GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 50
Gene | Kaz | 50:2 | Содан кейін ол өзіне қызмет жасап жүрген дәрігерлерге әкесінің денесіне май дәрі жағып бальзамдауға бұйырды. Олар Исраилдің мәйітіне қырық күн бойы хош иісті май дәрілер жақты, | |
Gene | Kaz | 50:3 | себебі бальзамдау үшін осыншама уақыт керек болатын. Мысырлықтар да Жақыпты жетпіс күн бойы жоқтап аза тұтты. | |
Gene | Kaz | 50:4 | Қаралы күндер аяқталғанда Жүсіп перғауынның уәзірлеріне:— Маған мейірімділік көрсетіп, перғауынға мынаны жеткізіңдер: | |
Gene | Kaz | 50:5 | әкем марқұм көзі тірісінде маған: «Біліп ал, мен жуырда өлемін. Сүйегімді өзім Қанахан жерінде дайындап қойған қабірге апарып қоярсың!» деп өсиеттеп, осылай істеуге менен ант алған еді. Сондықтан енді әкемнің мәйітін қабірге қою үшін сол жерге барып, қайтып келейін, — деп өтініш жасады. | |
Gene | Kaz | 50:6 | Мұны естіген перғауын Жүсіпке:— Әкеңе берген антыңа сай сол жаққа барып, сүйегін зиратқа қойып қайт! — деп рұқсатын берді. | |
Gene | Kaz | 50:7 | Сонымен Жүсіп жолға шықты. Оған перғауынның бүкіл нөкерлері — сарайындағы уәзірлері және Мысыр елінің рубасылары түгел ерді. | |
Gene | Kaz | 50:8 | Бұлармен бірге Жүсіптің үй іші, аға-інілері және әкесінің үйіндегі барлық адамдар ілесті. Гөшен елінде тек бала-шағалары мен ірілі-ұсақты малдары ғана қалды. | |
Gene | Kaz | 50:10 | Олар Иордан өзенінің арғы жағында орналасқан Горен-Ғатадқа жеткен соң жеті күн бойы марқұмды зор қастерлеп еңіреп жылап жоқтады. | |
Gene | Kaz | 50:11 | Жергілікті қанахандықтар Горен-Ғатадтағы жоқтауды көріп: «Мысырлықтар үлкен жоқтау жасап жатыр», — десті. Сол себепті Иорданның ар жағындағы бұл жер Әбел-Мысраим («Мысырлықтардың жоқтауы») деп аталып келеді. | |
Gene | Kaz | 50:13 | оның сүйегін Қанахан еліне, Ыбырайымның өз отбасының меншікті зираты ретінде хеттік Ефроннан сатып алған, Мамренің қасындағы Махпела егістігінде орналасқан үңгірге апарып қойды. | |
Gene | Kaz | 50:14 | Мұнан соң Жүсіп бауырларымен және өзіне еріп келген барлық адамдарымен Мысырға қайтып кетті. | |
Gene | Kaz | 50:15 | Әкелері өлген соң Жүсіптің ағалары бір-біріне: «Егер Жүсіп өзіне істеген жаман қылықтарымыз үшін бізден кек алатын болса қайтеміз?» — десті. | |
Gene | Kaz | 50:16 | Сол себепті олар Жүсіпке былай деп сәлем айтты:— Сіздің әкеңіз өлер алдында бізге мынаны тапсырып кетті: | |
Gene | Kaz | 50:17 | «Сендер Жүсіптен ағаларыңның өзіңе жасаған күнәлары мен жауыздық әрекеттерін кешіре гөр деп сұраңдар!» Енді сіз әкеңіз сиынатын Құдайдың біздей құлдарының күнәларын кешіре көріңіз! — Жүсіп бұл сөзді естігенде жылап қоя берді. | |
Gene | Kaz | 50:18 | Содан кейін ағалары Жүсіпке өздері келіп:— Сіздің құлдарыңызбыз, — деп, оның алдына жерге бас ұра жығылды. | |
Gene | Kaz | 50:20 | Сендер маған жамандық ойладыңдар, бірақ Құдай мұның бәрін жақсылыққа соқсын деп, осы арқылы көп адамдарды аштан өлуден аман сақтап қалуға ниет етті. Ол солай болды да. | |
Gene | Kaz | 50:21 | Сондықтан қорықпаңдар, мен сендерге де, балаларыңа да қамқор боламын, — деді. Осылай жылы сөйлесіп, ағаларының көңілдерін орнықтырды. | |
Gene | Kaz | 50:23 | Ол Ефремнің үшінші ұрпағынан шөпшек ұлдарын да көріп, Манасадан туған Махирдың ұлдарын бауырына басты. | |
Gene | Kaz | 50:24 | Жүсіп бауырларына: «Мен жуырда дүниеден қайтамын. Алайда Құдай рақымшылық жасап, сендерді осы елден сөзсіз алып шығып, Өзі Ыбырайымға, Ысқаққа және Жақыпқа ант беріп, уәде еткен еліне бастап апаратын болады», — деді. | |
Gene | Kaz | 50:25 | Сол себепті Жүсіп Исраилдің ұрпақтарынан ант алып: «Құдай рақымын түсіріп, сендерді ешбір шүбәсіз осы жерден алып шығатын болады. Сол кезде менің сүйегімді де өздеріңмен бірге осы жерден ала кетіңдер!» — деп өсиеттеді. | |