MARK
Chapter 14
Mark | Kaz | 14:1 | Құтқарылу және Ашымаған нан мейрамдарына екі-ақ күн қалған еді. Басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Исаны айламен қолға түсіріп, өлтірудің жолын қарастырды. | |
Mark | Kaz | 14:2 | Әйтсе де олар: «Мұны мейрам күндері іске асыруға болмайды! Әйтпесе халық арасында бүлік шығып жүрер», — десті. | |
Mark | Kaz | 14:3 | Ал Иса бұл кезде Бетанияда, бұрын алапеспен ауырған Шимонның үйінде болатын. Сонда бір әйел Исаның қасына жақындап келді; оның қолында нард деген өсімдіктен жасалған таза, аса құнды иісмайға толы мөлдір тас құтысы бар еді. Әйел құтының аузын сындырып, иісмайды дастарқан басында жантайып жатқан Исаның басына құйды. | |
Mark | Kaz | 14:4 | Сол жердегілердің кейбіреулері бұған наразы болып, бір-біріне: «Иісмай неге бұлай ысырапталды? | |
Mark | Kaz | 14:5 | Оны бір жылдық жалақыдан да артық бағаға сатып, түскен ақшаны мүсәпірлерге үлестіруге болатын еді ғой!» — десіп, әйелді сөгіп тастады. | |
Mark | Kaz | 14:6 | Бірақ Иса оларға қарсы шығып былай деді:— Бұл әйелге тимеңдер! Оны неге мазалайсыңдар? Ол Маған ерекше жақсылық жасады. | |
Mark | Kaz | 14:7 | Мүсәпірлер әрдайым қастарыңда ғой, оларға қалаған кезде қайырым көрсете аласыңдар. Ал Мен ұдайы қастарыңда бола бермеймін. | |
Mark | Kaz | 14:8 | Бұл әйел қолынан келгенін істеп, Менің денеме қабірге қоярдағы май жағу салтын алдын ала орындады. | |
Mark | Kaz | 14:9 | Сендерге шын айтамын: осы Ізгі хабар қай жерде болмасын бүкіл дүние жүзінде уағыздалғанда, осы әйелді де еске алып, істегенін айтатын болады. | |
Mark | Kaz | 14:10 | Ал он екі елшінің біреуі, Яһуда Исқариот, Исаны ұстап беру ниетімен басты діни қызметкерлерге барды. | |
Mark | Kaz | 14:11 | Мұны естігенде олар қатты қуанып, сол үшін Яһудаға күміс ақша беруге уәде етті. Осы кезден бастап Яһуда Исаны оларға ұстап берудің қолайлы сәтін аңдыды. | |
Mark | Kaz | 14:12 | Ашымаған нан мейрамының бірінші күні әр отбасы ата-бабаларын Құдайдың құтқарғанын еске түсіріп, бір тоқтыны құрбандыққа шалатын. Сол кезде шәкірттері Исадан:— Мейрам асыңызды қай жерге әзірлеуімізді қалайсыз? — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 14:13 | Иса олардың екеуін жұмсап былай деді:— Қалаға барып, кіріңдер. Сонда сендерге құмырамен су алып бара жатқан бір адам кездеседі. Соның артынан еріп, | |
Mark | Kaz | 14:14 | ол кірген үйдің иесіне: «Ұстазымыз сізге сәлем айтып, Маған шәкірттеріммен бірге отырып мейрам асын ішуге болатын қонақ бөлмеңіз қайда екен деп сұрап жатыр» деңдер. | |
Mark | Kaz | 14:15 | Үй иесі сендерге жоғарғы қабатта орналасқан, еденіне төсеніштер төселіп даярланған кең қонақ бөлмені көрсетеді. Асты бізге сол жерге дайындаңдар! — | |
Mark | Kaz | 14:16 | Енді шәкірті жолға шығып, қалаға кіргенде, бәрі де Исаның айтқанындай болды. Олар мейрам асын сонда даярлады. | |
Mark | Kaz | 14:18 | Олар дастарқан басына жайғасып, тамақ ішіп отырғанда, Иса:— Сендерге шындығын айтайын: Менімен бірге тамақ ішіп отырған сендердің біреуің Маған опасыздық жасайды, — деді. | |
Mark | Kaz | 14:19 | Олар еңселері түсіп, қатты абыржып бірінен соң бірі:— Сол адам мен емес пе екенмін? — деп сұрай бастады. | |
Mark | Kaz | 14:20 | Иса жауап беріп:— Ол — осы он екіңнің бірі, табақтағы тұздыққа Менімен бірге бір үзім нанын батырып алып жатқан біреуің. | |
