Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ISAIAH
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 25
Isai Kaz 25:1  Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен!Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен.Сондай керемет істерді жасадың,Өзің көп бұрын оларды жоспарладың,Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың.
Isai Kaz 25:2  (Бас көтерген) қаланы талқандадың,Қамалының күл-талқанын шығардың.Сол бөтен жердегі дұшпандарымыздыңСарайларын қайта салынбастай жойдың.
Isai Kaz 25:3  Сондықтан мықты халықтар Сені даңқтамақ,Қатыгез ұлттардың қалалары қорықпақ.
Isai Kaz 25:4  Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады,Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады,Оларға қорғаныш боласың дауылданӘрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаныСоққылаған боран
Isai Kaz 25:5  не шөлдің аптабыІспетті болды. Бірақ Сен, Ием менің,Бөгде жаулардың үндерін өшіртесіңҺәм мақтанған әндерін сол аяусыздардың,Қалың бұлттай салқындатқан күн аптабын.
Isai Kaz 25:6  Сион тауының басында Әлемнің Иесі барлық халықтарға арнап семіз ет пен жілік майынан, таңдаулы сусындардан мол дастарқан жайып, тамаша той дайындайды.
Isai Kaz 25:7  Осы таудың басында Ол барлық халықтардың беттерін жабатын пердені, күллі ұлттардың үстінен төніп тұрған жабынды ысырып тастайды.
Isai Kaz 25:8  Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.
Isai Kaz 25:9  Сол кезде адамдар былай дейтін болады:«Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз,Аңсап Оны Оған сенім артамыз,Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз,Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз,Оны аңсап Оған сенім артамыз.Енді бәріміз қатты қуанамыз,Бізді құтқарғанына шаттанамыз!»
Isai Kaz 25:10  Себебі Жаратқан Ие Сион тауының үстінен қолын жайып тұрып, қаланы жарылқайтын болады. Ал (қасарысып, Оған қарсы шыға берген) Моаб тыңайтқыш үшін шалшықта тапталған сабандай тапталатын болады.
Isai Kaz 25:11  Олар суда жүзбекші болған адамдай қолдарын сермейтін болады. Бірақ Жасаған Ие моабтықтарды төмен басады, әрі қолдарынан келген алдамшылығы мен әрі асқан өркөкіректігін тыйып қор қылады.
Isai Kaz 25:12  Ол Моабтың зәулім қамал қабырғаларын қиратып, солардың күл-талқанын шығарады.