Kaz | 8:36 | Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда? | |