Mark | Kaz | 14:21 | Көктен келген Мен Киелі жазбаларда Өзім туралы алдын ала айтылған жолмен жүремін. Алайда Мені ұстап беретін адам қасіретке қалады! Сол кісі үшін ешқашан дүниеге келмегені жақсы болар еді, — деді. | |
Mark | Kaz | 14:22 | Олар тамақ ішіп отырғанда, Иса қолына нан алып, шүкірлік етіп бата берді. Нанды үзіп, шәкірттеріне беріп жатып:— Алып жеңдер, бұл — Менің денем, — деді. | |
Mark | Kaz | 14:24 | Иса оларға:— Бұл — көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) Келісімді бекітетін Менің қаным. | |
Mark | Kaz | 14:25 | Сендерге шын айтамын: Мен Құдайдың Патшалығы орнаған кезде жүзім шырынынан жаңа түрде ішетін боламын. Сол күнге дейін одан енді қайтып татпаймын, — деді. | |
Mark | Kaz | 14:26 | Бұдан кейін олар Құдайды мадақтау әнін айтты; содан соң сол жерден шығып, Зәйтүн тауына қарай беттеді. | |
Mark | Kaz | 14:27 | Жолшыбай Иса шәкірттеріне тіл қатып былай деді:— (Бүгін түнде) бәрің де Менен безіп кетесіңдер. Себебі (Пайғамбарлар жазбаларында мынадай сөздер) жазылған: «Бақташыны» ұрып өлтіремін, сонда «қойлары» бытырап кетеді. | |
Mark | Kaz | 14:30 | Иса:— Саған шындығын айтайын: осы түні-ақ әтеш екі рет шақырғанша, сен Менен үш рет танасың! — деп жауап қайтарды. | |
Mark | Kaz | 14:31 | Алайда Петір одан бетер құлшына:— Маған Сізбен бірге өлуге тура келсе де, Сізден еш танбаймын! — деді. Барлық басқа шәкірттер де осыны айтты. | |
Mark | Kaz | 14:32 | Осылай олар бақшасы бар Гетсимани деген жерге жетті. Сонда шәкірттеріне: «Мен сиынып мінажат еткенше, осы жерде отыра тұрыңдар», — деді. | |
Mark | Kaz | 14:33 | Ол Петір, Жақып және Жоханды Өзімен бірге ала кетіп, жаны түршігіп қатты қинала бастады. | |
Mark | Kaz | 14:34 | Иса үш шәкіртіне: «Жаным өлердей қайғырып тұр. Сендер осында қалып, ұйықтамай сергек болыңдар!» — деп тапсырды. | |
Mark | Kaz | 14:35 | Иса сол жерден әрірек барып, жерге жығылды. Мүмкін болса, алдағы азапты кезеңнің Өзіне жоламай айналып өтуін сұрап: | |
Mark | Kaz | 14:36 | «О, Абба, Әкем! Сенің қолыңнан бәрі де келеді. (Қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» — деп мінажат етті. | |
Mark | Kaz | 14:37 | Қайтып келгенде Иса шәкірттерінің ұйықтап жатқанын көрді. Петірге: «Шимон, ұйықтап жатырсың ба? Ең болмағанда, бір сағат ұйықтамай отыра алмағаның ба? | |
Mark | Kaz | 14:38 | Азғырылмау үшін сергек болып сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді. | |
Mark | Kaz | 14:40 | Бұдан кейін оралып келгенде, шәкірттері қайтадан ұйықтап жатты. Себебі көздерін ұйқы басқан еді. Олар Исаға не айтарларын білмеді. | |
Mark | Kaz | 14:41 | Иса үшінші рет оңаша сиынып, қайтып келгеннен кейін шәкірттеріне: «Әлі де ұйықтап, тынығып жатырсыңдар ма? Жетер енді, уақыт болды: Құдай тағайындаған Билеуші күнәкарлардың қолына ұстап беріледі. | |
Mark | Kaz | 14:43 | Иса әлі де осыны айтып тұрғанда, он екі елшінің біреуі — Яһуда семсер мен сойыл ұстанған бір топ адамды сол жерге ертіп келді. Бұларды басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылары жіберген болатын. | |
Mark | Kaz | 14:44 | Исаға опасыздық жасаушы Яһуда оларға белгі беру туралы: «Кімнің бетінен сүйсем, Ол — Соның Өзі. Сол Адамды тұтқындап, абайлап алып кетіңдер», — деген еді. | |
