MARK
Chapter 10
Mark | Kaz | 10:1 | Иса сол жерден шығып, Яһудея аймағына әрі Иордан өзенінің шығыс бетіне барды. Қасына қайтадан халық жиналып, Иса Өзінің әдеті бойынша оларға тәлім берді. | |
Mark | Kaz | 10:2 | Бірнеше парызшылдар келіп, Исаны сынамақ болып:— Күйеуінің әйелімен ажырасуына бола ма? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 10:4 | — Мұса пайғамбар күйеуінің арнайы қағазды жазып беріп, әйелімен ажырасуына рұқсат еткен ғой! — деді олар. | |
Mark | Kaz | 10:5 | Сонда Иса былай деп жауап қатты:— Мұса сендерге осы ережені жүректеріңнің Құдайдың еркіне мойынсұнбай қасарысқандығына бола жазып қалдырған. | |
Mark | Kaz | 10:6 | Алайда жаратылыстың басталуында-ақ «Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты». | |
Mark | Kaz | 10:8 | әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады» (деп те Тауратта жазылған). Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас! | |
Mark | Kaz | 10:12 | Егер әйел күйеуімен ажырасып, басқаға тисе, оның да неке адалдығын бұзғаны, — деп түсіндірді. | |
Mark | Kaz | 10:13 | Адамдар Исаға балаларын алып келіп, Одан соларға қолын тигізіп бата беруін өтінді. Бірақ шәкірттері (Исаны мазалағандары үшін) оларды сөкті. | |
Mark | Kaz | 10:14 | Мұны байқаған Иса наразы болып былай деді:— Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған. | |
Mark | Kaz | 10:15 | Сендерге шындығын айтайын: кім Құдайдың Патшалығын бала сияқты қабылдамаса, оған кіре алмайды. — | |
Mark | Kaz | 10:17 | Иса сапарға шыққанда, бір жігіт алдынан жүгіріп шығып, Оған тізесін бүгіп тағзым етті. Жігіт Исаға:— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 10:19 | Оның өсиеттерін білесің ғой: «Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ешкімнің ақысын жеме; ата-анаңды сыйла!» — деді. | |
Mark | Kaz | 10:21 | Иса оған қарап тұрып, сүйіспеншілікпен:— Саған бір нәрсе жетіспейді: барып, қолыңдағы мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер! — деді. | |
Mark | Kaz | 10:22 | Бұл сөзге жігіт еңсесі түсіп қапаланды да, сол жерден кетіп қалды. Себебі ол аса дәулетті болатын. | |
Mark | Kaz | 10:23 | Иса айнала қарап, шәкірттеріне: «Мал-мүлікке бай адамдардың Құдайдың Патшалығына кіруі қандай қиын!» — деді. | |
Mark | Kaz | 10:24 | Оның айтқандарына шәкірттері абыржып, қайран қалды. Ал Иса тағы да:— Жігіттер! (Байлықтарына сенгендер үшін) Құдайдың Патшалығына кіру қандай қиын! | |
Mark | Kaz | 10:25 | Байдың Құдайдың Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай, — деп қосты. | |
Mark | Kaz | 10:26 | Шәкірттер аса қатты таңғалып, өзара:— Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?! — десті. | |
Mark | Kaz | 10:27 | Иса оларға қарап:— Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан келеді. Оның қолынан бәрі де келеді! — деді. | |
Mark | Kaz | 10:28 | Петір Исаға:— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз, — дей бастап еді. | |
Mark | Kaz | 10:29 | Иса былай деп жауап қатты:— Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, бауырларын, әке-шешесін, әйелін, бала-шағасын не жер-суын Маған және Ізгі хабарға бола қалдырған әркімге | |
Mark | Kaz | 10:30 | сол үшін осы заманда қуғын-сүргін көргеннің өзінде де үй-жай, аға-іні, апа-қарындас (не әпке-сіңлі), әке-шеше, бала-шаға, жер-су жүз есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады. | |
Mark | Kaz | 10:31 | Сол заманда көптеген алдыңғы қатарлылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады. | |
Mark | Kaz | 10:32 | Сол кезде олар Иерусалимге көтерілетін жолмен өрлеп бара жатты. Иса алдарында жүрді, ал шәкірттері абыржып, Оның соңынан ерген халық та қорқып келе жатты. Иса қайтадан он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) айта бастады: | |
Mark | Kaz | 10:33 | «Енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Сол жерде біреу көктен келген Билеушіні басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдеріне сатып кетеді. Олар Оны өлімге кесіп, Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдарына ұстап береді. | |
Mark | Kaz | 10:34 | Солар Оны мазақ етіп, бетіне түкіріп, қамшымен сабайды, ақырында өлтіреді. Алайда Ол үшінші күні қайта тіріледі!» | |
Mark | Kaz | 10:35 | Сол кезде Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жохан Исаның қасына келіп:— Ұстаз, Сізден бір өтінішіміз бар, соны орындасаңыз екен, — деді. Иса: | |
Mark | Kaz | 10:37 | — Сіз бұдан кейін салтанатты ұлылығыңызға ие болған кезде бірімізге оң, екіншімізге сол жағыңызға отыруды бұйырсаңыз екен, — деген тілек білдірді. | |
Mark | Kaz | 10:38 | Иса оларға жауап беріп былай деді:— Сендер не сұрап тұрғандарыңды ұқпайсыңдар! Мен (Құдайдың қаһарына толы) «тостағаннан ішіп», (азапты) «шомылудан» өтпекпін! Ал сендер солай істей аласыңдар ма? — | |
Mark | Kaz | 10:39 | Екі шәкірт:— Иә, істей аламыз, — дегенде, Иса:— Мен ішетін «тостағаннан» сендер де ішіп, Мен өтетін «шомылудан» сендер де өтетін боласыңдар. | |
Mark | Kaz | 10:40 | Бірақ оң мен сол жағыма отыруға тағайындау Менің қолымда емес. Көктегі Әкем кімге дайындаған болса, солар отырады, — деп сөзін аяқтады. | |
Mark | Kaz | 10:42 | Иса оларды қасына шақырып алып, былай деді:— Билеушілері деп саналатындар қол астындағы халықтарды билеп-төстеп, төрелері де соларға қатаң әмір жүргізеді, соны білесіңдер. | |
Mark | Kaz | 10:43 | Бірақ сендердің араларыңда ондай болмасын! Керісінше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін! | |
Mark | Kaz | 10:45 | Себебі Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізу үшін емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеп жанымды қию үшін осы дүниеге келдім. | |
Mark | Kaz | 10:46 | Иса шәкірттерімен жол жүріп Иерихон қаласына жетті. Олар халықтың үлкен тобымен бірге қаладан шығып бара жатқанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді. Оның есімі Тімей ұлы Бартімей болатын. | |
Mark | Kaz | 10:47 | Бартімей өтіп бара жатқан Адамның назареттік Иса екенін естіп: «Дәуіттің Ұрпағы Иса, маған рақым ете көріңіз!» — деп айқайлай бастады. | |
Mark | Kaz | 10:48 | Көпшілігі оған ұрсып, үндемеуді бұйырды; бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы, маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды. | |
Mark | Kaz | 10:49 | Иса тоқтай қалып: «Шақырыңдар оны!» — деп бұйырды. Олар соқыр адамға: «Көтер еңсеңді, түрегел! Ол сені шақырып жатыр», — деді. | |
Mark | Kaz | 10:51 | Иса:— Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Зағип:— Ұстаз, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді. | |