JOB
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
Chapter 22
Job | Kaz | 22:2 | — Күшті адамның Құдайға келтірер пайдасы бар ма? Ең дана деген пенде Оған пайдалы бола ала ма? | |
Job | Kaz | 22:3 | Тіпті сен өзің әділ болсаң, құдіреті шексіз Тәңірді соныңмен қандай ризашылыққа кенелтер едің? Іс-әрекетің мінсіз болса, Оған келер пайда не болмақ? | |
Job | Kaz | 22:4 | Құдайдың өзіңе осылайша айып тағып, соттағаны сенің Оны терең қастерлегенің үшін дейсің бе?! | |
Job | Kaz | 22:5 | Қайта, ол аса зұлым болғаныңнан емес пе? Істеген зұлымдықтарыңның еш шегі жоқ болса керек! | |
Job | Kaz | 22:6 | Сен бейшара ағайындарыңнан алған қарызына еш себепсіз кепілдік талап етіп, киімі аз олардың қолдарындағы барын да тартып алғансың. | |
Job | Kaz | 22:13 | Бірақ сен сонда да: «Құдай не білуші еді? Мұндай қою түнек арқылы Ол адамзатты қалай соттай алушы еді? | |
Job | Kaz | 22:14 | Қалың бұлттар Оның төңірегін тұмшалап алған, аспан күмбезін айнала шарлап жүріп Ол түк көрмейді!» дейсің. | |
Job | Kaz | 22:16 | Олар осы дүниеден уақытынан бұрын аластатылып, түпнегіздері тасыған сумен шайылып кетті. | |
Job | Kaz | 22:17 | Сол зұлымдар Құдайға: «Қасымыздан аулақ кетші!» дейтін, әрі: «Құдіреті шексіз Тәңір бізге не істей алар екен?» деп бөсетін. | |
Job | Kaz | 22:18 | Бірақ Құдай солардың үйлерін игілікке толтырған еді ғой! Ал мен зұлымдардың мұндай ойларынан аулақ жүремін. | |
Job | Kaz | 22:20 | «Дұшпандарымыз шынымен қырылды, арттарынан қалғанды от жалмады!» деп арсыздарды келемеждейді. | |
Job | Kaz | 22:22 | Құдайдың аузынан шыққан тәлімді қабылдасаңшы! Оның айтқан сөздерін жүрегіңе сақтап қойсаң екен! | |
Job | Kaz | 22:23 | Егер құдіреті шексіз Тәңірге қайтадан бет бұрсаң, Онымен қарым-қатынасыңды қалпына келтіресің. Сондықтан үй ішіңнен зұлымдықты аластат! | |
Job | Kaz | 22:25 | онда құдіреті шексіз Тәңірдің Өзі сенің қазынаң болады. Ол саған таңдаулы күмісіңдей қымбат болмақ. | |
Job | Kaz | 22:26 | Сонда сен құдіреті шексіз Тәңірмен қарым-қатынасыңа қуанып, жарқын жүзбен Құдайға қарайтын боласың. | |
Job | Kaz | 22:27 | Сен Оған сиынып, Ол саған құлақ асады, әрі өзің де Оған берген уәделеріңді орындайсың. | |
Job | Kaz | 22:29 | Біреудің басына ауыртпалық түскенде, сен «Оны қолдай гөр!» деп сиынасың. Сонда Құдай сол бейшараны аман сақтап қалады. | |