JOB
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
Chapter 20
Job | Kaz | 20:7 | бәрібір малдың қиы сияқты лақтырылып тасталмай ма? Оның таныстары: «Қайда екен ол?» дейтін болады. | |
Job | Kaz | 20:8 | Зұлым адам түс сияқты ғайып болып, ешкім таба алмай қалады, түнде көрген елестей жоғалып кетеді. | |
Job | Kaz | 20:10 | Зұлымның балалары кедейлерден қайыр сұрайды, өйткені ол алдау-арбаумен жинаған дүние-мүлкін өз қолымен қайтарып беруге мәжбүр болды. | |
Job | Kaz | 20:14 | онысы асқазанында быршып ашиды. Сөйтіп күнә арсыздың ішінде жыланның уы болып шыға келеді. | |
Job | Kaz | 20:15 | Ол небір байлықты жұтқан еді, енді соның бәрін құсып тастайды. Оны ішінен шығаратын Құдайдың Өзі болады. | |
Job | Kaz | 20:18 | Бейнетпен қолға түсіргенін жей алмай, қайтаруы қажет болады, саудасының түсімінің де пайдасын көрмейді. | |
Job | Kaz | 20:19 | Өйткені ол кедейді қанап, шарасыз жағдайында қалдырып кететін, өзі салмаған үйлерді тартып алатын. | |
Job | Kaz | 20:20 | Ашқарақтығы маза бермейтіндіктен, өзі сүйсінетін нәрселерінің ешқайсысын сақтап қала алмайды. | |
Job | Kaz | 20:22 | Дәулетке кенеліп отырған кезінде басына пәле түседі. Өкпелеген әркім оған қарсы қолын көтереді. | |
Job | Kaz | 20:23 | Арсыздың қарнын толықтай толтыру үшін, Құдай лаулаған қаһарын оған бағыттап, пәлені жаңбырдай лақ еткізіп төгеді. | |
Job | Kaz | 20:24 | Зұлым адам темір қарудан қашып құтылып кетсе де, қола ұшты жебе оны түйреп өтетін болады. | |
Job | Kaz | 20:25 | Соның жылтыраған ұшы денесін тесіп өтіп, арқасынан шыға келмек. Сондықтан ол өлімнен қорқып, зәресі ұшады. | |
Job | Kaz | 20:26 | Өзіне ерекше қымбат нәрселер түнекте жоғалмақ. Адам үрлемеген от зұлымды жалмайды. Оның үйінде қалған нәрселер де өртеніп кетеді. | |
Job | Kaz | 20:28 | Құдай қаһарланып, жазалайтын күні тасыған өзен зұлымның үйіндегі бар өнімін ағызып әкетіп, жоқ қылады. | |