JOB
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
Chapter 14
Job | Kaz | 14:2 | Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады, өткінші көлеңкедей болған жерінде қала алмайды. | |
Job | Kaz | 14:3 | Мендей пендеге көз алмастан қарайсың ба? Жауап алу үшін мені өз алдыңа әкелуің керек пе? | |
Job | Kaz | 14:5 | Сен пенденің өмір сүретін күндері мен айларының санын есептеп белгіледің, содан ешкім де аса алмайтын шек те қойдың. | |
Job | Kaz | 14:6 | Ендеше назарыңды басқа жаққа аударып, пендені жайына қалдыра гөр. Жалшының жұмыс күнінің аяқталғанына қуанатынындай, пенде де өмірінің рақатын көріп шаттансын. | |
Job | Kaz | 14:10 | Бірақ мықты деген адам да өлгенде бар күшінен айырылады. Ақырғы демін шығарғаннан кейін ол қайда болады? | |
Job | Kaz | 14:12 | адам да қабірде жатқанда қайта тұрмайды. Аспан жоғалып кетпейінше ол оянбайды да, ұйқыда қозғалмастан жата береді. | |
Job | Kaz | 14:13 | Мені о дүниеде аман-есен жасырып қойсаң екен! Қаһарың басылғанша мені тыға тұрсаң ғой! Мен үшін бір уақытты белгілеп, содан соң есіңе алып, мені құтқарсаң, шіркін! | |
Job | Kaz | 14:14 | Адам өлген соң, қайтадан тіріле ме? Олай болса, мен бейнетке толы қызметімнің бар күндерінде өз орнымды басып азабымнан құтқаратын біреудің келуін зарыға күтер едім. | |
Job | Kaz | 14:15 | Сонда Сен Өзің жаратқан мені қайтадан көргің келген кезіңде шақырып, мен Саған жауап берер едім. | |
Job | Kaz | 14:16 | Сен қазір әр қадамымды санап келсең де, енді қайтып маған күнә жасай ма екен деп мұқият бақыламас едің. | |
Job | Kaz | 14:17 | Қайта, Сен теріс қылықтарымды дорбаға салып, мөрлеп, барлық күнәларымды әкпен ағартқандай жауып тастар едің. | |
Job | Kaz | 14:19 | судың тасты мүжіп, тасқын судың жердің топырағын шайып әкететініндей, Сен де пенденің үмітін құртасың. | |
Job | Kaz | 14:20 | Сен пендеден біржола басым болып, ол кетіп қалады. Ажалмен оның сиқын бұзып, оны бұ дүниеден қайтарып жібересің. | |
Job | Kaz | 14:21 | Бұдан былай балалары абыройлы ма, ол содан хабарсыз, әлде олар елеусіз бе, оны да біле алмайды. | |