Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
II SAMUEL
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 23
II S Kaz 23:1  Мынау Дәуіттің соңғы өсиеті,Есей ұлының пайғамбарлық сөздері,Жақып сенген Құдай тағайындаған,Мәртебесін көтерген патшасының —Исраилдің сүйікті жыршысыныңКелер ұрпаққа қалдырған өсиеті.
II S Kaz 23:2  Мен арқылы Жаратқанның Рухы сөйледі,Аузымнан Оның сөзі шығып келді.
II S Kaz 23:3  Исраил арқа сүйер жартас — ҚұдайМаған бірде былай деп айтқан еді:Халықты әділдікпен басқарушы,Құдайды қастерлеп билік құрушы —
II S Kaz 23:4  Бұлтсыз аспандағы таңғы шапақтай,Жерден көк шөп өсіріп шығаратынЖаңбырдан кейінгі күн нұрындай.
II S Kaz 23:5  Менің әулетімді Құдай бекіткен,Мәңгі Келісім жасады Ол меніменБарлық жағынан да толық реттелген.Құдай бұл уәдесін нақты бекіткен,Әлде Ол мені ұдайы қорғамай ма,Бар жүрек қалауымды сыйламай ма?
II S Kaz 23:6  Ал сұмдар Құдайға жақындамайды,Олар адамдар қолына да алмайтынПайдасыз тікенектерге ұқсайды.
II S Kaz 23:7  Соларды құртпақ болғандар бұл үшінТемір құрал, найза сабын қолданады,Жатқан жерлерінде өртеп жояды.
II S Kaz 23:8  Дәуіттің батырларының аты-жөндері мыналар:Ахаман ұлы Яшобам-Бәсебет, ол Үш батырдың басшысы болды. Бір шайқаста ол сегіз жүз жау сарбазын сүңгісімен түйреп өлтірген еді.
II S Kaz 23:9  Үш батырдың екіншісі Ахоахтың ұрпағы Додайдың ұлы Елазар болатын. Ол Дәуіттің қасында жүріп (Пас-Даммим деген жерде) шайқасқа жиналып тұрған філістірлерді менсінбей оларға тойтарыс берді. Исраилдік жасақшылар жаудан шегінгенмен,
II S Kaz 23:10  Елазар сол жерде берік тұрды. Філістірлерді соққылай бергеннен қолы әбден шаршап, семсеріне қарысып қалды. Сол күні Жаратқан Ие оны үлкен жеңіске жеткізді. Әскер жасағы Елазарға қайта оралғанда, оларға өлгендердің қару-жарақтарын олжалаудан басқа жұмыс болмады.
II S Kaz 23:11  Одан кейінгі батыр харарлық Аге ұлы Шаммах. Філістірлер бірде (Лехиде) бұршақ бітік шыққан бір егістіктің қасына жиналған еді. Исраилдің жасағы олардан қашып кетті.
II S Kaz 23:12  Бірақ Шаммах егістіктің ортасында тұрып алып, філістірлерді қырып-жойып, егістікті аман сақтап қалды. Осылайша Жаратқан Ие Шаммахты үлкен жеңіске жеткізді.
II S Kaz 23:13  Егін орағы кезінде Отыз басты жауынгердің үшеуі Адуллам үңгірінде тұрып жатқан Дәуітке келді. Осы кезде філістір әскерінің бір бөлігі Рефаим аңғарында қостарын тікті.
II S Kaz 23:14  Бетлехемде де олардың қарауылдары орналасқан еді. Ал Дәуіт жасырынып, бекінуге ыңғайлы таулы жерді паналап жүрді.
II S Kaz 23:15  Сонда Дәуіт: «Шіркін, маған біреу Бетлехемдегі қала қақпасының жанындағы құдықтан су әкеліп берсе ғой!» — деп аңсады.
II S Kaz 23:16  Үш батыр філістір әскер қостарынан білдіртпей өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су тартып алып, Дәуітке әкелді. Бірақ Дәуіт суды ішкісі келмей, оны Жаратқан Иеге сұйық тарту іспетті бағыштап жерге төгіп тастап:
II S Kaz 23:17  «Жаратқан Ие мені мұны істеуден сақтай көрсін! Мен бұл суды қалай ішемін? Ол бастарын өлімге тігіп, оны алып келген адамдардың қаны іспетті ғой!» — деді. Содан Дәуіт суды ішуден бас тартты. Міне, Үш батырдың ерлік істері осындай болды.
II S Kaz 23:18  Зеруяның ұлы Жоғабтың туған інісі Әбішай Отыз батырдың басшысы еді. Әбішай сүңгісімен үш жүз жауын түйреп өлтіріп, Үш батырдікіндей атақты иемденді.
II S Kaz 23:19  Басқа Отыз батырдан да даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбішай Үш батырдың дәрежесіне жете алмады.
II S Kaz 23:20  Кәбіселдік Еходай ұлы Бенаях та ерлік істер жасаған мықты жауынгер болды. Арыстандай күшті екі моабтық жауынгердің көздерін жойған сол еді. Бенаях қар жауып тұрған бір күні ұраға түсіп, оның ішіндегі арыстанды өлтірді.
II S Kaz 23:21  Бенаях бір алып мысырлықтың да көзін құртты. Мысырлықтың қолында сүңгі болса да, Бенаях оған қарсы бір таяқпен ғана шығып, мысырлықтың қолынан сүңгісін тартып алып, оны сонысымен түйреп өлтірді.
II S Kaz 23:22  Еходай ұлы Бенаяхтың ерлік істері осындай еді. Жаңағы Үш батыр сияқты ол да даңқты жауынгер болатын.
II S Kaz 23:23  Отыз батырдың ішіндегі ең даңқтысы сол еді, алайда Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Дәуіт Бенаяхты өзінің ұлан бөлімдерінің басшысы етіп қойды.
II S Kaz 23:24  Атақты Отыз батыр мыналар болатын:Жоғабтың туған інісі Асахил, бетлехемдік Додо ұлы Елханан,
II S Kaz 23:25  хародтық Шаммах, хародтық Елика,
II S Kaz 23:26  пәлеттік Хелес, текоялық Икеш ұлы Ирақ,
II S Kaz 23:27  анатоттық Әбиезер, хушалық Сипхай,
II S Kaz 23:28  ахоахтық Салмон, нетопаттық Маһарай,
II S Kaz 23:29  нетопаттық Бағанах ұлы Хелеп, Буняминдегі гибеялық Рибай ұлы Іттай,
II S Kaz 23:30  пиратондық Бенаях, нахале-ғағаштық Хиддай;
II S Kaz 23:31  арбаттық Әби-Албон, бахуримдік Азмаует,
II S Kaz 23:32  шағалбондық Әлиахпа, Яшеннің ұлдары,
II S Kaz 23:33  харарлық Шаммах ұлы Жонатан, харарлық Шарар ұлы Ахиям,
II S Kaz 23:34  мағахаттық Ахасбай ұлы Әліпәлет, ғилолық Ахитопел ұлы Елиям,
II S Kaz 23:35  кәрмелдік Хесрай, әрабтық Пағарай,
II S Kaz 23:36  собалық Натан ұлы Иғал, ғадтық Бани,
II S Kaz 23:37  аммондық Селек, Сарұяның ұлы Жоғабтың қару-жарағын тасушы бероттық Нахарай,
II S Kaz 23:38  итірлік Ирақ, итірлік Гәреб және
II S Kaz 23:39  хеттік Ұрия.Батырлардың жалпы саны отыз жеті болды.