Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 2
Prov Kaz 2:1  Балам, егер сөздерімді қабылдасаң,Һәм жадыңда өсиеттерімді сақтасаң,
Prov Kaz 2:2  Құлағың даналыққа ұдайы түрік болса,Әрі жан дүниең парасатқа дайын тұрса,
Prov Kaz 2:3  Егер де білім мен парасатты шақырсаң,
Prov Kaz 2:4  Көмілген күміс пен қазынадай іздесең,
Prov Kaz 2:5  Сонда Жаратқан Иені қастерлеуді ұғарсың,Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың.
Prov Kaz 2:6  Себебі Жаратушы даналық сыйлар,Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,
Prov Kaz 2:7  Әділдерге Ол парасатты сақтап, ұсынар,Кінәратсыз жүргендерді қалқандай қорғар.
Prov Kaz 2:8  Ақиқат жолын Тәңір Ие назарында ұстар,Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар.
Prov Kaz 2:9  Осылай әділ, тура, ақ дегеннің мәнін ұғарсың,Ізгі жолдың қайсы екенін таба аларсың.
Prov Kaz 2:10  Өйткені даналық жан дүниеңе енер,Білім де жаныңды қуанышқа кенелтер,
Prov Kaz 2:11  Сонда сені ақыл-парасат аман сақтар,Дұрыс түсінік те әрдайым бақылап қорғар.
Prov Kaz 2:12  Даналық сені құтқарып алар теріс жолданЖәне жалғандық айтушының ықпалынан,
Prov Kaz 2:13  Тура жолдан тайып, түнекте жүргендерден
Prov Kaz 2:14  Әрі жамандық жасағанға қуанатындардан,Зұлымдықтың азғындығына шаттанатындардан,
Prov Kaz 2:15  Жүрген жолдары қисық, адасқан сол жандардан.
Prov Kaz 2:16  Даналық сені сақтайды бұзылған әйелден,Жеңіл жүрісті оның жағымпаз сөздерінен.
Prov Kaz 2:17  Ол жастайынан қосылған қосағынан бас тартқан,Құдайының Келісімін есінен шығарған.
Prov Kaz 2:18  Оның үйіне кіргендер өлім жолына түсер,Оның жолымен жүргендер о дүниеге жетер.
Prov Kaz 2:19  Оған барған пенделер қайтып келмес,Шынайы өмірдің жолына енді түспес.
Prov Kaz 2:20  Сондықтан жүр ізгілердің ізіменен,Лайым жүр әділдердің жолыменен!
Prov Kaz 2:21  Себебі әділдер елді мекендейді,Кінәратсыздар сонда тұра береді.
Prov Kaz 2:22  Ал зұлымдар елден аластатылады,Опасыздар түп-тамырымен құртылады.