Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
NUMBERS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 29
Numb Kaz 29:1  Жетінші айдың бірінші күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Сол күні жұмыс істемеңдер. Мейрам күні керней тартыңдар.
Numb Kaz 29:2  Жаратқан Иеге ұнамды да хош иісті құрбандықтар ретінде бір жас бұқа, бір қошқар, бір жылдық жеті еркек тоқтыны шалып, түгелдей өртеп жіберіңдер. Бұлардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:3  Оларға тиісті астық тартуын: жас бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі
Numb Kaz 29:4  және жеті тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:5  Ал жасаған күнәларыңның құнын өтеп, солардың арамдығынан тазаруларың үшін бір текені шалып ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:6  Осы айтылған мейрамдардағы арнайы құрбандықтар мен сый-тартулар белгіленген тәртіптеріне сай ұсынылатын мына кезекті құрбандықтарға қоса әкелінсін: айдың бірінші күні шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар мен оларға тиісті астық тартуы, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар мен оларға тиісті астық және сұйық тартулары. Бұлардың барлығы да — өртеліп ұсынылатын, Жаратқан Иеге ұнамды да хош иісті тартулар.
Numb Kaz 29:7  Жетінші айдың оныншы күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Сол күні Оған ерекше бой ұсынып ораза ұстаңдар, әрі ешқандай жұмыс істемеңдер!
Numb Kaz 29:8  Жаратқан Иеге түгелдей өртеліп ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту ретінде: бір жас бұқа мен бір қошқарды және бір жылдық жеті еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, өртеп жіберіңдер. Құрбандықтардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:9  Оларға тиісті астық тартуын: жас бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі,
Numb Kaz 29:10  жеті тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:11  Ал күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Айтылып кеткен құрбандықтар мен тартулар өздеріңді жасаған күнәларыңның арамдығынан тазартып, күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа қоса ұсынылсын. Сонымен қатар күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар мен оларға тиісті астық тартуын және осылардың барлығына тиесілі сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:12  Жетінші айдың он бесінші күні де Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіп, сол күні еңбектеніп жұмыс істемеңдер. Жеті күн бойы Жаратқан Иеге арнап мейрам өткізіңдер.
Numb Kaz 29:13  Сонда Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту ретінде он үш жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберіңдер. Құрбандықтардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:14  Оларға тиісті астық тартуын: он үш жас бұқаның әрқайсысы үшін — пұттың оннан үш бөлігі, екі қошқардың әрқайсысы үшін — пұттың оннан екі бөлігі,
Numb Kaz 29:15  он төрт тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыну керек.
Numb Kaz 29:16  Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:17  Мейрамның екінші күні он екі жас бұқа, екі қошқар, бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:18  Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:19  Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:20  Мейрамның үшінші күні он бір жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:21  Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:22  Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:23  Мейрамның төртінші күні он жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:24  Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:25  Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:26  Мейрамның бесінші күні тоғыз жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:27  Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:28  Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:29  Мейрамның алтыншы күні сегіз жас бұқа, екі қошқар, бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:30  Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:31  Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені де шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:32  Мейрамның жетінші күні жеті жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:33  Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:34  Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:35  Мейрамның сегізінші күні салтанатты жиналыс өткізіңдер. Сол күні еңбектеніп жұмыс істемеңдер.
Numb Kaz 29:36  Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту ретінде бір жас бұқа, бір қошқар және бір жылдық жеті еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберіңдер. Құрбандықтардың бәрі де мінсіз болсын.
Numb Kaz 29:37  Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар.
Numb Kaz 29:38  Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер.
Numb Kaz 29:39  Белгіленген мейрамдарыңның кезінде аталып өткен құрбандықтар мен сый-тартуларды Жаратқан Иеге ұсыныңдар. Оларды өздеріңнің Жаратқан Иеге ант еткен құрбандықтарыңа, ерікті сый-тартуларыңа, шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарыңа, астық және сұйық тартуларыңа әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңа қоса ұсыныңдар!»