I CHRONICLES
Chapter 17
I Ch | Kaz | 17:1 | Сонымен Дәуіт сарайына орнығып алғаннан кейін Натан пайғамбарға:— Мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Жаратқан Иенің Келісім сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. | |
I Ch | Kaz | 17:2 | Натан:— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Құдай сізге жар болады, — деп жауап берді. | |
I Ch | Kaz | 17:4 | — Қызметшім Дәуітке барып, оған хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: Жер бетіндегі тұрағым болу үшін Маған арнап үй салатын адам сен емессің. | |
I Ch | Kaz | 17:5 | Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. | |
I Ch | Kaz | 17:6 | Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған билерге ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін. | |
I Ch | Kaz | 17:7 | Ал енді, қызметшім Дәуітке былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Сені қой бағып жүрген жайылымнан алып, халқым Исраилдің басшысы болуға тағайындаған Менмін! | |
I Ch | Kaz | 17:8 | Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын. | |
I Ch | Kaz | 17:9 | Мен өз халқым Исраил үшін тұрақты орын дайындап, оларды сол жерге қоныстандырамын. Осы мекендерінде халқым тыныш өмір сүріп, бұдан былай ешкім оларды қорқытып, мазаламайтын болады. Зұлымдар оларға бұрынғыдай зорлық-зомбылық жасамайды. | |
I Ch | Kaz | 17:10 | Мен халқымды басқаратын билер тағайындаған заманнан бері де жауыздар солай істеулерін жалғастырып келеді. Ал енді Мен барлық жауларыңды саған бағындырамын.Жаратқан Ие саған тағы мынаны да айтады: Мен Өзім сенің шаңырағыңды бекітіп, әулетіңе де патшалық билік құрғызбақпын! | |
I Ch | Kaz | 17:11 | Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңа аттанғаныңда, Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. | |
I Ch | Kaz | 17:13 | Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Мен өзіңнен бұрынғы Саулдан оған деген рақымымды алып қойдым, бірақ сенің ұлыңнан рақымымды ешқашан алмаймын. | |
I Ch | Kaz | 17:14 | Мен оны өз үйім мен патшалығымда берік орнатамын, оның ұрпақтарының патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ. | |
I Ch | Kaz | 17:15 | Жаратқан Иенің аян беріп айтқан осы сөздерінің бәрін Натан пайғамбар Дәуітке айтып берді. | |
I Ch | Kaz | 17:16 | Сонда Дәуіт патша (киелі шатырға) кіріп, Жаратқан Иенің алдында отырып былай деді:— Уа, Құдай Жаратқан Ие, мені осылай дәріптейтініңдей менің өзім, шыққан әулетім соншама кімбіз? | |
I Ch | Kaz | 17:17 | Бірақ бұл Сен үшін әлі де аз болып көрінді, о, Құдай. Сен алдыңдағы пендеңнің қызметшіңнің келер ұрпақтарының болашағы туралы да айтып бердің. Сен маған көрнекті адам сияқты қарайсың, уа, Құдай Жаратқан Ие. | |
I Ch | Kaz | 17:18 | Қызметшің Дәуіт өзін салтанатқа бөлейтінің туралы Саған тағы не айта алады? Сен қызметшіңді жақсы білесің ғой. | |
I Ch | Kaz | 17:19 | О, Жаратқан Ием, алдыңдағы пендеңнің игілігі үшін және өз еркіңе сай, Сен осы ұлы істердің бәрін орындап, үлкен уәделерді ашық білдірдің. | |
I Ch | Kaz | 17:20 | Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ. | |
I Ch | Kaz | 17:21 | Сенің халқың Исраил сияқты жер бетінде қандай басқа халық бар еді? Себебі Сен, уа, Құдай, оны меншікті халқың болу үшін таңдап, Мысырдан азат етіп, көшіріп алдың. Олардың алдарында жүріп, ұлы кереметтер, үрей туғызатын ғажап істер жасап отырдың. Саған мойынсұнбайтын бөтен ұлттарды халқыңның алдынан уәделі елден қуып шықтың. Бұл істеріңмен Сен өз есіміңнің даңқын асырдың. | |
I Ch | Kaz | 17:22 | Осылай Исраилді әрдайым меншікті халқың болуға Өзің үшін бекітіп қойдың, уа, Жаратқан Ие, әрі олардың ғибадат ететін Құдайы болдың. | |
I Ch | Kaz | 17:23 | Ал енді, о, Жаратқан Ием, өз қызметшің мен оның әулеті туралы берген сөзіңді ұдайы бекітіп, уәдеңді орындайтын бола гөр. | |
I Ch | Kaz | 17:24 | Содан адамдар: «Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы — шынымен Исраилдің үстінен қарайтын Құдай!» дейтін болады. Әрдайым Сенің атыңның даңқы шығады және қызметшің Дәуіттің әулеті өз алдыңда нық тұрады. | |
I Ch | Kaz | 17:25 | Уа, Құдайым, Сен «шаңырағыңды бекітемін» деп маған ашық білдірдің. Сол себепті қызметшіңнің осылайша мінажат етуге батылы барды. | |