MARK
Chapter 4
Mark | Kaz | 4:1 | Иса қайтадан көл жағасында тәлім бере бастады. Қасына жиналған халықтың көп болғаны сонша, Иса қайыққа мініп, көл бетінде отырды. Ал барша халық жерде, жағалауда болды. | |
Mark | Kaz | 4:4 | Ол сеуіп жүргенде, дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. | |
Mark | Kaz | 4:5 | Біраз тұқым топырағы аз тастақ жерге түседі. Топырақ жұқа болғандықтан, сол тұқымдар тез көктеп шығады. | |
Mark | Kaz | 4:7 | Тағы басқа дәндер тікен арасына түседі. Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Сондықтан сол дәндер де жеміс бермейді. | |
Mark | Kaz | 4:8 | Ал өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Бұлар көктеп шығып, қаулап өсіп, кейбіреулері отыз, басқалары алпыс, тіпті жүз еседен өнім береді. — | |
Mark | Kaz | 4:10 | Халық тарап кеткеннен кейін, төңірегіндегілер және он екі елшісі Исаға айтып берген астарлы әңгімесі туралы сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 4:11 | Иса оларға былай деп жауап берді:— Құдай өз Патшалығы туралы сырды білуді сендерге бұйырған. Бірақ сыртта қалғандарға барлығы тек астарлы әңгімелер арқылы ғана айтылады. | |
Mark | Kaz | 4:12 | Осылайша олар көріп тұрсын, алайда аңғармасын, естіп тұрсын, алайда түсінбесін. Әйтпесе олар теріс жолдарынан қайтып, күнәлары кешірілер еді. | |
Mark | Kaz | 4:13 | Содан кейін Иса тыңдаушыларына былай деді:— Бұл әңгімені түсінбей тұрсыңдар ма? Онда басқа да астарлы әңгімелердің бәрін қалай ұқпақсыңдар? | |
Mark | Kaz | 4:15 | Жол бойына түскендері мынадай жайтты бейнелейді: бірқатар адамдар Ізгі хабарды естісімен-ақ әзәзіл шайтан келіп, олардың жүректеріне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді. | |
Mark | Kaz | 4:16 | Сол секілді, тастақ жерге себілгендері мынаны көрсетеді: кейбіреулер Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, | |
Mark | Kaz | 4:17 | бірақ тамыр жаймағандықтан берік болмайды. Кейін Ізгі хабарға бола бастарына азап не қуғын түскенде, олар дереу сенімдерінен безіп кетеді. | |
Mark | Kaz | 4:18 | Тікен арасына себілген дәндер болса мынаны білдіреді: басқа адамдар Ізгі хабарды естиді, | |
Mark | Kaz | 4:19 | алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Өзге нәрселерге деген құмарлықтар да бойларына сіңеді. Сондықтан Ізгі хабар оларда ескерусіз қалып тұншығып, өнім бермейді. | |
Mark | Kaz | 4:20 | Ал құнарлы топыраққа себілген тұқымдар мынаны бейнелейді: бірсыпыра адам Ізгі хабарды тыңдап, қабылдайды. Кейбіреулері отыз, басқалары алпыс, тіпті жүз еседен өнім береді. | |
Mark | Kaz | 4:21 | Иса төңірегіндегі адамдарға тағы былай деді: «Адам шам жағып алып келіп, бір ыдыстың не төсектің астына бүркеп қоя ма? Қайта, оны шам қойғышқа қояды ғой. | |
Mark | Kaz | 4:24 | Иса оларға былай деп қосты: — Не тыңдағандарыңа назар аударыңдар! Қандай мөлшерде көңіл бөлсеңдер, өздеріңе сондай мөлшерде түсінік беріледі, тіпті үстемелеп те беріледі. | |
Mark | Kaz | 4:25 | Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады». | |
Mark | Kaz | 4:26 | Иса тағы да былай деді: «Құдайдың Патшалығы мынаған ұқсас: біреу егіндікке тұқым сеуіпті. | |
Mark | Kaz | 4:27 | Ол ұйықтап жатсын, не жүріп-тұрсын, бәрібір, тұқым күні-түні көктеп, өсе береді. Әлгі адам оның қалай өсіп жатқанын түсінбейді. | |
Mark | Kaz | 4:28 | Жер өздігінен алдымен көк өскінді, содан кейін масағын шығарып, соңынан масақтағы дәндерді өсіріп толыстырады. | |
Mark | Kaz | 4:30 | Бұдан кейін Иса былай деді: «Құдайдың Патшалығын немен салыстырып, қалай астарлап бейнелеуге болады? | |
Mark | Kaz | 4:32 | көктеп шығып өскенде барлық дәнді дақылдардан биік бұта болып, бұтақтарын кең жаяды. Сонда құстар ұшып келіп, оның саясында паналай алады». | |
Mark | Kaz | 4:33 | Осындай көптеген астарлы әңгімелермен Иса адамдардың тыңдай алғандарынша Ізгі хабарды уағыздады. | |
Mark | Kaz | 4:34 | Оларға астарламай еш нәрсені айтпады, бірақ Өзінің шәкірттеріне оңашада бәрін түсіндіріп отырды. | |
Mark | Kaz | 4:36 | Содан олар халықты қалдырып, қайықтағы Ұстазын өздерімен бірге алып кетті. Өзге қайықтар да Исаға ілесе шықты. | |
Mark | Kaz | 4:37 | Біраздан кейін сұрапыл дауыл көтеріліп, қайық толқынның астында қалып, суға тола бастады. | |
Mark | Kaz | 4:38 | Ал Иса қайықтың артқы жағында көпшік жастанып ұйықтап жатты. Шәкірттері Оны оятып: «Ұстаз, құритын болдық! Жағдайымызды ойламайсыз ба?» — деп айқайлады. | |
Mark | Kaz | 4:39 | Иса тұрып, желге тыйым салып, көлге де: «Тына қал, басыл!» — деп бұйырды. Сонда дауыл басылып, жым-жырт тыныштық орнады. | |
Mark | Kaz | 4:40 | Бұдан кейін Иса шәкірттеріне қарап: «Неліктен соншама қорқасыңдар? Әлі де сенімдерің жоқ па?» — деді. | |