Mark | Kaz | 14:47 | Бірақ сол жерде Исамен бірге тұрғандардың біреуі семсерін суырып алды. Соны бас діни қызметкердің малайына қарай сілтеп қалып, оның бір құлағын шауып түсірді. | |
Mark | Kaz | 14:48 | Ал Иса келгендерге: «Мені тұтқындауға, қарақшыға қарсы аттанғандай семсер мен сойыл алып шыққандарыңыз қалай? | |
Mark | Kaz | 14:49 | Күн сайын ғибадатханада тәлім беріп қастарыңызда болғанымда Мені ұстаған жоқсыздар. Бірақ Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандар осылай жүзеге асуға тиіс!» — деді. | |
Mark | Kaz | 14:51 | Ал жалаңаш денесіне бәтес жамылғы ғана оранған бір жас жігіт Исаның артынан ілесіп отырды. Жасақшылар оны ұстап алды. | |
Mark | Kaz | 14:52 | Бірақ сол жігіт жамылғысын тастай сала, қолдарынан сытылып шығып, жалаңаш күйі қашып кетті. | |
Mark | Kaz | 14:53 | Қарулы топ Исаны бас діни қызметкердің сарайына апарды. Сол жерге барлық басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері жиналды. | |
Mark | Kaz | 14:54 | Петір Исаға алыстан ілесе отырып, бас діни қызметкердің сарайының ішкі ауласына дейін барды. Ол жерде Петір сақшылармен бірге отырып, отқа жылынды. | |
Mark | Kaz | 14:55 | Сол кезде басты діни қызметкерлер мен бүкіл Жоғарғы кеңес Исаны өлімге кесу үшін Оған қарсы айғақ іздестірді, бірақ ештеңе таба алмады. | |
Mark | Kaz | 14:56 | Көптеген адамдар Исаға қарсы жалған куәлік берді, алайда олары бір-біріне сай келмеді. | |
Mark | Kaz | 14:58 | — Біз Бұның: «Мен қолдан жасалған мына киелі үйді бұзып, қолдан жасалмаған басқасын үш күнде қайта тұрғызамын» дегенін естідік, — деп жалған куәлік келтірді. | |
Mark | Kaz | 14:60 | Сонда бас діни қызметкер ортаға шығып, Исаға:— Ешқандай жауап бермейсің бе? Мыналар Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр? — деген сауал қойды. | |
Mark | Kaz | 14:61 | Бірақ Иса еш жауап бермей үндемеді. Бас діни қызметкер Оған тағы да сұрақ қойып:— Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді. | |
Mark | Kaz | 14:62 | Иса:— Мен Солмын. Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 14:63 | Сонда бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртып:— Енді куәгерлердің қажеті қанша? | |
Mark | Kaz | 14:64 | Ол Тәңірге тіл тигізді, мұны өз құлақтарыңызбен естідіңіздер! Бұған қалай қарайсыздар? — деп дауыстады.Жиналғандардың барлығы да Оны өлім жазасына лайық деп шешті. | |
Mark | Kaz | 14:65 | Бірқатары Исаға түкіре бастады. Оның бетін бүркеп, жұдырықтап: «Әй, пайғамбар болсаң, Сені кім ұрды, бізге айтып берші!» — деп келекеледі. Бұдан кейін сақшылар Исаны ұстап тұрып, соққылады. | |
Mark | Kaz | 14:66 | Бұл кезде Петір төменде, сарайдың ішкі ауласында, отырған еді. Бас діни қызметкердің бір қызметші қызы өтіп бара жатып, | |
Mark | Kaz | 14:67 | отқа жылынып отырған Петірді көрді. Оған қадала қарап:— Сен де назареттік Исамен бірге жүретін едің ғой! — деді. | |
Mark | Kaz | 14:68 | Алайда Петір:— Не деп тұрғаныңды білмеймін де, түсінбеймін де, — деп мойындамады. Содан ол ішкі ауладан шығып, қақпа жағына жылжи берді. Сонда әтеш шақырды. | |
Mark | Kaz | 14:69 | Қызметші қыз Петірді тағы да көріп, сол жерде тұрғандарға: «Мынау — солардың біреуі!» — дей бастады. | |
Mark | Kaz | 14:70 | Бірақ Петір қайтадан мойындамады.Сәл кейінірек сонда тұрғандар да оған:— Сен шынымен солардың біреуісің, ғалилеялықсың ғой! (Қалай сөйлегеніңнен-ақ білініп тұр!) — деді. | |